Әуезов ауданы әкімінің
2023 жылғы 15 қарашадағы
№ 192/к-ө өкімімен бекітілген
Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратының
қоғамдық дамыту бөлімінің
ЕРЕЖЕСІ
1) басшы;
2) бас инспектор;
3) бас маманнан тұрады.
бөлім қызметінің бағыты бойынша жұмысты ұйымдастырушылық, ақпараттық және құқықтық жағынан қамтамасыз ету.
ауданның мекеме мен қызметтерімен, ұйымдарымен, басқа да құрылымдық бөлімшелерімен байланыс жасауды үйлестіру:
бөлім қызметінің бағыты бойынша комиссиялардың жұмысын қамтамасыз ету.
заңды және жеке тұлғалардан Бөлімге қатысты сұрақтар байынша түскен хаттар мен өтініштерді қарастыру.
курациядағы сұрақтар бойынша азаматтардың қабылдауын жүзеге асыру.
аудан әкімінің шешімдері мен өкімдеріне сәйкес меншік түріне қарамастан аудандық мекемелердің қызметін үйлестіру.
әлеуметтік жобаларды іске асыру бойынша үкіметтік емес ұйымдармен серіктестікті дамыту.
Бөлім жұмысын, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдары мен нормативтік-құқықтық актілеріне, бағдарламалар мен жұмыс жоспарларына сәйкес ұйымдастыру;
халықтың аз қамтылған тұрғындарының жағдайын жақсарту және қолдау бағыттары бойынша ұсыныстарды аудан әкімінің қарауына дайындау;
бөлім жұмысының бағыттары, жетекшіліктегі құрылымдар қызметі бойынша ақпараттық-анықтамалық материалдарын дайындап, аудандағы әлеуметтік және қоғамдық жағдайға, мемлекеттік қолдау көлемінің жасалуына талдау жасау;
Алматы қаласы Мәслихатының шешімдері, қала және аудан әкімдерінің құзыретіне қарасты мәселелерге қатысты, шешімдерін орындауды қамтамасыз ету;
жоғары тұрған органдардың құжаттарын орындауды ұйымдастыру және бөлім қызметі бойынша есеп беру;
өз құзыреті шеңберінде шешімдер мен басқа да басқарушы құжаттардың жобасын дайындау;
жұмыс бағыттары бойынша қала әкімі және аудан әкімі аппаратының іс-шараларына, басшылықтың жиналыстарына, мүдделі мекемелердің және басқа іс-шараларға белгілеген тәртіппен қатысу.
жетекшілік мәселелері бойынша дөңгелек үстелдер, семинарлар, кездесулер, мәдени-көпшілік шараларын ұйымдастырып өткізеді;
ҰОС кезінде 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейін кемінде 6 айдан аса жұмыс істеген азаматтардың жұмыс өтілін анықтау жөнінде аудандық арнайы комиссияның жұмысын ұйымдастыру;
Бостандық ауданы әкімі жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі аудандық комиссияның жұмысын ұйымдастыру;
азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңіне шақыру комиссияның жұмысын үйлестіру;
кәмелетке толған адамдар бойынша аудандық қамқоршылық және қорғаншылық жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыру;
әлеуметтік маңызы бар аурулар жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қызметін үйлестіру, хаттамалық шешімдердің орындалуын бақылау;
мүгедектерге арналған қолжетімді ортаның сақталуы тұрғысынан әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін түгендеу (паспорттау) жүргізу жөніндегі аудандық комиссияның жұмысын ұйымдастыру;
шұғыл жағдайларда ауыр науқастарды медициналық көмек көрсететін жақын маңдағы Денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыру.
мемлекеттік қызметтерді көрсету:«Мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру»; «Азаматтарды мерзімді әскери қызметтен босату».
кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын іске асыруға жәрдемдесу;
жазалардың орындалуын инспекциялау пробация қызметінде есепте тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етуге және басқа да әлеуметтік және құқықтық көмек көрсетуге қатысу.
белгіленген тәртіппен мекемелер мен ұйымдарының қызметтеріне талдау жасап, аудан басшыларына аудан әкімінің орынбасарымен бірлесіп оларды марапаттау және шара қолдану туралы ұсыныстар жасау.
бөлімнің міндетіне кіретін мәселелер бойынша мүдделі мекемелер Алматы қаласы әкімдігінің және аудан әкімі аппаратының шараларына белгілеген тәртіппен қатысады;
ауданда өткізілген іс-шараларды БАҚ өкілдерінде жарық көруін ұйымдастыру;
бөлімге байланысты басқа да міндеттерді іске асыру.
үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру бойынша жұмысты ұйымдастыру.
бөлім жұмыстарын атқару үшін заңға сәйкес, аудан әкімі аппаратының бөлімдерінен, аудандық қызметтерден, мемлекеттік емес ұйымдардан және мекемелер мен ұйымдардан қажетті ақпараттар, мәліметтер, анықтамалар сұрауға;
Бөлімнің жұмысына қатысты аудан әкімінің өкімін шығару;
бөлімнің жұмысын жүргізу мақсатында аудан әкімінің жиналыстарына, басқа да ұйымдардың жиындары мен түрлі іс-шараларына, мемлекеттік органдардың шараларына қатынасу;
бөлімнің және аудан әкімі аппаратының жұмысын жақсатру мақсатында аудан әкіміне ұсыныстар енгізуге;
бөлім мамандарын көтермелеу және жұмыс жасауына жағдай жасауды қамтамасыз ету;
өз қызметтік міндеттерін орындау барысында аудандық қызметтер мен бөлімшелердің қызметкерлерін жұмысқа тарта білу;
осы Ережемен бөлімге жүктелген міндеттермен мен функцияларды сапалы да уақытылы орындау.