Профилактика коррупционных правонарушений за 1 полугодие 2021г.

     

          13.01.2021ж. аппарат басшысының төрағалығымен Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасының нормаларын сақтау мәселелері бойынша қызметкерлерге арналған жиналыс өткізілді (35 адам қатысты). Қатысушыларға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын қатаң сақтау ұсынылды.

 

04.02.2021ж. аппарат басшысының төрағалығымен, Әуезов ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерінің қатысуымен «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің нормаларын түсіндіру, мемлекеттік қызметшілердің кірістерін жалпыға бірдей декларациялау мәселелері бойынша онлайн-кездесу өткізілді (33 адам қатысты).  Барлық қойылған сұрақтарға жауаптар берілді. Әуезов ауданы әкімінің және аппараттың Instagram парақшасында жарияланды (@akimat_auezov),  (@sairan.saifedenov).

 

05.02.2021ж. МҚБ басшысының төрағалығымен Алматы қаласы Мәслихаты депутатының Алматы қаласы Әуезов ауданының №2 аудандық сотының судьясының, АХАТ бөлімі басшысының, «Халықаралық медиация орталығы басшылары мен медиаторларының», кәсіби емес медиаторлардың қатысуымен онлайн-кездесу (ZOOM арқылы) өтті. Мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің медиацияны одан әрі дамыту бойынша өзара іс-қимыл сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығына жол бермеу  туралы мәселелері қаралды. Әуезов ауданы әкімінің және аппараттың Instagram парақшасында жарияланды (@akimat_auezov),  (@sairan.saifedenov).

 

          19.02.2021ж. аппарат басшысының төрағалығымен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының нормаларын қатаң сақтау бойынша аппарат қызметкерлеріне арналған жиналыс өткізілді.  Қатысушыларға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын қатаң сақтау ұсынылды

         

25.02.2021ж. ÁÝEZOV AÝDANY ADALDYQ ALAŃY және Саналы Ұрпақ жобалары аясында мемлекеттік азаматтық қоғам және Алматы мемлекеттік жаңа технологиялар колледжі (AGKNT) қатысуымен «Мемлекеттік қызмет - бұл ерекше қызмет түрі және қоғам мен әрбір қазақстандыққа қызмет ету» тақырыбында онлайн-дөңгелек үстел өткізілді.

          Бұл іс-шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет басқармасының бастығы В.С.Мырзагелдинова, AGKNT директорының орынбасары Г.А. Жұмагулова және колледж студенттері қатысты.

          Дөңгелек үстел барысында студенттерге мемлекеттік қызметке қабылдау мәселелері, мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар мен шектеулер, ел заңнамаларын қатаң сақтау қажеттілігі түсіндірілді.

Жақсы диалог өтті және студенттердің көптеген сұрақтарына толық жауаптар берілді. Әуезов ауданы әкімінің және аппараттың Instagram парақшасында жарияланды (@akimat_auezov),  (@sairan.saifedenov).

 

          19.04.2021ж. Әуезов ауданы әкімінің аппараты, Алматы қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет штабының басшысы С. Балғынбаевпен бірлесе,  Әуезов аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің қызметкерлерімен кездесу өткізді. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің қатарына азаматтарды мерзімді әскери қызметке көктемгі шақырудың ашықтығын қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікке, Қазақстан Республикасының заңнамасын  мүлтіксіз орындауға назар аударылды. Әуезов ауданы әкімі аппаратының ғимаратындағы Call – орталық – 1414-тің және «Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысы туралы түсіндірілді.

 

 

28.04.2021г. Әуезов ауданы әкімінің аппараты, Алматы қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет штабының басшысы С. Балғынбаевпен бірлесе,  Әуезов аудандық полиция басқарамсының  қызметкерлерімен кездесу өткізді. Полиция кызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мәселелері  қаралды. Сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікке, Қазақстан Республикасының заңнамасын  мүлтіксіз орындауға назар аударылды. Әуезов ауданы әкімі аппаратының ғимаратындағы Call – орталық – 1414-тің және «Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысы туралы түсіндірілді.

 

 

         

 

 

 

26.04.2021ж. Д.А.Қонаев атындағы колледжде «Адалдық алаңы» аясында жұмыс кездесуі өтті. Кездесуде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша заң талаптарының сақталуы, сонымен қатар колледж профессор-оқытушылар құрамының жұмысының ашықтығы, қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік таныту мәселелері егжей-тегжейлі талқыланды.

 

 

 

12.05.2021ж. Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы   іс-қимыл мәселелері бойынша аудан мектептерінің директорларымен онлайн- кеңес өткізілді. Педагогикалық ұжым мен мектеп оқушылары арасында сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру, сондай-ақ мектеп әкімшілігінің қызметіндегі ашықтықты қамтамасыз ету бойынша жұмысты күшейту қажеттілігі туралы айтылды. «Саналы ұрпақ» және «Адалдық алаңы» жобаларын жүзеге асыру бойынша жақсы диалог өтті. Әуезов ауданы әкімінің және аппараттың Instagram парақшасында жарияланды (@akimat_auezov),  (@sairan.saifedenov).

 

          15.05.2021ж. Адалдық алаңы жобасы аясында ауданның қызметкерлері мен студенттерінің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Фурманов шыңына көтерілу акциясы өткізілді.

          Акцияның басты мақсаты - әділеттілік, әдептілік және сенім, патриотизм, адалдық сияқты маңызды адамгершілік құндылықтарды бойына сіңіріп, жастар арасында сыбайлас жемқорлықтан бас тартуды қалыптастыру.

Шыңға шығу оған қатысушыларға әр адам өзінің адамгершілік қағидаларын сақтауы және кез-келген жағдайда адамның қадір-қасиетін сақтауы керек екені, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу қажеттігі  айтылды.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмысы жалғастырылуда.

2021 жылдың 1 жартыжылдығындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығының алдын алу
Дата публикации
01 июля 2021