«Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі аппараты» КММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері туралы АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА

(Жоба)

«Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі аппараты» КММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері туралы

АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА

 

___.___.2026 жыл                                                                    Алматы қаласы

 

  1. Кіріспе бөлім

 

«Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі аппараты» КММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау объектісінің атауы: «Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі аппараты» КММ.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін негіздеме: Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің 2026 жылғы 6 сәуірдегі № 38-ө «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» өкімі.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2026 жылғы 20 сәуірден бастап 29 мамырға дейін.

Әкім аппараты қызметінің талданатын кезеңі: 2025 жылдың 12 айы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі құрамдағы жұмыс тобымен жүргізілді:

Төраға:

Джетыбаева

Лязат  Нұржігітқызы

 

 

-

аппарат  басшысы;

Хатшы:

Мукаш

Максат  Қанышұлы

 

-

мемлекеттік-құқықтық бөлімнің бас маманы;

Жұмыс тобының мүшелері:

 

 

 

 

Джакупова

Асем  Дүйсенғалиқызы

 

Адамбаева

Анджела Адаевна

 

Скендир

Ақжан  Есенұлы

 

 

 

-

 

 

-

ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөлімінің  басшысы;

 

қоғамдық даму бөлімінің  басшысы;

 

мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің  басшысы;

 

Тохтарбаева

Айгул  Дүйсембайқызы

 

-

құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы;

 

 

Ибраева

Батима  Сапақызы

-

«Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Әуезов аудандық филиалының төрайымы (келісім бойынша)

  1. II. Сипаттамалық бөлім

 

«Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі аппараты» КММ – Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

  1. «Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөлімі, құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, қоғамдық даму бөлімі қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  2. персоналды басқару кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, «Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүдделер қақтығысын анықтау.

 

III. Әуезов ауданы әкімінің аппараты бөлімдеріндегі

сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

 

Ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөлімі

 

  1. Ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөлімі (бұдан әрі – бөлім)
    3 қызметкерден тұрады: 1 бөлім басшысы, 1 бас инспектор, 1 бас маман.

 

Өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, кодекстері мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді және Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің 2023 жылғы 15 қарашадағы № 192/к-ө өкімімен бекітілген Бөлім туралы ережені басшылыққа алады.

 

Бөлімнің негізгі міндеттері

 

1-міндет: кеңестерді, кездесулерді, аудан тұрғындарын әкімнің қабылдауын және өзге де іс-шараларды ұйымдастырушылық-хаттамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

2-міндет: сайлау өткізу кезінде аудандық сайлау комиссиясының ұйымдастырушылық жұмыстарын қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын орындау мақсатында Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі А.Қ. Егембердиевтің халықпен 4 кездесуі өткізді:

№158 жалпы білім беретін мектептің акт залында;

№117 жалпы білім беретін мектептің акт залында;

№173 мектеп-лицейдің акт залында;

№153 мектеп-гимназиясының акт залында.

Әкімнің есептік кездесулеріне қатысқан тұрғындар саны 850 адамды құрады.

Барлығы 51 адам сөз сөйлеп, 78 сұрақ қойылды.

Өзекті мәселелердің сипаты бойынша:

коммуналдық шаруашылық мәселелері - 31; абаттандыру - 10; әлеуметтік сала - 9; инженерлік және жол инфрақұрылымы – 8, кәсіпкерлік қызмет – 8; құқықтық тәртіп – 8; экология – 2,  өзге мәселелер – 2 болды.

Олардың ішінде: оң шешілгені – 33, түсіндірме берілгені – 42, басқа мемлекеттік органға жолданғаны – 3. Сонымен қатар, жазбаша түрде – 12 өтініш тіркелді.

 

Бекітілген кестеге сәйкес Әуезов ауданы әкімі аппаратының басшылығы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізеді.

2025 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығында аудан әкімінің қабылдауына (36 қабылдау) – 200 адам тіркеліп (апта сайын жұма күні), – 311 сұрақ қойылды.

 

Қабылдауларда көтерілген сұрақтардың негізгі бөлігі:

коммуналдық шаруашылық бойынша – 100 (ТКШ – 11);

абаттандыру бойынша – 55;

инженерлік және жол инфрақұрылымы бойынша – 22;

кәсіпкерлік қызмет бойынша – 30;

қоғамдық даму бойынша – 8;

жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бойынша – 9;

мәдениет және тілдерді дамыту бойынша – 13

құқықтық мәселелер бойынша – 31;

тұрғын үй бойынша – 15;

жер учаскелері бойынша – 6

білім беру бойынша – 5;

экология бойынша – 4;

құрылыс нысандары бойынша – 3;

басқа мәселелер – 10.

