Әуезов ауданы әкімі аппаратының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі туралы ЕРЕЖЕ

Әуезов ауданы әкімі аппаратының

азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі туралы

ЕРЕЖЕ

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Аудан әкімі аппаратының әлеуметтік сала бөлімі (бұдан әрі мәтін бойынша - Бөлім) «Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппараты» Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Бөлім өз жұмысын атқару барысында Қазақстан Республикасы Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, басқа да нормативтік құқықтық актілерін және осы Ережені басшылыққа алады, қолданыста гербілі мөрі бар.
  3. Бөлімнің құрылымы мен штаттық саны Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімімен бекітіледі (әрі қарай – аудан Әкімі).
  4. Бөлім

1) басшы;

2) бас маман;

3) бас маманынан тұрады.

 

  1. Бөлімнің негізгі қызметтері, функциялары, құқықтары және міндеттері

 

  1. Міндеті: Қазақстан Республикасының азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы заңнамасының орындалуын қамтамасыз ету.

          Функциялары:

           1) Қазақстан Республикасының заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінің, мәслихаттын, қала әкімдігінің және әкімінің, аудан әкімінің актілерінің орындалуын және іске асырылуының жағдайының зерделенуін қамтамасыз етеді;

           2) неке-отбасылық заңнаманы насихаттау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары және телевидение арқылы семинар сабақтарының  үйретулердің өткізілуін, сөз сөйлеулерді, мақалалардың жариялануын ұйымдастырады;

           3) бөлімінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша заңнаманың қолданылуының тәжірибесін талдайды, оны жетілдіру бойынша белгіленген тәртіпке сәйкес ұсыныстар береді;

           4) сот мәжілістеріне қатысады, және сот органдарына азаматтық хал актілерінің тіркелуі мәселелері бойынша әкім аппаратының мүдделерін білдіреді;

           5) азаматтардың мүліктік және жеке құқықтарын, мемлекеттін мүдделерін қорғау мақсатында азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде заңнаманың сақталуын қамтамасыз етеді;

           6) заңға сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді жүргізеді.

  1. Міндеті: азаматтық хал актілерін тіркеу саласында мемлекеттік қызметтер көрсету.

 

           Функциялары:

           1) «Азаматтық Хал Актілерін Жазу Тіркеу Пункті» Ақпараттық Жүйесінде азаматтық хал актілерінің жазбаларын мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етеді;

           2) баланың тууын, әке болуды анықтауды, неке қиюды, некені бұзуды, бала асырап алуды, атын, әкесінің атын және тегін ауыстыруды, қайтыс болуды мемлекеттік тіркеуді жүргізеді;

          3) тегін, атын, әкесінің атын өзгерту туралы істі қалыптастырады және қорытындысын әзірлейді;

          4) азаматтық хал актілерінің жазбасына өзгертулер, түзетулер, толықтырулар енгізу туралы,  азаматтық хал актілерінің жоғалған жазбаларын қалпына келтіру және күшін жою туралы істерді қалыптастырады және қорытындыларын әзірлейді;

          5) неке жасын төмендету туралы істі қалыптастырады және қорытындыны әзірлейді;

          6) заңнамамен белгіленген мірзімін  бұзып баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы істі қалыптастырады, қорытындыны әзірлейді;

          7) азаматтық хал актілерін тіркеу туралы акт жазбаларының бірінші даналарынан мұрағаттық қорын қалыптастыруды және оны есепке алуды, сақталуын қамтамасыз етеді, азаматтық хал актілерінің электрондық мұрағаттық қорын қалыптастырады;

          8) азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер мен анықтамалар береді;

          9) азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қатаң есептегі гербілі бланкілерін бақылау, сақтау және пайдалану бойынша жұмыстарыды жүзеге асырады;

  1. Міндеті: статистикалық есептілікті жүргізу.

          Функциялары:

  • аудан әкімдігіне,   Алматы   қаласы    әкімі    аппаратының       мемлекеттік

көрсетілетін қызметтерді бақылау және ақпараттық технологияларды дамыту бөліміне,    Алматы қаласы Әділет департаменті Азаматтық хал актілерін тіркеу  мен

апостиль қоюды әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөліміне, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне белгіленген мерзімде азаматтық хал актілерін тіркелуі және мемлекеттік қызметтердің көрсетілуі туралы есептердің берілуін қамтамасыз етеді;

  • Алматы қаласы Статистика департаментіне статистикалық      есептіліктің        

уақтылы  берілуін қамтамасыз етеді;

          3)  өз құзыретінің шегінде нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын, бөлімінің жұмыс жағдайларын жақсарту жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді және аудан әкімінің, Алматы қаласы Әділет департаменті Азаматтық хал актілерін тіркеу  мен апостиль қоюды әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің қарауына енгізеді;

          4) азаматтарды қабылдауды ұйымдастырады, олардың азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері жөніндегі  өтініштерін уақтылы қарайды және олар бойынша тиісті шешімдер қабылдайды.

 

 

 

  1. Құқықтар мен міндеттері:

          - бөлімінің құзыретіне енетін мәселелер бойынша жұмысты орындауға қажетті мәліметтерді, ақпараттарды, материалдарды және басқа да құжаттарды аудандық қызметтерден, бөлімшелерден сұратып алады;

          - бөлімінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша аудан әкімінің мәжілістеріне, басқа да мемлекеттік органдар өткізетін мәжілістер мен басқа да іс-шараларға қатысады;

          - бөлімінің құзыретіне енетін мәселелер бойынша аудан әкімінің қарауына ұсыныстар енгізеді;

          - бөлімінің қызметкерлеріне тиісті еңбек жағдайларын жасау және олардың біліктілігін көтеру;

          - өзінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде қызметтердін, бөлімшелердің, аудан әкімі аппаратының мамандарын қатыстыру;

          - осы Ережемен бөлімге жүктелген міндеттерді, функцияларды және құқықтарды сапалы, уақтылы орындайды.

 

  1. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

 

  1. Жұмысты жүзеге асыру барысында бөлім Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін және басқа да нормативтік құқықтық актілері заңдылық қағидатын басшылыққа алуға өкілетті.
  2. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесін Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен жұмысқа тағайындалатын және босатылатын басшы басқарады.
  3. Бөлім басшысы бөлімнің жұмысына жалпы басшылықты қамтамасыз етеді және бөлімге тапсырылған міндеттер мен олардың орындалуына тікелей жеке жауапты болып табылады.
  4. Бөлім басшысы аппарат басшысына бөлімшенің штаттық кестесін және құрылымын ұсынады.
  5. Бөлімнен басқа бөлімге жіберілетін құжаттар мен хаттарға бөлім басшысы, егер ол болмаған жағдайда уақытша міндетін атқарушы қол қояды.

 

Дата публикации
27 августа 2020