Әуезов ауданы әкімінің
2023 жылғы 15 қарашадағы
№ 192/к-ө өкімімен
бекітілген
Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының көріктендіру бөлімі туралы
ЕРЕЖЕ
1.Жалпы ережелер
1) басшы;
2) бас инспектор;
3) бас маман;
4) бас маман;
5) бас маманнан тұрады.
Функциялар:
1) жер үсті және жерасты өткелдерін күтіп-ұстау және оларға қызмет көрсету;
2) арық желілерін ұстау;
3) көшелердің жүріс бөлігін және жаяу жүргіншілер тротуарларын санитарлық тазалау;
4) аялдама пункттерін ұстау және санитарлық тазалау;
5) жергілікті және қалалық сенбіліктерді ұйымдастыру және өткізу;
6) бекітілген кестелерге сәйкес ҚТҚ-ны уақтылы әкетуді қамтамасыз ету;
7) биодәретханаларды орнату;
8) қоқыс үйінділерді анықтау және жою;
9) өзен арнасына іргелес жатқан аумақтарды тазарту;
10) көгалдар мен жабайы шөптерді шабу жұмыстарын жүргізу.
Функциялар:
1) апатты ағаштарды санитарлық кесу жөніндегі жұмыстарды жүргізу;
2) көшеттерді отырғызу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
3) гүл отырғызу жұмыстарын ұйымдастыру;
4) жасыл екпелерді химиялық және биологиялық өңдеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу;
5) жасыл аймақтарды тазарту жұмыстарын жүргізу;
6) көгалдарды отырғызу және себу, шымтезек төсеу жұмыстарын ұйымдастыру.
Функциялар:
1) өткізуді талап ететін көшелерді тексеру:
- жағалауды нығайту жұмыстарын жүргізуді талап ететін өзен арналары;
- скверлер мен басқа да жасыл аймақтарды абаттандыру және ағымдағы жөндеу;
- жаяу жүргіншілер аймақтарын күрделі және ағымдағы жөндеу.
2) тиісті өтінімдерді уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберу.
3) жобаларды іске асыру және ұсыныстар енгізу:
- жасыл аймақтарды, жаяу жүргіншілер және велосипед жолдарын абаттандыру;
- саябақтар мен алаңдар;
- өзен арналарының жағалау сызықтары;
- субұрқақтарды қайта құру және салу.
4) жаяу жүргіншілер аймақтарын, учаскелерін күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу;
5) су басу бойынша төтенше жағдайлардың туындауының алдын алу және оларды жою мақсатында жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу;
6) уәкілетті органдарға объектілердің құрылысын мониторинг жасауға жәрдем көрсету:
- жер учаскелерін;
- пайдаланылмайтын жер учаскелері.
7) мемлекеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімді жасау, дайындау және ресімдеу,техникалық ерекшеліктер мен есептерді жасау;
8) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген мерзімдерде қарау;
9) хаттамалық тапсырмаларды уақтылы орындау және кіріс және шығыс қызметтік хат-хабарларды қарау;
10) атқарылған жұмыс туралы тоқсан сайынғы және жылдық есепті дайындау және жүргізу;
Бөлім «Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге сәйкес өз құзыреті шегінде:
бөлімнің қарауына жатқызылған мәселелер бойынша құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдар өткізетін аудан әкімінің кеңестеріне, кеңестерге және басқа да іс-шараларға қатысу;
бөлімнің қарауына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардан заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;
Бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша аудан әкімінің қарауына ұсыныстар енгізу;
тиісті еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге және бөлім қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға міндетті.
4.Жауапкершілік
Осы Ережемен бөлімге жүктелген міндеттердің, функциялардың және құқықтардың сапасы мен уақтылы орындалуына толық жауапкершілікті бөлім басшысы көтереді.
Бөлім қызметкерлері өздеріне жүктелген лауазымдық нұсқаулықтың міндеттерін орындамағаны және/немесе тиісінше орындамағаны, өздеріне жүктелген міндеттерді уақтылы орындамағаны, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құпия немесе қызметтік сипаттағы мәліметтерді жария еткені үшін дербес жауапты болады.
Бөлім қызметкерлері қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздерде және тәртіппен қылмыстық, әкімшілік, материалдық жауаптылықта болады.
Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратының бөлімдері, қалалық мекемелердің аумақтық бөлімшелері және өзге де бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимыл ұйымдастыру-өкімдік құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.