 

Нәтижесінде:

оң шешілгені – 31;

түсіндірме берілгені – 144;

қабылдау барысында әкімнің түсіндірме бергені – 122

басқа мемлекеттік органға жолданды – 14;

 

2025 жылы Әуезов ауданының әкімі барлығы 364 құқықтық акт қабылдады, оның ішінде 133 (өндірістік сипаттағы өкімдер, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу туралы, мемлекеттік сатып алу жоспарына өзгерістер енгізу, бюджеттік бағдарламаларды бекіту туралы, спорттық разрядтар беру туралы) және 231 кадр мәселелері бойынша өкім.

 

1 нормативтік құқықтық акт қабылданды – «Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің 2020 жылғы 03 наурыздағы №1 “Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы” шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2025 жылғы 11 сәуірдегі №1 шешімі қабылданды.

 

Аталған актілер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келеді.

 

Қабылданған құқықтық актілердің көшірмелері ай сайын Алматы қаласының Әділет департаментіне жолданып, тоқсан сайын мониторинг жүргізіледі. Бұзушылықтар анықталған жоқ. 2025 жылы қабылданған әкім өкімдері мен шешімдерінің күші жойылған жоқ.

Ауданда 102 сайлау комиссиясы, оның ішінде 1 (бір) аумақтық және 101 учаскелік комиссия жұмыс істейді. 101 учаскелік комиссияның 93-і ашық, 8-і жабық. Сайлау учаскелері 67 мекемеде орналасқан, оның 59-ы ашық мекемелерде және 8-і жабық мекемелерде.

Жалпы білім беретін мектептерде 36 сайлау учаскесі, колледждерде – 7, жоғары оқу орындарында – 3, жатақханаларда – 2, шипажайларда – 2, емдеу мекемелерінде – 5 орналасқан.

Жекеменшік мекемелерде 8 учаскесі орналасқан: «Лидер» жекеменшік мектебі, Алматы көпсалалы колледжі, Д. Қонаев атындағы колледж, Алматы автомобиль және сән индустриясы колледжі, Narxoz жатақханасы, «Демалыс-К» ЖШС («Altyn Kargaly» шипажайы), «Қарғалы» пансионаты АҚ және «Хак» медициналық орталығы.

Сайлау учаскелерінің дайындығы 100% құрайды. Барлық үй-жайлар толығымен дайындалған және дауыс беруді өткізу үшін қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөлімінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. Жұмыс Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргізілуде.

 

Тәуекел 1. Аудан басшылығының жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдауы кезінде созбалаңдыққа жол бермеу, тиісті түсініктеме беру мақсатында қабылдауларға уәкілетті органдардың өкілдерін (Полиция басқармасы, Әуезов ауданының сәулетшісі және т.б.) шақыру қажет.

Ұсыным. Әуезов ауданы және Алматы қаласының уәкілетті органдарына басшылықтың жеке қабылдауларына олардың өкілдерінің қатысу қажеттілігі туралы хат жолдау.

Тәуекел 2. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» және «Республикалық референдум туралы» Контитуциялық заңдарының бұзылуына жол бермеу мақсатында

Ұсыным. Қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында уәкілетті органмен бірлесіп Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» және «Республикалық референдум туралы» Контитуциялық заңдарының нормалары бойынша оқытуды ұйымдастыру.

 

Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі

 

Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі (әрі қарай ҚҚЕБ) 3 қызметкерден тұрады: 1 бөлім басшысы, 1 бас инспектор, 1 бас маман.

Өз қызметінде ҚҚЕБ ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдарын, ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін, ҚР нормативтік құқықтық актілерін, Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің 2023 жылғы 15 қарашадағы
№ 192/к-ө өкімімен бекітілген ҚҚЕБ туралы ережені басшылыққа алады.

 

ҚҚЕБ негізгі міндеттері

 

1-міндет. Аппараттағы кадрлық жұмыстың жүйесін қалыптастыру, құжаттарды ресімдеудің бірыңғай тәртібін қамтамасыз ету, құжаттармен жұмысты ұйымдастыру, құжаттардың уақытылы әрі сапалы орындалуын бақылауды қамтамасыз ету, аппарат бөлімдерінің атқарушылық тәртібіне тұрақты талдау жүргізу.

2-міндет. Мемлекеттік қызметтен өтуді қамтамасыз ету, корпоративтік мәдениетті қалыптастыру және аппаратта қолайлы әлеуметтік-психологиялық ахуалды дамыту.

 

2025 жылы «Қызмет бабында пайдалану үшін» желісі бойынша барлығы 66 өтініш келіп түсті, аппарат бойынша барлығы 1914 өтініш, оның ішінде аппарат кеңсесі арқылы жеке және заңды тұлғалардан 12 081, Open Almaty арқылы - 4367 және әлеуметтік желілер арқылы 2766 өтініш.

