Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының көріктендіру бөлімі туралы
ЕРЕЖЕ
1.Жалпы ережелер
1) басшы;
2) бас маман;
3) бас маман;
4) бас маман;
5) бас маманнан тұрады.
Функциялары:
1) жер үсті және жер асты өткелдерін күтіп ұстау және олар бойынша қызмет көрсету;
2) арық желілерін күтіп-ұстау;
3) көшелердің жүру бөлігін және жаяу жүргіншілер тротуарларын санитарлық тазалау;
4) аялдама пункттерін күтіп-ұстау және санитарлық тазалау;
5) жергілікті және қалалық сенбіліктерді ұйымдастыру және өткізу;
6) бекітілген кестеге сәйкес ҚТҚ уақтылы әкетілуін қамтамасыз ету;
7) биодәретханаларды орнату;
8) заңсыз тасталған қоқыс үйінділерін анықтау және жою;
9) өзен арнасына іргелес аумақтарды тазарту;
10) көгалдар мен жабайы өсетін шөптерді шабу жұмыстарын жүргізу.
Функциялары:
1) апатты ағаштарды кесу және санитарлық кесу жұмыстарын жүргізу;
2) көшеттерді өтемдік және бастамашылық сипатта отырғызу жұмыстарын ұйымдастыру;
3) гүлдер отырғызу жұмыстарын ұйымдастыру;
4) жасыл желектерді химиялық және биологиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу;
5) жасыл аймақтарды тазарту бойынша жұмыстарды жүргізу;
6) көгалдарды отырғызу және тұқым себу, шым салу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру.
Функциялары:
1) елді мекендерді сыртқы жарықпен үздіксіз қамтамасыз ету бойынша жұмыстардың жүргізілуін ұйымдастыру және бақылау;
2) мыналарды қажет ететін көшелерді зерттеу:
-ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу, сондай-ақ көше-жол желілерінің жаңа құрылысы;
- жаяу жүргіншілер тротуарларын салу;
- арық желілері;
- жөндеуді қажет ететін көпірлер мен өткелдер;
- жағалауды бекіту жұмыстарын жүргізуді қажет ететін өзен арналары;
- сыртқы жарықтандыру желілерін ағымдағы жөндеу және жаңаларын салу;
- гүлзарлар мен басқа да жасыл аймақтарды көгалдандыру және ағымдағы жөндеу;
- жаяу жүргіншілер аймағын күрделі және ағымдағы жөндеу.
3) тиісті өтінімдерді уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберу және осы бағыттағы жұмыстардың орындалуын бақылау.
4) Мыналар бойынша ұсыныстар енгізу және жобаларды іске асыру; :
- жасыл аймақтарды, жаяу жүргіншілер мен велосипед жолдарын көгалдандыру;
- саябақтар мен гүлзарларды көгалдандыру;
- өзен арналарының жағалау сызықтарын нығайту;
- субұрқақтарды қайта құру және салу.
5) төтенше жағдайлардың туындауының алдын алу және оларды жою мақсатында жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу;
6) аудан аумағындағы арық желілері мен жаңбыр қабылдайтын люктердің жағдайына мониторинг жүргізу және оларды қалпына келтіру және жөндеу бойынша тиісті ұсыныстар енгізу.
7) уәкілетті органдарға объектілерді заңсыз салуды анықтауға және алдын алып, жолын кесу бойынша жәрдем көрсету:
- жер учаскелерін өз бетімен басып алу;
- пайдаланылмайтын жер учаскелері бойынша.
8) мемлекеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімді жасау, дайындау және ресімдеу, техникалық ерекшеліктер мен есептерді жасау;
9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген мерзімде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
10) хаттамалық тапсырмаларды уақтылы орындау, кіріс және шығыс қызметтік хат-хабарларды қарау;
11) жетекшілік ететін бағыттар бойынша талдамалы ақпаратты әзірлеуді жүзеге асыру және қалыптастыру;
12) атқарылған жұмыс туралы тоқсан сайынғы және жылдық есепті дайындау және жүргізу;
13) әлеуметтік желілермен жұмыс істеу.
әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінен, мемлекеттік органдардан Бөлім құзыретіне жататын қажетті ақпаратты, материалдарды сұрату және алу;
өз құзыреті шегінде заңдарды, Президент жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, аудан және қала әкімдерінің ауданды көріктендіру мәселелері бойынша шешімдері мен өкімдерінің орындалу барысын бақылауды жүзеге асырады, оларды іске асыру бойынша материалдар дайындайды;
аудан аумағын көріктендіру мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың хаттары мен өтініштерін, қызметтік хат-хабарларды қарау;
бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша аудан әкімінің кеңестеріне, басқа да мемлекеттік органдар өткізетін кеңестерге және басқа да іс-шараларға қатысу;
бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша аудан әкімінің қарауына ұсыныстар енгізу;
тиісті еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және бөлім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру;
өз лауазымдық міндеттерін орындау кезінде аудан әкімі аппаратының, бөлімшелерінің, қызметтерінің мамандарын тарту;
осы Ережемен бөлімге жүктелген міндеттерді, функциялар мен құқықтарды сапалы және уақтылы орындау.