Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің
2022 жылғы «02» маусымдағы№ 56-Ө
ӨКІМІ
«Алматы қаласы Әуезов ауданы
әкімінің аппараты» коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің
сыбайлас жемқорлыққа
қарсы стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 10 бабына сәйкес, Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі ӨКІМ ЕТТІ:
Әуезов ауданының әкімі С. Сайфеденов
Енгізуші:
Мемлекеттік-құқықтық
бөлімінің бас маманы О. Құсайынов
Келісілді:
Әкім аппаратының басшысы Д. Халықов
Мемлекеттік-құқықтық
бөлімінің басшысы С. Омарова
Алматы қаласы
Әуезов ауданы әкімінің
2022 жылғы «02» маусымдағы
№ 56-Ө өкіммен бекітілді
«Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СТАНДАРТЫ
Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппараты «Экономикалық және әкімшілік құқық бұзушылыққа қарсы күресте құқық қорғау органдарын қолдау және жәрдемдесу қоғамы» ҚМ бірлесе отырып, әзірленді
Алматы қаласы, 2022 жыл
Кіріспе
«Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты (бұдан әрі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт):
2022 жылғы 01 маусымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттардың тиімділігін жетілдіру және арттыру бойынша жұмыс тобының отырысында мақұлданды;
Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің 2022 жылғы «02» маусымдағы № 125-Ө өкімімен бекітілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың мақсаты «Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі Аппарат) қызметінде сыбайлас жемқорлықты болдырмау, сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділікті және құқықтық білімді жетілдіру.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың міндеттері:
Аппарат қызметкерлерінің өздерінің құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мінез-құлықты қалыптастыру;
сыбайлас жемқорлық көріністерін уақтылы анықтау және оның келеңсіз зардаптарының алдын алу.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты Аппарат қызметінде жеке және заңды тұлғалардың заңды құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру барысында қолданылады, Аппараттың барлық қызметкерлеріне таралады және орындалуы міндетті.
Аппарат қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың қолданылмауы және орындалмауы үшін жеке жауапкершілік жүктелген.
Мазмұны
|
|
|
|
|||
|
1. Жалпы ережелер
|
|
||||
|
2. Аппараттың негізгі қызметінің сипаттамасы
|
|
||||
|
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартқа қатысты салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыру барысында Аппарат қызметкерлерінің жүріс-тұрысының (әрекеттері) ережелері
|
|
|
|||
|
4. Өз құзіреті шегіндегі басқарушылық және басқа да шешімдерді қабылдау және дайындау кезінде Аппарат қызметкерлерінің жүріс-тұрыс (әрекет) Ережелері
|
|
|
|||
|
5. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында Аппарат қызметкерлерінің жүріс-тұрыс (әрекет) Ережелері
|
|
|
|||
|
6. Тауар, жұмыс және көрсетілетін қызметті алумен байланысты мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру барысында Аппарат қызметкерлерінің жүріс-тұрысының (әрекеттерінің) ережелері
|
|
|
|||
|
7. Кадрларды іріктеу және орналастыру кезіндегі Аппарат қызметкерлерінің жүріс-тұрыс (әрекет) Ережелері
|
|
|
|||
|
8. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау барысында Аппарат қызметкерлерінің жүріс-тұрыс (әрекет) Ережелері
|
|
|
|||
|
9. Аппарат қызметкерлерінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жүріс-тұрыс (әрекет) Ережелері
|
|
|
|||
|
10. Басқа да шектеулер мен тыйым салулар
|
|
||||
|
11. Ең жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдар тізбесі
|
|
|
|||
|
12. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт туралы техникалық ақпарат |
|
|
|||
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару бойынша қызмет түріне арналып әзірленді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын Аппараттың мемлекеттік-құқықтық бөлімі әзірледі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт салалық сипатта және келесі қызмет салаларына таралады:
мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылау;
тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде;
кадрларды іріктеу және орналастыру барысында;
нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау кезінде;
сонымен қатар, Аппарат қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық стандартына қатысты жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыру кезінде, өз құзіреті шегінде басқарушылық және басқа да шешімдерді қабылдау және дайындау кезіндегі Аппарат қызметкерлерінің іс-әрекетін айқындайды.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 21 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңына сәйкес Аппараттың миссиясы - ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету деп белгіленген.