 

Соның ішінде:

ҚР Президенті Әкімшілігінен 0;

Премьер-Министр Кеңсесінен 19;

Instagram (@abzal.yegemberdiyev) арқылы 1 068 түсті;

Instagram (@auezov_audany) арқылы - 1 026;

Facebook (@Әуезов ауданы) арқылы - 672.

Open Almaty арқылы - 4367;

 

12081 өтініш бойынша 8061 қаралды және 6580 әкімшілік акт қабылданды, оның ішінде қолайлы актілер – 5019, ауыртпалық салатын актілер – 1561, тоқтатылғаны – 277, қайта бағытталғаны – 3948, мерзімі ұзартылғаны – 2, назарға алынғаны – 230, өзгелері – 604, қалғаны 228 өтініш. Өтініштерді қараудан бас тарту фактілері болған жоқ.

Аудан әкімі аппаратының аккаунттарында 307 пост және 570-тен астам сторис орналастырылған, олар абаттандыру, аулаларды жөндеу, әлеуметтік-мәдени және спорттық іс-шараларды өткізу бөлімдерінің жұмысын және аппарат қызметінің басқа да бағыттарын көрсетеді.

 

Барлық өтініштер белгіленген мерзімде қаралды, мерзімі өткен өтініштер жоқ.

 

Әлеуметтік желілер арқылы түскен өтініштердің ішінен оң шешілгені 857, 747 өтініш бойынша түсініктемелер берілді, уәкілетті органдарға 1162 өтініш қайта бағытталды. Өтініштерді қараудан бас тартулар жоқ.

 

Опен Алматы бойынша түскен 4367-нің ішінен аяқталғаны – 1436, алғыс жіберілгені – 4, 2 өтініш 2026 жылға ауыстырылды. Жолдар мен тротуарларды жөндеу мәселелері – 1271, аумақты тазалау бойынша – 944, қоғамдық кеңістіктерді, аулаларды және спорт алаңдарын абаттандыру бойынша – 572, көгалдандыру (кесу және жою) бойынша – 790, мәдениет мәселелері бойынша – 32, әлеуметтік мәселелер – 29, сумен жабдықтау және су бұру мәселелері – 478, жарықтандыру мәселелері – 37, кәсіпкерлік – 12, аялдамаларды күтіп ұстау – 36 және 166 басқа мәселелер.

 

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін электрондық өтініш жүйесі (Е-Өтініш) арқылы қабылдау кезінде келесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауы мүмкін:

 

Тәуекел. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін электрондық өтініштер жүйесі (Е-Өтініш) арқылы қабылдау кезінде аппарат қызметкерлері тарапынан өтініштерді уақтылы қарамау, сондай-ақ уәкілетті органға жолдау мерзімдерін сақтамау тәуекелі бар.

 

Ұсыным. ҚҚЕБ аппарат қызметкерлерімен Қазақстан Республикасының ӘРПК нормаларын қосымша зерделеу жұмыстарын жүргізу.

 

Персоналды басқару кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін және мүдделер қақтығысын анықтау

 

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 56-бабының 6-тармағына, Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 28 ақпандағы № 1/140 «Алматы қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 4/690 «Алматы қаласының атқарушы органдарының штат санының лимитін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысына және Алматы қаласы әкімінің 2023 жылғы 2 наурыздағы № 7ө «Алматы қаласының атқарушы органдарының штаттық кестесін бекіту туралы» өкіміне сәйкес, Әуезов ауданы әкімі аппаратындағы штат саны 2025 жылға 55 бірлікті құрады.

Нақты саны – 49, бос орындар – 6 бірлік, оның ішінде:

Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы;

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас инспекторы;

Ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөлімінің бас инспекторы;

Коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы;

Абаттандыру бөлімінің бас маманы;

Инженерлік және жол инфрақұрылымы бөлімінің бас маманы.

 

Аппараттың құрылымы бойынша 11 бөлім:

№/п

Бөлімнің атауы

Штат саны

Басшылық

Аудан әкімі

Әкімнің орынбасары

Әкімнің орынбасары

Әкімнің орынбасары

Аппарат басшысы

 

5

1.

Ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөлімі

3

2.

Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі

3

3.

Мемлекеттік-құқықтық бөлім

3

4.

Қаржы-шаруашылық бөлімі

5

5.

Кәсіпкерлік және өнеркәсіпті дамыту бөлімі

4

6.

Коммуналдық шаруашылық бөлімі

5

7.

Абаттандыру бөлімі

5

8.

Инженерлік және жол инфрақұрылымы бөлімі

3

9.

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

3

10.

Қоғамдық даму бөлімі

3

11.

Әлеуметтік жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

13

 

Барлығы::

55

 

 

2025 жылы «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға арналған конкурс өткізу қағидаларына сәйкес Алматы қаласы әкімінің аппаратының Персоналды басқарудың бірыңғай қызметі конкурс комиссиясымен 16 конкурстық рәсім өткізілді.

