Әуезов ауданы әкімі аппаратының Мемлекеттік-құқықтық бөлімі туралы ЕРЕЖЕ

Әуезов ауданы әкімі аппаратының

Мемлекеттік-құқықтық бөлімі туралы

ЕРЕЖЕ

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімі (бұдан әрі мәтін бойынша - Бөлім) «Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппараты» Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Бөлім өз жұмысын атқару барысында Қазақстан Республикасы Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, басқа да нормативтік құқықтық актілерін және осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Бөлімнің құрылымы мен штаттық санын Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасы негізінде бекітеді (бұдан әрі – аудан Әкімі).
  4. Бөлім тұрады:

1) басшы;

2) бас маман;

3) бас маман.

 

  1. Негізгі қызметтері, міндеттері, құқықтары және жауапкершілігі

 

  1. Міндеті: Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, мәслихат, Алматы қаласы әкімдігі мен әкімінің, аудан әкімінің актілерінің орындалуы мен орындалу жағдайын зерделеуге жәрдемдесу.

Қызметі:

1) аудан әкімі актілері жобаларының Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкестігін тексеру;

2) Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныс жобасын дайындау;

3) Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерінің, аудан әкімінің актілерінің мониторингі;

4) құқықтық құжаттарды әзірлеуге қатысу, аппарат қызметкерлеріне құжаттармен, құқықтық кеңестермен жұмыс жасау кезінде әдістемелік көмек көрсету;

5) құқықтық тәрбиені ұйымдастыру және жүргізу, аудан әкімінің аппаратына қолданыстағы заңнама, оларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпарат беру.

  1. Міндеті: қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыспен, сыбайлас жемқорлықпен күрес, қылмыстың алдын-алу және оның алдын-алу мәселелері бойынша аппараттың бөлімдерімен, қалалық қызметтермен және бөлімшелерімен, құқық қорғау, арнайы, әділет органдарымен және басқа да мүдделі ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау.

Қызметі:

1) сенімхат негізінде берілген  өкілеттіктер шегінде алдын-ала және сот тергеулерінде және қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот отырыстарында аудан әкімінің атынан қатысу және аудан әкімінің мүдделерін білдіру;

2) қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қылмысқа қарсы және қылмыстың алдын алу, сот актілерін орындау мәселелері бойынша құқық қорғау және өзге де мүдделі қызметтермен өзара іс-қимыл жасау.

  1. Міндеті: кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәселелері және олардың құқықтарын қорғау мәселелері, ведомствоаралық штабтың мәселелері, мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруге бағытталуы бойынша, қылмыстың алдын алу және қылмысқа қарсы іс-қимылды жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларының орындалуын қамтамасыз ету, нашақорлық пен есірткі саудасына қарсы әрекеттер жасау.

Қызметі:

1) тәуекелдер мен сыбайлас жемқорлыққа талдау жасау, жыл сайынғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу, анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды орындау;

2) азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуы, қылмысқа қарсы іс-қимыл жасау және қылмыстың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау мәселелері бойынша аудандық құқық қорғау органдарының жұмысын талдау;

3) аудан әкіміне құқық қорғау органдарымен өзара әрекеттесу бойынша ұсыныстар дайындау;

4) органдар мен мекемелердегі құқық қорғау бағытындағы құрылымдардың қызметін үйлестіру;

5) Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқығын қорғау жөніндгі ведомствоаралық комиссияның материалдарын қарау және комиссия отырыстарын өткізу;

6) Алматы қаласы Әуезов ауданындағы нашақорлыққа және есірткі саудасына қарсы іс-қимылға бағытталған мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі ведомстоаралық штаб отырыстарын өткізу.

  1. Міндеті: мемлекеттік сатып алу жұмыстарын ұйымдастыруға және өткізуге құқықтық көмек көрсету.

Қызметі:

1) мемлекеттік сатып алуды өткізу тәртібіне сәйкес аудан әкімінің өкімдеріне құқықтық сараптама жүргізу;

2) мемлекеттік сатып алу жұмыстарын өткізу туралы кеңес беру.

  1. Міндеті

1) кәсіби емес медиаторлардың тізілімін жүргізу.

  1. Қызметі: әскери сот және қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты үшін алқабилер жөніндегі бастапқы және резервтік тізімдерді дайындау.

1) қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа және әскери сотқа алқабилердің бастапқы және резервтік тізімдерін дайындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудандық қызметтер мен бөлімшелерден, құқық қорғау органдарынан және өзге де мемлекеттік органдардан Қазақстан Республикасы заңдарының, ел Президенті мен Үкіметінің актілерінен, Алматы қаласы әкімдігінің қаулыларынан, Мәслихат пен Алматы қаласы әкімінің актілерінен, бағдарламалар, іс-шаралар жоспарларынан ақпараттарды, материалдар мен басқа да құжаттарды сұратып алу;

бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудандық мәжілістерге, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдар өткізетін іс-шараларға қатысу;

бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан әкіміне ұсыныстар енгізу;

бөлім қызметкерлеріне тиісті еңбек жағдайларымен және де біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету;

лауазымдық нұсқаулықтарды орындау үшін қызметтердің, бөлімшелердің және аудан әкімі аппаратының мамандарын тарту;

бөлімге осы Ережемен жүктелген міндеттерді, қызметтерді және құқықтарды сапалы және уақытылы орындау.

 

  1. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

 

  1. Бөлім заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де номативтік-құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен қызметтерін жүзеге асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.
  2. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіп бойынша тағайындалатын және босататын басшы жетекшілік етеді.
  3. Бөлім басшысы бөлімге жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның қызметтерінің жүзеге асырылуына дербес жауап береді.
  4. Бөлім басшысы аппарат басшылығына құрылымдық бөлімшенің құрылымы мен штаттық кестесі туралы ұсыныстар енгізеді.
  5. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бөлім атынан басқа бөлімдерге жіберілетін құжаттарға бөлім басшысы, ал бөлім басшысы орнында болмаған жағдайда оны алмастыратын тұлға қол қояды.
Әуезов ауданы әкімі аппаратының Мемлекеттік-құқықтық бөлімі туралы ЕРЕЖЕ
Дата публикации
27 августа 2020