2022 жылдың басынан бері Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі Әуезов ауданы бойынша ведомствоаралық комиссиясының 16 отырысы өткізілді.
Комиссия отырысында 52 материал қаралды:
яғни Полиция басқармасынан - 12;
Білім беру органдарынан – 35;
"Арнайы білім беру ұйымы" мекемесінен келген-2 материал қаралды;
Сондай-ақ, ауданның Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының бастамасы бойынша 3 материал қаралды.
Қарау нәтижелері бойынша комиссияның тиісті қаулысы қабылданды.
01.03.2022 ж. Әуезов ауданының әкімі Әуезов аудандық ПБ ювеналды полиция қызметкерлерін құттықтады.
24.02.2022 ж. Алматы қаласы ПДО жасөспірім нарколог-дәрігері А.А.Трубникованың кәмелетке толмағандар арасында психотроптық заттарды қолдану туралы 2021 жылғы есебі тыңдалды. Жұмыс нәтижелері бойынша 2022 жылдың соңына дейінгі Бірлескен жұмыс жоспары қабылданды.
12.03.2022 ж. кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Ювеналдық полиция бөлімімен бірлесе отырып "Жасөспірім-көше" жалпықалалық жедел-алдын алу іс-шарасы шеңберінде рейд өткізілді.
11-15 сәуір аралығында Алматы қаласының аумағында "Мен және менің полицейім" жалпықалалық акциясы өткізілді. Осыған байланысты комиссия мүшелері Әуезов аудандық ПБ-мен бірлесе отырып, Ювеналды полиция бөлімінде есепте тұрған балалар үшін, сондай-ақ "Арнайы білім беру ұйымы" және "Жастар үйі" тәрбиеленушілері үшін бірқатар іс-шаралар ұйымдастырды. 11.04.2022 ж. Балалар ҚР Орталық мемлекеттік мұражайын тамашалады. 14.04.2022 ж. ҚР ІІМ Кинологиялық орталығына барды. 15.04.2022 жылы "Almaty MALL" СОО-да "I go to school"фильмі көрсетілді. Әуезов ауданының кәсіпкерлері осы акция аясында балаларға арналған қайырымдылық түскі ас ұйымдастырды.
27.04.2022 ж. № 153 МГ КММ аудан әкімінің төрағалығымен Әуезов ауданы ПБ 2022 жылдың 1 тоқсанындағы жұмыс нәтижелері бойынша кеңес өткізілді. Аталған кеңесте Әуезов аудандық ПБ Ювеналды полиция бөлімінің бастығы А.Р. Жұмабаевтың есебі тыңдалды. Кеңес қорытындысы бойынша Әуезов аудандық ПБ есебінде тұрған әрбір кәмелетке толмаған балаға мемлекеттік қызметшілер санатынан Шеф-тәлімгер бекітілді.
13.05.2022 ж. № 127 ЖББМ КММ Әуезов ауданының психологтарымен бірлесе отырып, ата-аналар мен балалар арасындағы коммуникацияны дамыту тақырыбында іс-шара өтті.
Аталған іс-шараға Әуезов ауданы Ювеналды полициясының есебінде тұрған немесе жағдайы нашар отбасылар қатысты.
20.05.2022 ж. Әуезов ауданының оқушылары үшін комиссия мүшелері ҚР ҚМ № 61993 әскери бөліміне баруды ұйымдастырды.
01.06.2022 жылы Халықаралық балаларды қорғау күні Әуезов ауданы ПБ бірлесе отырып СОО және Жастар үйінің тәрбиеленушілері үшін "ASIA PARK" СОО кинотеатрына бару ұйымдастырылды.
Ағымдағы жылдың 13-15 маусымы аралығында бөлімнің "Түнгі қаладағы балалар" жедел алдын алу іс-шарасына қатысуы жүзеге асырылды.
Аудан комиссиясы кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша жұмысты жалғастырады және өз қызметі туралы аудан әкімі мен қалалық комиссияға хабарлайды.
Әуезов ауданы әкімінің аппараты Алматы қаласы ПДО-мен бірлесе отырып нашақорлыққа қарсы күрес аясында мынадай іс-шаралар өткізді:
- "Нашақорлық, клиника және алдын алу" тақырыбында ауданның медицина қызметкерлеріне арналған дөңгелек үстел, 11 адам қамтылды.
- Ауданның медицина қызметкерлеріне арналған "Нашақорлық және АИТВ инфекциясы әлеуметтік ауру ретінде" тақырыбындағы семинар, 8 адам қамтылды.
- Аудандық емханаларға келушілер үшін "АИТВ-инфекциясының берілу жолдары" тақырыбында 2 дәріс, 12 адам қамтылды.
- Әуезов аудандық Полиция басқармасында УПИ-ға арналған "мас болу дәрежесін анықтау", "ведомствоаралық өзара іс-қимыл шеңберінде есірткіге тәуелділіктің алдын алу" тақырыбындағы семинар, ПБ 42 қызметкері қамтылды.
- Әуезов аудандық Полиция басқармасында кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторларға арналған "Балалар мен жасөспірімдер арасында наркологиялық бейін бойынша қауіп топтарын ерте анықтау технологиялары" тақырыбындағы семинар, 7 инспектор қамтылды.
- Алматы қаласының "Жастар үйі" әлеуметтік мекемелерінің түлектерін бейімдеу және қолдау орталығында Есірткілер және жас мөлшері. Нашақорлық туралы аңыздар, салауатты демалыс", 23 оқушы қамтылды.
- Алматы Сервистік қызмет көрсету колледжінің студенттеріне арналған «жастар арасында есірткі, алкоголь және темекі өнімдерін тұтынудың алдын алу және салдары" тақырыбында дәріс оқылды, 85 студент қамтылды.
-Алматы Құрылыс-техникалық колледжінің студенттеріне арналған «жастар арасында есірткі, алкоголь және темекі өнімдерінің алдын алу және салдары» тақырыбында дәріс оқылды, 75 студент қамтылды.
- "Жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың алдын алу" тақырыбына СОО тәрбиеленушілеріне арналған дәріс оқылды, 30 тәрбиеленуші қамтылды. "Химиялық өлім"фильм-ролигі көрсетілді.
Сондай-ақ, мемлекеттік-құқықтық бөлім тыйым салынған заттардың жарнамаларын бояу бойынша тұрақты негізде іс-шаралар жүргізуде.
Бүгінгі күні 176 жарнамалық жазба жойылды.