Оның ішінде: ішкі конкурстар – 5, жалпы конкурстар – 11.

Конкурстық рәсімдердің нәтижелері бойынша мемлекеттік қызметке алғаш рет 5 адам қабылданды.

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдарына тағайындалуы Қазақстан Республикасы Алматы қ. ҰҚКД-да міндетті арнайы тексеру жүргізілгеннен және мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ҚҚжСҚБ-ға сұрау салулар рәсімделгеннен кейін жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметке қабылданған барлық қызметкерлер белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келеді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 «Мемлекеттік қызметті өтудің кейбір мәселелері туралы» Жарлығына және «Конкурс өткізілместен ауысу тәртібімен «Б» корпусының бос немесе уақытша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасу» қағидаларының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, 2025 жылы аппарат ішінде жоғары тұрған лауазымдарға 1 тағайындау жүзеге асырылды (мәдениет бөлімінің бас инспекторы аталған бөлімнің басшысы болып тағайындалды).

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша бос лауазымдарға орналасу конкурстарын өткізу кезінде заңда көзделмеген артықшылықтар беру (протекционизм, туыстық қатынас) фактілері анықталған жоқ.

Аппараттың мәліметіне сәйкес, 2025 жылы 15 қызметкер жұмыстан босатылды, оның ішінде 3-еуі басшылық құрам қызметкерлері.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасағаны үшін мемлекеттік қызметтен теріс себептермен босату және жауапкершілікке тарту фактілері тіркелген жоқ.

Таза ауысымдылық деңгейі 0%-ды құрады, себебі жұмыстан босатылған барлық тұлғалар басқа мемлекеттік органдарға мемлекеттік қызметке қабылданды.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану қағидаларына» сәйкес 2025 жылы тәртіптік жаза алғандар – 22 қызметкер. Жаза түрлері бойынша: ескертулер – 21, сөгіс – 1. Бұзушылықтар жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, мемлекеттік қызмет көрсету, арық желілерін абаттандыру, лауазымдық міндеттерді тиісінше орындамау, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия жұмысы бойынша анықталды.

Аппараттың мәліметтері бойынша, 2025 жылы «орталық-өңір», «өңір-орталық», «өңір-өңір» ротациялық схемалары бойынша ауысулар болған жоқ.

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек өтілін есептеу бойынша 9 отырыс өткізілді.

 

Қызметкерлерге сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемақы белгілеу мәселелері ашық түрде жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 34-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 125 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру қағидаларына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының филиалында 2025 жылы біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстарынан өтті, оның ішінде: 4 – қайта даярлау (мемлекеттік қызметке алғаш қабылданғандар), 0 – қайта даярлау (басшылық лауазымдарға алғаш тағайындалғандар), 20 – біліктілікті арттыру. Ескертулер болған жоқ.

 

Әкім аппаратының қызметкерлері 2024 жылға арналған кірістер мен мүлік туралы декларацияларды уақытылы тапсырды. Бұзушылықтар анықталған жоқ.

2025 жылы азаматтардан аппарат қызметкерлері мен аудан әкімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзуына байланысты шағымдар түскен жоқ.

Аппарат қызметкерлерінің акцияларды, пайларды сатып алу, жеке кәсіпкерлікпен айналысу фактілері анықталған жоқ.

Аппаратта коммерциялық ұйымдардың құрылтайшылары болып табылатын, сондай-ақ осы ұйымдардың басқару органдарының құрамына кіретін мемлекеттік қызметшілер жоқ.

Талдау жүргізілген кезеңде мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтарын және этикалық нормаларды бұзу фактілері анықталған жоқ.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері барынша төмен деңгейде. Алдын алу жұмыстарының нәтижесінде мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. Сонымен бірге келесі тәуекелдер орын алуы мүмкін:

Тәуекел 1. Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін бұзу, белгіленген қағидаларды сақтамау, мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайларының декларацияларын дұрыс емес тапсыруы, қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйымдарды бұзу және т.б.

Тәуекел 2. Лауазымдық өкілеттіктеріне кіретін әрекеттерді (әрекетсіздікті) жасағаны үшін материалдық сыйақы, сыйлықтар немесе қызметтер алу фактілерінің орын алуы.

Тәуекел 3. Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі мен ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөлімінің лауазымдық нұсқаулықтарын өкілеттіктердің қайталануын болдырмау мақсатында зерделеу қажеттілігі.

Ұсынымдар: Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті өкілдерінің қатысуымен семинар-кеңестер өткізуді, Қазақстан Республикасының Әдеп кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптарын сақтауды жалғастыру. Қажет болған жағдайда лауазымдық нұсқаулықтарға өзгерістер енгізу.