Аппарат мемлекеттік орган болып табылады, өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілерге, Аппараттың Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.
Аппараттың міндеттері Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 35, 38 баптарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы №954 Жарлығымен белгіленген:
1) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін аудан аумағында орналасқан кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің және азаматтардың орындауына ықпал ету;
2) «Алматы қаласы Әуезов ауданы әкiмінiң аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілері мен бөлімдері қызметінің тиімділігін бағалау;
3)аудан әкімі белгілеген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Әуезов ауданы әкімі аппаратының функциялары Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 41 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35, 38 баптарына, Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының 8 бабына, Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 35, 36 баптарына, «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 тамыздағы № 898 Жарлығына сәйкес белгіленген, бөлім өз жұмысын атқару барысында Қазақстан Республикасы Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексі. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтер туралы» заңы, басқа да нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.
1) Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі мен аппаратының қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету;
2) аудан аумағында қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасау;
3) Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің тапсырмасы бойынша соттарда аудан әкімі мен аппаратының мүдделерін қорғау және ұсыну, прокурорлық назар аудару актілерін қарау;
4) мемлекеттік қызметтер көрсету:
- спортшыларға: 2 разрядты спортшы, 3 разрядты спортшы, 1 жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2 жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3 жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын беру;
- біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі біліктілік санаттарын беру;
- азаматтық хал актілерін тіркеу;
- әскерге шақыруды кейінге қалдыруды ұсыну;
- азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату;
5) Әуезов ауданы әкімі аппаратының іс қағаздарын, оның ішінде құпия, арнайы байланысты ұйымдастыру және жүргізу, хат-хабарларды өңдеу, нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес Әуезов ауданы әкімі аппаратының ғимаратында құпиялылық режимін, нысан ішіндегі режимді қамтамасыз ету болып табылады;
6) аудан әкімі, оның орынбасарлары, Әуезов ауданы әкімі аппараты басшысының қатысуымен кеңестер өткізуді ұйымдастыру, кеңес материалдары мен хаттамаларын ресімдеу және тарату;
7) аудан әкімінің, оның орынбасарларының, Әуезов ауданы әкімі аппараты басшысының тапсырмалары бойынша аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын дайындау, оларды тарату және сақтау;
8) аудан әкімі және оның орынбасарларының актілері мен тапсырмаларының, аудан әкімі кеңестерінің хаттамалық тапсырмаларының орындалуын бақылау, осы мәселелер бойынша аудан әкімін хабардар ету;
9) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
10) азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыру;
11) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдесу;
12) өз құзыреті шегінде әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
13) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
14) жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
15) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етуге қатысу және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету;
16) әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына жәрдемдесу;
17) Алматы қаласы Әуезов ауданының аумағын абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
18) жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасау;
19) Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;
20) қоғамдық медиаторлар тізілімін жүргізу;
21) кадр құрамы бойынша ұсыныстарды зерделеу, дайындау және енгізу;
22) Әуезов ауданы әкімі аппаратының кадрларын оқытуды және қайта даярлауды ұйымдастыру;
23) гендерлік аспектілерді қарау;
Аппаратқа басшылық етуді Аппаратқа жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратының басшысы жүзеге асырады.
24) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы » Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі істердің өндірісін жүзеге асыру;
25) Әуезов ауданы әкімінің аппаратына жүктелген өзге де функциялар.
