Әуезов ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
- Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің 2020 жылғы 3 наурыздағы «Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» № 1 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1610 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
- «Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімнің Әуезов ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау Әуезов ауданы әкімінің аппаратына жүктелсін.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әуезов ауданының әкімі С. Сайфеденов
"КЕЛІСІЛДІ":
Алматы қаласы Аумақтық
сайлау комиссиясының
төрайымы Ж. Асанова