 

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

 Аудан әкімі аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі (бұдан әрі – бөлім) «Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Бөлім 3 қызметкерден тұрады: 1 бөлім басшысы, 1 бас инспектор, 1 бас маман. Өз қызметінде Конституцияны, Қазақстан Республикасының кодекстері мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді және осы Ережені басшылыққа алады.

 

 Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің міндеттері

 

 1-міндет. Ауданда ұлттық, мемлекеттік, кәсіби және өзге де мерекелерді ұйымдастыру және өткізу.

2-міндет. Ауданда тілдерді дамыту және ономастика саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру шараларын жүзеге асыру.

3-міндет. Спортты, туризмді, әскери-патриоттық тәрбие мен жастар саясатын дамыту.

4-міндет. Тарихи және мәдени мұраларды сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру

5-міндет. Ауданда мемлекеттік шығармашылық тапсырыс бойынша жұмысты жүзеге асыру.

 

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі тілдерді дамыту және ономастика саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы» заңнамасының талаптарын қамтамасыз ету жөнінде жүйелі жұмыс жүргізеді. Аудан аумағында орналастырылатын сыртқы жарнама мен визуалды ақпаратты рәсімдеу кезінде нормалардың сақталуына мониторинг жүргізілді. Қазақстан халқының тілдер күніне арналған «Ана тілім – ардағым» тақырыбында іс-шаралар ұйымдастырылды.

 

Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы талаптарын қатаң сақтау қажеттілігі бойынша түсіндіру-профилактикалық жұмыстарын жүргізу мақсатында шағын және орта бизнес субъектілерімен кеңестер ұйымдастырылды. Ресми құжаттаманың мемлекеттік тілде жүргізілуі қамтамасыз етілді.

Жыл бойы Тіл саясатын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жалғастырылып, ауданның 50 ұйымында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мемлекеттік органдар қызметкерлері мен аудан тұрғындары үшін онлайн форматта қазақ тілі курстары ұйымдастырылды.

Әуезов ауданында 14 ескерткіш бар, олардың қатарында: М.И. Калинин, В.И. Ленин, М. Фрунзе, П. Виноградов, М. Горький, Қазан революциясының ардагерлеріне арналған ескерткіш, Д.А. Фурманов, ҰОС қаза тапқандарына арналған ескерткіш, А. Розыбакиевтің бюсті, ҰОС ардагерлеріне арналған стелла, Т. Рысқұловтың бюсті, Ы. Алтынсарин ескерткіші, сондай-ақ Н. Сац атындағы мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театры және «Сайран» автовокзалы бар. 2025 жылғы тамыз айында Әуезов ауданы әкімінің аппараты «Алматы Қала Жарық» ШЖҚ МКК-мен бірлесіп ауданның 8 ескерткішіне жарықтандыру орнатты (Ы. Алтынсарин, М.И. Калинин, В.И. Ленин, М. Фрунзе, П. Виноградов, М. Горький, Қазан революциясы ардагерлеріне және Д.А. Фурмановқа арналған ескерткіштер).

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі уәкілетті органдармен бірлесіп аудандағы тарихи ескерткіштерді сақтау және күтіп ұстау жұмыстарын үйлестіреді.

 

Аудан аумағында 43 мәдени-демалыс нысаны жұмыс істейді, оның ішінде: 1 театр, 1 саябақ, 5 кинотеатр, 2 кітапхана, 17 аула клубы, 2 музыка мектебі, 11 бассейн, 4 мемлекеттік спорт мектебі бар. Ауданда Құрманғазы атындағы №7 балалар музыка мектебі мен Наталия Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры сәтті жұмыс атқаруда.

 

2025 жыл ішінде жалпы қамтуы шамамен 20 000 тұрғынды құрайтын 100-ден астам мәдени-бұқаралық және қоғамдық-патриоттық іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді.

 

Аудан аумағында ұлттық, мемлекеттік, кәсіби және өзге де мерекелерді ұйымдастыру және өткізу қамтамасыз етілді. Барлық іс-шаралар бекітілген жоспарларға сәйкес, аудан тұрғындарының, мемлекеттік органдар өкілдерінің, қоғамдық ұйымдар мен жастардың қатысуымен өткізілді.

 

Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мерекелері:

Спортты, жастар саясатын және патриоттық тәрбиені дамыту жөнінде шаралар қабылданды. «Спорт – Достық алаңы» қалалық спорттық жобасы аясында бірыңғай достық спорттық ортаны қалыптастыруға бағытталған апта сайынғы спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қамтамасыз етілді;

«Заң және тәртіп» қағидаты негізінде ауданның оқу орындары мен жастар қауымдастық орталығында профилактикалық және тәрбиелік іс-шаралар өткізілді;

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында апта сайынғы «Таза бейсенбі» акциясын өткізу ұйымдастырылды;

«Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы – ұлттық құндылықтар жобасы аясында қауымдастық орталығында әртүрлі форматағы іс-шаралар өткізілді.

