Біздің өміріміздегі ең қымбат - бұл балалар, сондықтан Жаңа жыл қарсаңында санитарлық дәрігерлер ойыншықты пайдалану кезде балалардың және оларға күтім жасайтын адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмейтіндей етіп жобалануы және жасалуы керек екенін еске салады. Ол үшін, ойыншық сатып алғанда, таңбалауды міндетті түрде зерттеңіз. Таңбалау келесі ақпаратты қамтуы керек:
– ойыншықтың атауы;
– ойыншық жасалған елдің атауы;
– өндірушінің атауы және орналасқан жері (өндіруші уәкілеттік берген тұлға), импорттаушы, олармен байланысу үшін ақпарат;
– өндірушінің тауар белгісі (бар болса);
– ойыншық немесе баланың жасын көрсететін пиктограмма арналған баланың ең төменгі жасы;
– негізгі құрылыс материалы (3 жасқа дейінгі балаларға) (қажет болған жағдайда).
– ойыншыққа күтім жасау тәсілдері (қажет болған жағдайда);
– өндірілген күні (айы, жылы);
– қызмет ету мерзімі немесе сақтау мерзімі (егер белгіленген болса);
– сақтау шарттары (қажет болған жағдайда).
Қорытындылай келе, Сіз балаңыздың қалағанының бәрін сатып алмауыңыз керек, өйткені ол кішкентай және өз қауіпсіздігіне жауап бере алмайды. Ал, Сіз өзіңізді және балаларыңызды қорғау үшін, ойыншық сатып алғанда саналы болуыңыз керек. Ол үшін алдымен таңбалауды зерттеп, материалды қарап, түс беріктігін (қолдардағы қалдық бояу), мүмкіндігінше иістің бар-жоғын тексеріп, өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құжатты сұрау қажет. Бір сөзбен айтқанда, балаларыңыздың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмейтін ойыншық таңдаңыз.
Алматы қаласы Әуезов ауданды санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің басшысы Смагулова Назира Камалбаевна 8 (727) 3376458.