2022 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес Алматы қаласы бойынша тексеру комиссиясы 2017 жылғы 01 қаңтардан 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде «Жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігіне мемлекеттік аудит» аудиторлық іс-шарасын өткізді.
Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша жалпы сомасы 868547,3 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:
1) 831 129,4 мың теңге сомаға қаржылық бұзушылық, оның ішінде:
- бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтіру-799 335,2 мың теңге.
- жұмыстармен/қызметтермен қалпына келтіру-5 984,8 мың теңге .
- бюджетке өтеуге-25 809,4 мың теңге .
2) Активтер мен бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану-13 812,4 мың теңге;
- Бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау - 23 605,5 мың теңге
- Процедуралық бұзушылықтар -115 бірлік
30.09.2022 жылғы жағдай бойынша бюджет кірісіне 3252,5 мың теңге өтелді, сондай-ақ мемлекеттік аудит барысында белгіленген жауапты лауазымды тұлғаларға қатысты тәртіптік сипаттағы шаралар қабылданды.