 

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңына сәйкес спорттық разрядтар мен біліктілік санаттарын беру жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсетеді.

 

2025 жылдың 12 айында 644 қызмет көрсетілді:

Қызмет алушылардың жалпы саны – 644 адам.

ХҚКО арқылы – 638 құжат;

«Электрондық үкімет» порталы арқылы – 6 құжат;

 

Көрсетілген мемлекеттік қызметтерге шағымдар – жоқ. Негізделген бас тартулардың жалпы саны – 13 (жоғары деңгейдегі 2-санатты жаттықтырушы – 2, спорт төрешісі – 7, «ІІ» жасөспірімдер спорттық разряды – 1, «ІІІ» жасөспірімдер спорттық разряды – 1, «І» жасөспірімдер спорттық разряды – 2). Барлық бас тартулар негізді болып табылады, жоғары тұрған органға немесе сотқа шағымдану фактілері болған жоқ.

 

Тәуекел. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі 2025 жылғы 1 сәуірден бастап өтініш берушілердің түбіртектері мен берілген өтініштердің тізілімі Алматы қ. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының №9 кабинетіне уақтылы және кідіріссіз, тұрақты негізде жеткізіліп тұрғанын хабарлайды. Қағаз түріндегі өтініштер толық көлемде және белгіленген мерзімде орындалды.

 

Алайда, 2025 жылғы 1 сәуірден бастап ХҚКО АЖ жүйесінде өтініштерді жабу функциясының техникалық ақауына байланысты көрсетілген өтініштер жүйеде жабылмайды. Соның салдарынан олар ХҚКО АРМ жүйесінде көрсетілмейді.

 

Аталған мәселе келесі салдарға алып келуде:

өтініштердің мәртебесі жаңартылмайды, құжаттың берілуі тіркелмейді;

түбіртектер жүйеде белгіленбейді;

азаматтарға 1414 қысқа нөмірінен мемлекеттік қызметтің көрсетілгені немесе өтініштің орындалғаны туралы SMS-хабарламалар келмейді.

Қазіргі уақытта азаматтардан келіп түсетін осындай шағымдар саны күн сайын артып келеді. Бұл мәселе жүйеде түбіртектерді тіркеуге және өтініштердің мәртебесін жабуға мүмкіндік бермейтін техникалық ақаумен байланысты. Нәтижесінде өтініштер жүйеде жабылмаған күйде қалып отыр. Құжаттарды қабылдаған қызметкерлер әр жолы өкімнің екінші данасына қол қойып, мөр басу арқылы қабылдауды жүзеге асырған. Алайда қазіргі уақытта бірқатар өтініш берушілерге 1414 қысқа нөмірінен қызметтің көрсетілгені немесе өтініш мәртебесі туралы хабарлама келмей отырған жағдайлар жиілеген.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 2025 жылғы 21 тамыздағы №05-1-8/-2433-И тапсырмасына сәйкес, аталған техникалық ақау мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуына әкелуде. Осыған байланысты, қоса беріліп отырған тізімге сәйкес шілде айындағы өтініштер бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылу жағдайларын нақтылау мақсатында ресми хат жолданды.

Ұсыным: Әуезов ауданы әкімінің аппараты тарапынан «Азаматтарға арналған үкімет» МК ҰАҚ Филиалына және Алматы қ. МҚБ хаттар жолданды. Бұл мәселе мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бақылауында, 2026 жылғы ақпанда уәкілетті органның ресми жауабын алу үшін тиісті хаттар жолданды.

 

«Damu Bala» бағдарламасын іске асыру

 

2025 жылы «Damu Bala» бағдарламасының ақпараттық жүйесінде 6 399 бала 6 623 ваучер бойынша қызмет алады, оның ішінде:

спорттық бағыт бойынша – 2 775,

шығармашылық бағыт бойынша – 3 848.

Жеткізушілердің жалпы саны 171 құрайды, оның ішінде спорт бағыты бойынша – 89, шығармашылық бағыты бойынша – 82.

2025 жылға жалпы сомасы 2,4 млрд теңге көлемінде қаржыландыру қарастырылған (МШТ – 1 286 684 000 теңге, МСТ – 1 199 641 000 теңге). Әуезов ауданының әкімі аппараты «Damu Bala» бағдарламасын іске асыру жөніндегі оператор болып табылады.

Тәуекел: Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі аппараты – оператордың ваучердің мұрағатталу себебіне қолжетімділігі жоқ, яғни баланың шығу себебі белгісіз.