жеке және заңды тұлғалардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау және қорғау, қолданыстағы заңнамамен бекітілген тәртіпте және мерзімде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
қабылданатын шешімдердің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз ету;
жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдерді қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету;
адал, сыпайы, әділ болу, жеке тұлғалармен және заңды тұлғалардың өкілдерімен қарым-қатынаста жалпы танылған моральдық-этикалық нормаларды ұстану, сыпайылық пен әдептілік таныту;
өз әрекеттері және мінез-құлқы арқылы қоғам тарапынан сынға ұшырауына жол бермеу, сынағаны үшін қудалауға жол бермеу, кемшіліктерді жою мен өз қызметін жетілдіру мақсатында конструктивті сынды пайдалану;
құқыққа қайшы, қоғамға қарсы әрекеттер жасауға басқа азаматтарды тартпау;
шындыққа сай емес мәліметтерді таратпау;
мүліктік және басқа да игіліктерді алу мақсатында өзінің қызметтік өкілеттіктерін заңсыз пайдалану арқылы жеке тұлғалар, заңды тұлғалар өкілдерінің мүдделерін қанағаттандыруға көмектеспеу.
Басқа мемлекеттік органдар, ұйымдар тарапынан кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне заңсыз араласуды болдырмау;
қызметкерлердің жұмысының нәтижесін бағалау, сонымен қатар көтермелеу және жауапқа тарту шараларын қолдану барысында әділдікті басшылыққа алу;
бағынышты қызметкерлердің қызметтік өкілеттіктерінің міндеттері мен көлемін нақты анықтау;
бағынышты қызметкерлердің арасындағы жұмыс мөлшерінің тең бөлінбеуін болдырмау;
бағынышты қызметкерлерге анық орындалмайтын тапсырмаларды немесе олардың лауазымдық міндеттеріне кірмейтін, сонымен қатар қолданыстағы заңнамаға қайшы келетін тапсырмаларды бермеу;
бағынышты қызметкерлерді сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға мәжбүрлемеу;
бағынышты қызметкерлер және басқа да лауазымды тұлғалар тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың нормаларын бұзу фактілерінің алдын алу және болдырмау;
әріптестермен өз лауазымдық міндеттерін орындау барысында туындайтын мүдделер қақтығысын реттеу бойынша түбегейлі шаралар қолдану;
лауазымдық міндеттерін орындаумен байланысты сыйлықтар қабылдамау;
әріптестерге, басшыларға және басқа да лауазымды тұлғаларға сыйлықтар бермеу және лауазымдық өкілеттіктерін пайдалану арқылы мүліктік пайда, игіліктер немесе артықшылықтарды қабылдау мақсатында жұмыспен байланысы жоқ қызметтер көрсетпеу;
мүдделер қақтығысының, лауазымдық міндеттерін орындау барысында жеке мүдделіліктің, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығына және сыйлық алуға бейімділіктің орын алғаны туралы тікелей басшыға баяндау;
егер тікелей басшымен мүдделер қақтығысы орын алған жағдайда жоғары тұрған басшылыққа жүгіну;
лауазымдық міндеттерін орындау барысында жеке және пайдақорлық мүддені басшылыққа алмау;
әріптестердің және басшылардың әділ қызметтік шешім қабылдауына әсер етуі мүмкін, өзара қарым-қатынастың бекітілген тәртібін бұзатын құқыққа қайшы өтініштер жасамау;
орындауға берілген нұсқаудың заңдылығы туралы күмән туындаған жағдайда кідірмей жазбаша тікелей басшыға хабарлау;
мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтарды алу мақсатында, таратылуға жатпайтын қызметтік және басқа да ақпаратты пайдаланбау;
жақын туыстық қатынастағы тұлғаларға (ата-анасы, жұбайы, аға-інілері, апа-қарындас-сіңлілері, балалары) тікелей бағыныштылықпен байланысты лауазымға тағайындалудан бас тарту;
белгілі болған сыбайлас жемқорлық фактілері туралы кідірмей басшылыққа баяндау.
жүріс-тұрыс (әрекеттері) Ережелері
мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті мемлекеттік қызмет стандарттарын және басқа да нормативтік актілерді сақтауды қамтамасыз ету;
лауазымды адамдардың және қызметкерлердің қызмет алушылармен тікелей байланысын төмендету мақсатында электрондық қызметтің үлесіне мониторинг жасау;
келесі фактілерді болдырмау үшін мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бақылау және тексеру іс-шарасын жүзеге асыру:
- қызмет алушылардан мәлімет жүйесінен алынатын құжаттарды талап ету;
- мемлекеттік қызмет стандартында қарастырылған, толық емес ұсынылған құжаттармен мемлекеттік қызмет көрсету;
- қызмет алушылардан мемлекеттік қызмет стандартында қарастырылған құжаттарды талап ету;
мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мониторинг жүргізу кезінде объективтілік және әділдік таныту;
сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын және оның салдарын жою бойынша толық шаралар қолдану.
