Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратының
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің
ЕРЕЖЕСІ
- Жалпы ережелер
- Аудан әкімі аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі (бұдан әрі мәтін бойынша – бөлім) «Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
- Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Қазақстан Республикасындағы мәдениет туралы», «Қазақстан Республикасындағы дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасының Президентінің, мәслихатының, әкімдігі мен Алматы қаласы әкімінің, аудан әкімінің актілерін, Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын, «Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені және осы Ережені басшылыққа алады.
- Бөлімнің құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аудан әкімі бекітеді.
Бөлім:
1) бөлім басшысынан;
2) бөлім бас маманынан;
3) бөлім бас маманынан тұрады.
Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері
- Міндеті: ауданда ұлттық, мемлекеттік, кәсіби және өзге де мерекелерді ұйымдастыру және өткізу.
Функциялары:
- ұлттық идеологияны насихаттау шеңберінде мемлекеттік, кәсіптік және басқа да мерекелерді ұйымдастыру және өткізу;
- көрнекті тұлғалардың мерекелік күндері мен мерейтойларын ұйымдастыру және өткізу;
- мерекелік атрибуттар мен іс-шаралар өткізілетін жерлердің тулары бойынша қызметті үйлестіру;
- бұқаралық ақпарат құралдарын, кәсіпорындар, бөлімдер, қызметтер, ұйымдар мекемелерінің басшыларын тарта отырып, өз құзыреті шегінде ғылыми-практикалық конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар, баспасөз конференцияларын, акциялар мен басқа да іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
- әлеуметтік-экономикалық бағытта ауданның дамуы мен қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысқан аудан тұрғындары мен қызметкерлері үшін аудан әкімінің Құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын әзірлеу;
- бекітілген іс-шаралар жоспары шеңберінде ауданның мәдени-бұқаралық іс-шараларына дайындау және қатысу, қала өткізетін мәдени-бұқаралық іс-шараларға белсенді қатысу;
- әлеуметтік желілерде өткізілген іс-шаралар туралы есептерді жариялау;
- Міндеті: ауданда тілдерді дамыту және ономастика саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша шараларды іске асыру.
Функциялары:
- тіл саясатын, спорт пен туризмді насихаттау мақсатында ішкі саяси тұрақтылықты, азаматтық бейбітшілік пен ұлтаралық келісімді нығайтуға, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуге бағытталған іс-шараларды, дөңгелек үстелдер, семинарлар, конференциялар, кездесулер, конкурстар ұйымдастыру және өткізу;
- мемлекеттік тілді дамыту және қолдану бойынша жұмыстарды жүргізу, мемлекеттік қызметшілер мен аудан тұрғындарының қазақ және ағылшын тілдері курстарына баруын қамтамасыз ету;
- ауданда орналастырылатын сыртқы жарнама және көрнекі ақпаратты ресімдеу кезінде Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының талаптарын қамтамасыз ету;
- қалалық ономастикалық комиссияның құзыретіне атауы жоқ қайталанатын көшелер мен көшелер бойынша жүргізілген талдауға сәйкес жаңа атаулар беру жөнінде ұсыныстар енгізу;
- Міндеті: спортты, туризмді, әскери-патриоттық тәрбие мен жастар саясатын дамыту.
Функциялары:
- салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі спорттық іс-шараларды, халық арасында дене шынықтыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, спорт пен туризмді дамыту мақсатында жарыстар, спартакиадалар, тренингтер өткізу;
- әскери-патриоттық тәрбие шеңберінде әртүрлі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
- жастар саясаты бойынша жұмыстарды іске асыру шеңберінде әртүрлі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
- Өз құзыреті шегінде "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес спорттық разрядтары мен біліктілік санаттарын беру бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету;
- аудан аумағында дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметін үйлестіру.
- Әуезов ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі Әуезов ауданында нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған жұмыс жоспарын орындау бойынша жұмысты қамтамасыз ету.
- мәдениет, дене шынықтыру және спорт, туризм саласында, мемлекеттік тілді насихаттау бойынша аппараттың басқа бөлімдерімен, аудандық білім бөлімімен, құрылымдық бөлімшелермен және аудандық қызметтермен, мемлекеттік және мемлекеттік емес білім беру мекемелерімен, жоғары, арнаулы орта және жалпы білім беретін оқу орындарымен (мектептер, гимназиялар, лицейлер), сондай-ақ ауданның мәдениет мекемелерімен жедел өзара іс-қимыл жасау жұмыстарын ұйымдастыру.
- Міндеті: тарихи және мәдени мұраны сақтау бойынша жұмысты ұйымдастыру.
Функциялары:
- ауданда тарихи ескерткіштерді сақтау және күту бойынша жұмыстарды үйлестіру;
- ескерткіштердің тарихы мен мәдениетін насихаттау шеңберінде әртүрлі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу.
- шығармашылық одақтармен және этномәдени орталықтармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
- тұрғылықты жері бойынша жұмысты ұйымдастыру, аула клубтарының қызметін үйлестіру.
- Міндеті: Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру.
Функциялары:
- бір жылға бөлімнің перспективалық және ағымдағы жұмыс жоспарларын жасау;
- бөлімнің ай сайынғы, тоқсандық, жылдық жұмыс жоспарларының орындалуына бақылауды қамтамасыз ету;
- лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес бөлім мамандары арасында міндеттерді бөлу;
- қызметтік хат-хабарлардың құжаттарын, өтініштерді, хаттарды, шағымдарды қарау және орындау, сондай-ақ бөлімнің құзыретіндегі мәселелерді қарау;
- Құқықтары мен міндеттері:
бөлімге жүктелген функцияларды орындау үшін белгіленген тәртіппен аппарат бөлімдерінен, құрылымдық бөлімшелер мен аудандық қызметтерден, сондай-ақ мекемелерден, ұйымдардан қажетті ақпаратты, мәліметтерді, анықтамаларды сұрату;
бөлім құзыретіне сәйкес аудан әкімінің өкімдерінің, шешімдерінің жобаларын дайындау;
бөлім құзырына жататын мәселелер бойынша аудан әкімінің кеңестеріне, басқа мемлекеттік органдармен өткізілетін кеңестерге және басқа да іс-шараларға қатысу;
бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша аудан әкімінің қарауына ұсыныстар енгізу;
тиісті еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және бөлім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру;
өз лауазымдық міндеттерін орындау кезінде аудан әкімі аппаратының, бөлімшелерінің, қызметтерінің мамандарын тарту;
осы Ережемен бөлімге жүктелген міндеттерді, функциялар мен құқықтарды сапалы және уақытылы орындау.
- Бөлім қызметін ұйымдастыру
- Бөлім заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.
- Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.
- Бөлім басшысы бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
- Бөлім басшысы аппарат басшылығына құрылымдық бөлімшенің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді.
- Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Бөлім атынан басқа бөлімдерге жіберілетін құжаттарға бөлім басшысы, ал болмаған жағдайда - оны алмастыратын тұлға қол қояды.