Әуезов ауданы әкімі аппаратының коммуналдық шаруашылық бөлімі туралы ЕРЕЖЕ

Әуезов ауданы әкімі аппаратының

коммуналдық шаруашылық бөлімі туралы

ЕРЕЖЕ

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Аудан әкімі аппаратының коммуналдық шаруашылық бөлімі (бұдан әрі мәтін бойынша - Бөлім) «Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппараты» Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Бөлім өз жұмысын атқару барысында Қазақстан Республикасы Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, басқа да нормативтік құқықтық актілерін және осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Бөлімнің құрылымы мен штат санын Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасы негізінде бекітеді (бұдан әрі – аудан Әкімі).
  4. Бөлім:

1) басшы;

2) бас маман;

3) бас маман;

4) бас маманнан тұрады.

 

  1. Бөлімнің негізгі қызметтері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. Міндеті: су құбырлары, су бұру, электр, газ, жылу және телекоммуникациялық желілердегі құрылыс-монтаж және пайдалану жұмыстарының орындалуын үйлестіру.

Функциялары:

1) тұрғындарға сумен жабдықтау және су бұру бойынша сапалы қызметтерді көрсету, өткізу мүмкіндігін ұлғайта отырып, су құбырларының құрылысын ұйымдастыру, сондай-ақ инженерлік желілерді пайдаланудың кешенді жұмыстарын жүргізу;

2) тұрғындарға газбен жабдықтау, жылумен жабдықтау, ыстық су беру бойынша сапалы қызметтер көрсету, газ құбырлары, газ реттеу пункттері, жылу желілері бойынша техникалық қызмет көрсету жұмыстарын ұйымдастыру, сондай-ақ газ шаруашылығын және жылу желілерін жылыту кезеңіне дайындау жұмыстарын жүргізу;

3) тұрғындарға электрмен жабдықтаудың сапалы қызметтерін көрсету, электр берілісінің тозған желілерін ауыстыру жұмыстарын ұйымдастыру, трансформаторлық қосалқы станциялардың қуаттарын ұлғайту, сондай-ақ электр электр желілерін пайдаланудың кешенді жұмыстарын жүргізу;

  1. Міндеті: кондоминиум нысандарының санитарлық тазалығын және көріктендірілуін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жүргізу.

Функциялары:

1) ПИК-імен (пәтерлердің меншік иелерінің кооперативі) тұрғын     үй–коммуналдық шаруашылық саласында өзара іс-қимыл жасасу;

2) кондоминиум нысандарын көріктендіру (аулалық алаңдарды күрделі жөндеу), жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстарын ұйымдастыру;

3) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы  инфрақұрылымды жақсарту жөніндегі мемлекеттік және қалалық бағдарламаларға («Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту», «Аулалық аумақтарды көріктендіру және көгалдандыру» «Қауіпсіз қала» және  т.б) қатысу;

4) жер қазу жұмыстарының жүргізілуі және тротуарлардың, жол жабындарының, жасыл желектердің уақытылы қалпына келтірілуі бойынша  мониторингті жүзеге асыру;

5) ауданның коммуналдық қызметтерін көрсетушілермен бірлесе отырып, дебиторлық қарызды төмендету жұмыстарын ұйымдастыру;

6) бөлімінің құзыретінің шегінде аудан әкімінің өкімдерін, шешімдерін дайындауға қатысу;

7) Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес хаттармен және өтініштермен жұмысты жүзеге асыру.

 

  1. Құқықтары мен міндеттері:

- бөлімнің функцияларын орындау үшін аудандық қызметтерден, бөлімшелерден, құқық қорғау органдарынан және басқа да мемлекеттік органдардан, аппараттың бөлімдерінен, мекемелерден, ұйымдардан белгіленген тәртіпке сәйкес мәліметтерді, ақпараттарды, материалдарды, анықтамаларды және басқа да құжаттарды сұратып алу;

- бөлімнің жүргізуіне жатқызылған мәселелер бойынша аудан әкімі өткізетін мәжілістерге және басқа да іс-шараларға қатысу;

- бөлімнің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша аудан  әкімінің қарауына ұсыныстар енгізу;

- бөлімнің қызметкерлеріне тиісінше еңбек жағдайларын жасау және олардың біліктілігін көтеру;

- өзінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде қызметтердің, бөлімшелердің және аудан әкімі аппаратының мамандарын қатыстыру;

- осы Ережемен бөлімге жүктелген міндеттерді, қызметтерді және  құқықтарды сапалы, уақытылы орындау.

 

  1. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

 

  1. Бөлім заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен қызметтерін жүзеге асыру үшін  қажетті өкілеттіктеріне ие.
  2. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпке сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметінен босатылатын басшы жетекшілік етеді.
  3. Бөлімінің басшысы Бөлімінің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы және өзінің қызметтерінің жүзеге асырылуы үшін оған дербес жауапкершілік жүктеледі.
  4. Бөлімнің басшысы аппараттың басшылығына құрылымдық бөлімшенің құрылымы және штат кестесі бойынша ұсыныстар енгізеді.
  5. Бөлімнің атынан Бөлімнің құзыретіне енетін мәселелер бойынша басқа бөлімдерге жолданатын құжаттарға Бөлімнің басшысы қол қояды, ал ол орнында болмаған уақытта оның міндетін атқаратын адам қол қояды.
Дата публикации
27 августа 2020