Ұсынымдар: «Damu Bala» бағдарламасын әзірлеуші – «Qaztiqet» ЖШС-не операторға балалардың шығу тарихына нақты себебін көрсете отырып қолжетімділікті қамтамасыз ету қажеттілігі туралы хат жолдау.

 

Қоғамдық даму бөлімі

 

Аудан әкімі аппаратының қоғамдық даму бөлімі (бұдан әрі – Бөлім)  «Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Бөлім 3 қызметкерден тұрады: 1 бөлім басшысы, 1 бас инспектор, 1 бас маман.

 

Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

 

Бөлімнің негізгі міндеттері

 

1-міндет. Халықты әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінде жұмыс істеу.

2-міндет. Ауданның денсаулық сақтау және білім беру объектілерінің қызметіне мониторинг жүргізу.

Қоғамдық даму бөлімі 2025 жылы Ұлы Отан соғысы жылдарында 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында еңбек еткен тұлғалардың еңбек өтілін белгілеу жөніндегі комиссия арқылы 44 азаматтың құжаттарын қарады, олардың барлығы тыл еңбеккерлері ретінде танылды. Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында ауданда әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді орта талаптарының сақталуына түгендеу (паспортизациялау) жүргізу бойынша жұмыс тобы қызмет атқарады.

2013-2025 жылдары паспортталғандар – 2881 (жоспар – 2850) және бейімделгендері – 1426 объект (жоспар – 1126). 1472 объект бойынша материалдар Алматы қ. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «invagov.kz» порталына енгізілген. 2025 жылға бейімдеу және паспорттау жоспары – 200 объект, барлығы толық орындалды.

 

Әлеуметтік жобалар

 

2023 жылғы 1 сәуірден бастап ауданға орталықсыздандыру аясында әлеуметтік жобалар берілді. 2025 жылы ауданда 4 әлеуметтік жоба жұмыс істеді:

«Белсенді ұзақ өмір орталығы» әлеуметтік орталығының 2 бөлімшесі (Мамыр шағын ауданы, Афцинао көш., 3а және Тастак-1, 3-үй) («Күміс ғасыр» ҚБ) аудан зейнеткерлерінің демалысын тиімді өткізуді жүзеге асырды.

«Шыңға өрлеу» 3 филиалы: 1) 11-ші шағын аудан, 17-үй; 2) Жетісу-3, 67-үй; 3) Жубанов көш., 3а, 1-кеңсе әлеуметтік осал топтар санатындағы балалардың мектептен тыс қосымша дамуын қамтамасыз етті;

«Тең қоғам» (Тастак – 1, 3-үй) мүгедектігі бар азаматтарды құқықтық, психологиялық және әлеуметтік қолдау мақсатында жұмыс істеді.

«Отбасын қолдау орталығы» (Мамыр шағын ауданы, Афцинао көш., 3а) ауданның көпбалалы және аз қамтылған отбасыларына қызмет көрсетті.

 

Барлық әлеуметтік жобаларға бөлінген сома 268,7 млн.теңгені құрайды. 100% игерілді.

 

«Қарттар айлығы» аясында мейрамханалар мен дәмханаларда ардагерлер мен белсенділерді шақыра отырып қайырымдылық акциялары, мерекелік дастархандар, сондай-ақ «Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарында» салтанатты іс-шаралар өткізілді. «Шыңға өрлеу» орталықтарында балалардың ата-аналарымен түрлі іс-шаралар, концерттер және ашық сабақтар ұйымдастырылды. «Отбасын қолдау орталығында» көпбалалы және толық емес отбасылар арасында кеңестер, кездесулер, спорттық жарыстар, дойбы, шахмат, үстел теннисі, бильярд ойындары, концерттер және еңбек ардагерлерімен кездесулер өткізілді.

2025 жылы «Мектепке жол» акциясы аясында аудан демеушілерінің қолдауымен көпбалалы және толық емес отбасылардан шыққан балаларға, сондай-ақ жетім балалар мен мүгедектігі бар балаларға 1000 мектеп сөмкесі таратылды.

 

Білім беру

 

Әуезов ауданында 33 мемлекеттік және 23 жекеменшік мектеп жұмыс істейді. 1-4 сыныптарда 21686 оқушы, 5-9 сыныптарда 25223 оқушы, 10-11 сыныптарда 6278 оқушы. Мектеп жасына дейінгі даярлық сыныптарында 644 бала оқыды. Оқушылар саны – 52959.

47 мектепке дейінгі білім беру ұйымы жұмыс істейді, оның ішінде 6 түзету балабақшасы. Жалпы жобалық қуаттылығы 10596 бала, қазіргі уақытта 10415 бала қамтылған. Бұл балабақшалар: қазақ тілінде – 20, орыс тілінде – 5, аралас тілде – 22, топтардың жалпы саны – 457, оның ішінде қазақ тілінде – 299, орыс тілінде – 158.