қызмет алушылар орналасқан жерде және Аппараттың интернет ресурсында мемлекеттік қызмет регламенттері мен стандарттарын орналастыру бойынша бақылауды ұйымдастыру.
мемлекетік сатып алу туралы заңдылықты қатаң сақтау;
мемлекеттік сатып алуды жүргізу барысында оған қатысу үшін әлеуетті жеткізушілерге қолданыстағы заңнамаларға сәйкес тең мүмкіндік беру.
мемлекеттік сатып алу үдерісі кезінде ашықтықты және мінсіздікті сақтау;
жеке мәліметтерді өңдеу кезінде үшінші жаққа ақпарат және құжаттарды ұсынбау;
шешім қабылдау кезінде заңдылықты қамтамасыз ету:
ақша қаражатын жұмсау кезінде;
ақша қаражатын және материалдық құндылықтарды сақтауды қамтамасыз ету;
материалдық қор және негізгі қаражатты беру және есептен шығару бойынша бастапқы құжаттарды (жүкқұжаттарды) ресімдеу, сондай-ақ оларды есепке алу және сақтау;
мемлекеттік сатып алу жоспарын әзірлеу, өзгерту істер мен толықтырулар енгізу.
кадрларды таңдау кезінде қолданыстағы заң талаптарын сақтау;
меритократия қағидаларын сақтаулды қамтамасыз ету;
кадрлық мәселелерлі шешу кезінде туысқандық, жерлестік және басқа да жеке тәуелділіктер бойынша артықшылық жасамау;
жұмысқа қабылдау кезінде аппараттың лауазымдық тұлғаларына жүктелетін негізгі міндеттер, тыйым салулар және шектеулерді түсіндіру;
жақын туыстардың, ерлі-зайыптылардың бірге қызмет етуіне (жұмыс) жол бермеу;
Аппарат қызметкерлерінің жеке мәліметтер туралы негізсіз ақпарат таратуға жол бермеу;
Аппаратқа жұмысқа алу кезінде үміткерлерден қолданыстағы заңнамада белгіленбеген құжаттарды талап етпеу;
Аппарат қызметкерлеріне қатысты объективті және жан-жақты қызметтік тексерулер жүргізу.
Аппарат қызметкерлеріне қатысты объективті және жан-жақты қызметтік тексеріс жүргізу.
Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңдары мен басқа да нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын басшылыққа алу;
нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау және талқылау барысында қоғамның, бұқаралық ақпарат құралдарының міндетті түрде қатысуын қамтамасыз ету;
нормативтік құқықтық актілердің әзірленген жобаларын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында және Әуезов ауданы әкімінің интернет ресурсында жалпы талқылау үшін орналастыру;
азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын Алматы қаласы Қоғамдық кеңесімен келісуді қамтамасыз ету;
жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және тіркелген жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің өкілдерімен келісуді қамтамасыз ету;
нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу кезінде ғылыми (сыбайлас жемқорлыққа қарс, құқықтық, лингвистикалық, экологиялық, экономикалық және реттелетін құқықтық қатынастарына байланысты басқа да) сараптама өткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету;
нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық факторлары немесе олардың белгілері бар нормаларды пайдаланбау.
