Әуезов ауданы әкімінің 2022 жылғы 28 қыркүйектегі № 2 шешімі

 

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде

2022 жылғы 28 қыркүйекте № 29860  болып  тіркелді

 

 «Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша  сайлау учаскелерін құру туралы 2020 жылғы 3 наурыздағы   № 1  шешіміне өзгеріс енгізу туралы»

Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің

2022 жылғы 28 қыркүйектегі № 2  шешімі

 

 

          Әуезов ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

  1. Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің 2020 жылғы 3 наурыздағы «Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы»               № 1 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде  № 1610 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

          аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

  1. «Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

          1) осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

          2) осы шешімнің Әуезов ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау Әуезов ауданы әкімінің аппаратына жүктелсін.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Әкім                                                                                 С. Сайфеденов

 

 

          "КЕЛІСІЛДІ":

          Алматы қаласы Аумақтық

          сайлау комиссиясының

          төрайымы                                                                                                  Ж. Асанова

            «____» ___________ 2022 ж.                                 

Әуезов ауданы әкімінің 2022 жылғы 28 қыркүйектегі № 2 шешімі
Дата публикации
06 октября 2022