Әуезов ауданы әкімі аппаратының Әлеуметтік сала бөлімі туралы ЕРЕЖЕ

Әуезов ауданы әкімі аппаратының

Әлеуметтік сала бөлімі туралы

ЕРЕЖЕ

 

  1. Жалпы Ережелер

 

  1. Аудан әкімі аппаратының әлеуметтік сала бөлімі (бұдан әрі мәтін бойынша - Бөлім) «Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппараты» Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Бөлім өз жұмысын атқару барысында Қазақстан Республикасы Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, басқа да нормативтік құқықтық актілерін және осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Бөлімнің құрылымы мен штаттық саны Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімімен бекітіледі (әрі қарай – аудан Әкімі).
  4. Бөлім тұрады:

1) басшы;

2) бас маман;

3) бас маман.

 

  1. Бөлімнің негізгі қызметтері, құқықтары және міндеттері

 

  1. Мақсаты: аудан тұрғындарын әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қамтамасыз ету бағытындағы қызметтер мен құрылымдардың жұмысын үйлестіру мәселелері бойынша жұмыстар атқару.

Міндеті:

  • Әр мереке қарсаңында әлеуметтік аз қамтылған тұрғындарға көмек көрсету үшін тізімдерін жасап  дайындау;
  • Аудандық комиссиялардың жұмыстарын ұйымдастыру (Әлеуметтік қатерлі аурулар (ЖҚТБ, маскүнемдік, туберкулез, йод тапшылығы және т.б.) жөніндегі ведомстоаралық комиссияның; мерзімді әскер қатарына шақыру комиссиясының; Әуезов ауданы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның, қорғаншылық және қамқоршылық органы комиссиясының; Семей полигонындағы ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі комиссияның; ҰОС жылдары 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 09 мамырға дейінгі аралықта кем дегенде 6 ай еңбек еткен тұлғалардың жұмыс өтілін анықтау жөніндегі комиссияның; атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайын тексеруді жүргізу бойынша учаскелік комиссияның; эвакуациялық комиссияның жұмысын) аудан әкімінің қарауына өкімдер әзірлейді және оның жүзеге асырылуын жүргізеді;
  • Әлеуметтік аз қамтылған отбасылар, жалғызбасты зейнеткерлер, мүгедектерге әлеуметтік қолдау көрсетіп, жағдайларын жақсарту;
  • зейнеткерлік жасқа толған мүгедектер мен қарттарға үйінде қызмет көрсету бөлімшесінен көмек көрсетілетін зейнеткерлер мен қарттардың жағдайының уақытылы, дұрыс жасалуын қадағалау;
  1. Мақсаты: Жұмыссыздарды тұрақты және уақытша жұмысқа орналастыру.

Міндеті:

  • Аудандағы өнеркәсіптер мен кәсіпорындармен жұмыссыздарды жұмыспен қамту жөнінде жұмыс жүргізу;
  1. Денсаулық сақтау саласы бойынша мекемелердің жұмысын қадағалау.

Міндеті:

  • Қорытынды көрсеткіш дәрежесі;
  • Әлеуметтік қатерлі аурулардың алдын алу мақсатында (ЖҚТБ, маскүнемдік, туберкулез, йод тапшылығы және т.б.) Әуезов ауданының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасымен бірлесіп жұмыс жасау;
  • Тұрғындар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға байланысты іс-шаралар өткізу;
  1. Іс-шаралар ұйымдастыру және құжаттама жүргізу.

1) ұйымдастырылған іс-шараларды бұқаралық ақпарат құралдарына жариялай отырып, ғылыми-тәжірибелік конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар баспасөз конференцияларын, акциялар және өзге де іс-шараларды ұйымдастыру;

2) жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер мен ұсыныстарды, қызметтік жазбалар мен хаттамалық тапсырмаларды, жеке қабылдау бойынша құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету;

3) Басшылықтың тапсырмасын орындау барысында қажетті ақпараттарды, анықтамалар мен мәліметтерді даярлау;

  1. Құқытары мен міндеттері:

 Бөлім жұмыстарын атқару үшін заңға сәйкес, аудан әкімі аппаратының бөлімдерінен, аудандық қызметтерден, мемлекеттік емес ұйымдардан және мекемелер мен ұйымдардан қажетті ақпараттар, мәліметтер, анықтамалар сұрауға;

Бөлімнің жұмысын жүргізу мақсатында аудан әкімінің жиналыстарына, басқа да ұйымдардың жиындары мен түрлі іс-шараларына, мемлекеттік органдардың шараларына қатынасу;

Бөлімнің және аудан әкімі аппаратының жұмысын жақсатру мақсатында аудан әкіміне ұсыныстар енгізуге;

Бөлім мамандарын көтермелеу және жұмыс жасауына жағдай жасауды қамтамасыз ету;

Өз қызметтік міндеттерін орындау барысында аудандық қызметтер мен бөлімшелердің қызметкерлерін жұмысқа тарта білу;

осы Ережемен бөлімге жүктелген міндеттермен мен функцияларды сапалы да уақытылы орындау.

 

  1. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

 

  1. Жұмысты жүзеге асыру барысында бөлім Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін және басқа да нормативтік құқықтық актілері заңдылық қағидатын басшылыққа алуға өкілетті.
  2. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесін Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен жұмысқа тағайындалатын және босатылатын басшы басқарады.
  3. Бөлім басшысы бөлімнің жұмысына жалпы басшылықты қамтамасыз етеді және бөлімге тапсырылған міндеттер мен олардың орындалуына тікелей жеке жауапты болып табылады.
  4. Бөлім басшысы аппарат басшысына бөлімшенің штаттық кестесін және құрылымын ұсынады.
  5. Бөлімнен басқа бөлімге жіберілетін құжаттар мен хаттарға бөлім басшысы, егер ол болмаған жағдайда уақытша міндетін атқарушы қол қояды.

 

Әуезов ауданы әкімі аппаратының Әлеуметтік сала бөлімі туралы ЕРЕЖЕ
Дата публикации
27 августа 2020