2025 жылы ауданның негізгі орта білім деңгейін бітірген түлектер саны 5682 оқушыны құрады (оның ішінде мемлекеттік мектептерден – 5134, жеке мектептерден – 548).

 

Денсаулық сақтау

 

Аудан аумағында 11 медициналық ұйым жұмыс істейді, оның ішінде 5 қалалық емхана, №2 балалар қалалық клиникалық ауруханасы, Қалалық перинаталдық орталық, №5 перзентхана, Қалалық балалар оңалту орталығы, Ер Ерте жастағы балаларды оңалту орталығы және «Балдаурен» шипажайы.

Сондай-ақ, ауданда 38 жекеменшік медициналық мекеме жұмыс істейді, оның ішінде 8 мекеме мемлекеттік тапсырыс аясында қызмет көрсетеді  («Рахат» МО, «ХАК» МО, «МедСервисХирургия» МО, «№55 емхана» ЖШС, «Med Lab» ЖШС, Сұңқар Мед-II МО, «Медлайн» ЖШС, «Open Medical Chanel» МО).

Аудан халқының тіркелген саны: 355 мың адам, мемлекеттік емханаларда тіркелгендер – 249 501 адам, оның ішінде: №6 ҚЕ – 55 844; №10 ҚЕ – 59 399; №15 ҚЕ – 45 745; №16 ҚЕ – 56 618; №18 ҚЕ – 31 895. Мемлекеттік тапсырыс бойынша жекеменшік емханаларда тіркелгендер саны – 93 566 адам. Барлығы – 343 067 мың адам.

 

Мемлекеттік қызметтер

Қоғамдық даму бөлімі мемлекеттік қызметтерді ҚР «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңына, ҚР Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 5 қарашадағы № 605 «Шақырудан кейінге қалдыру беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» және «Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары» бұйрығына сәйкес көрсетеді.

«Электрондық үкімет» порталы арқылы 679 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде: азаматтарды шақырудан босату – 218 және кейінге қалдыру беру – 461. Көрсетілген мемлекеттік қызметтерге шағымдар – жоқ.

 

Негізделген бас тартулардың жалпы саны – 278. Оның ішінде:

азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату – 32;

шақырудан кейінге қалдыру беру – 246.

 

Мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған құжаттар тізбесі регламенттелген, құжаттарды қабылдау eGov.kz арқылы жүзеге асырылады, уәкілетті органдардың тексерулері тұрақты негізде жүргізіледі. Барлық бас тартулар негізделген, жоғары тұрған мемлекеттік органдарға және сотқа шағымдар жоқ.

ТӘУЕКЕЛ: Қоғамдық даму бөлімінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. Барлық мәселелер жедел түрде шешіледі.

ҰСЫНЫМ: Мемлекеттік қызмет көрсету барысында және бөлім қызметінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын қатаң сақтау.

 

  1. I Бақылау-қадағалау функциялары

«Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі аппараты» КММ туралы Ережеге сәйкес, Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 30 қаңтардағы № 1/47 қаулысымен бекітілген, Әуезов ауданы әкімінің аппаратында бақылау-қадағалау және рұқсат беру функциялары жоқ.

2025 жылдың басынан бастап мемлекеттік қызметшілердің ар-ождан кодексін сақтау, ӘРПК талаптарын орындау, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарын, мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің кірістері туралы декларацияларды тапсыру мерзімдері мен ережелерін түсіндіру мәселелері бойынша 9 семинар-кеңес ұйымдастырылды.

Мемлекеттік қызметшілер тестілеуден өтіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы білу туралы сертификаттар алды. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу мәселесі аудан басшылығының ерекше бақылауында.

 

  1. Қорытынды бөлім

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданып жатқан шараларды жетілдіру бойынша ұсыныстар:

  • аналитикалық анықтамаға қол қойылған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде ішкі талдау барысында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу;
  • жұмыс тобы аналитикалық анықтамада көрсетілген ұсынымдардың орындалуына мониторинг жүргізіп, ұсынымдардың орындалуын аналитикалық анықтамаға қол қойылған күннен бастап 6 айдан кешіктірмей қамтамасыз ету;

Әуезов ауданы әкімінің интернет-ресурсында аналитикалық анықтамадағы ұсынымдар мен іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат орналастыру.

 

Жұмыс тобының төрағасы:                                                       Л. Джетыбаева

 

 

Жұмыс тобының хатшысы:                                                                     М. Мұқаш

 

Жұмыс тобының мүшелері:                                                                     А. Джакупова

 

А. Адамбаева

 

 

                                                                                                                  А. Тохтарбаева

 

                                                                                                                 

 

                                                                                                                  Б. Ибраева

 

 

«Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі аппараты» КММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері туралы АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Дата публикации
15 мая 2026