Қазақстан халықтарының ынтымағын және ұлтаралық келісімін нығайтуға үлес қосу, мемлекеттік және басқа тілдерге, Қазақстан халықтарының дәстүрлеріне және әдет-ғұрыптарына құрметпен қарау;
мемлекеттiк қызметке, мемлекетке және оның институттарына сенiмді сақтау және нығайту;
мемлекеттің мүдделеріне зардап әкелетін, мемлекеттік органдардың қызметінің тиімділігін төмендететін немесе кедергі болатын әрекеттерге қарсы тұру;
мемлекеттiк меншiктің сақталуын қамтамасыз ету, берілген мемлекеттiк меншiкті, оның ішінде автокөлiк құралдарын, рационалды, тиімді және тек қана қызмет бабында пайдалану;
қызметтік тәртіпті мүлтіксіз орындау, өзінің қызметтік міндеттерін адал, әділ және сапалы орындау, жұмыс уақытын тиімді және ұтымды пайдалану;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылында, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын ашуда белсенділік таныту;
жоғары құқықтық және сыбайлас жемкорлыққа қарсы мәдениеттің орындалуын әріптестерден талап ету және қолдау;
жалпыға ортақ моральдық-әдептік нормаларды ұстану, қоғамға қарсы жүріс-тұрысқа жол бермеу;
іскерлік әдептілікті және ресми мінез-құлықтың ережелерін сақтау;
осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты қатаң ұстану.
Кәсіпкерлік қызметпен айналысу, оның ішінде қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, ұйымдық-құқықтық түріне қарамастан коммерциялық ұйымды басқаруға қатысуға тыйым салынады;
педагогикалық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметті қоспағанда, басқа ақы төленетін қызметпен айналысуға тыйым салынады;
Аппараттағы үшінші тұлғалардың істеріне қызығушылық танытпау, олардың мүддесі үшін іс-әрекет жасамау;
тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік көзделген қателіктер мен басқа да құқық бұзушылықтарды жасауға жол бермеу;
мемлекеттік функциялардың орындалуына сәйкес келмейтин қызметпен айналысуға тыйым салынады;
мемелекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасамау қажет;
жоғары тұрған немесе төмен тұрған, қызмет немесе жұмыс бабында олармен өзгеше тәуелділікте болатын лауазымды адамдармен ақшалай немесе өзге де мүліктік сипаттағы құмар ойындарға қатыспау қажет;
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңында белгіленген жеке, топтық және басқа да қызметтік емес мүдделерді пайдалануға әкелетін лауазымдық өкілеттікті және олардың беделін пайдалануға тыйым салынады, тиісті шектеулерді қабылдау қажет.
|
Р/с № |
Қызметкердің лауазымы |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері (5 балдық ауқымы бойынша) |
|
1 |
Қаржы шаруашылық бөлімінің мемлекеттік сатып алу бойынша бас маман |
2 |
|
2 |
Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту жөніндегі бөлімнің бас маманы |
2 |
|
3 |
Көріктендіру бөлімінің бас маманы |
2 |
|
4 |
Коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы |
2 |
техникалық ақпарат
|
№ |
Ұйым |
Қызметкерлердің лауазымы |
А.Т.Ә. |
|
1 |
«Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы
|
Омарова Сәуле Ғалиқызы |
|
2 |
«Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Қаржы-шаруашылық бөлімінің басшысы
|
Құраласова Гүлнар Андасбекқызы |
|
3 |
«Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Коммуналдық-шаруашылық бөлімінің басшысы |
Кәкетаев Азат Ерланұлы |
|
4 |
«Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы |
Тұрдыбаева Кәмшат Зейнетқызы |
|
5 |
«Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Көріктендіру бөлімінің басшысы |
Тұрсынов Айдын Шегенұлы
|
|
6 |
«Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Ұйымдастыру жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы
|
Бексұлтанов Арыслан Бағланұлы |
|
7 |
«Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы |
Нұрлыбекова Гүлнар Сырбекқызы |
|
8 |
«Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Әлеуметтік сала бөлімінің басшысы |
Адамбаева Анджела Адайқызы |
|
9 |
«Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамыту бөлімінің басшысы |
Өмірбеков Айбол Ерікұлы |
|
10 |
«Экономикалық және әкімшілік құқық бұзушылыққа қарсы күресте құқық қорғау органдарына жәрдемдесу және қолдау қоғамы» ҚМ |
Әуезов ауданы Қоғамдық көмекшілер штабының басшысы |
Шевелев Александр Викторович |