Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесіне 200 ден астам адам қатысты

Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесіне 200 ден астам адам қатысты

Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментімен бірлесіп мемлекеттік қызметтер көрсету жәрмеңкесін өткізді.
Аталған іс-шараға білім, денсаулық сақтау, мемлекеттік кірістер, көші-қон, полиция, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау, қорғаныс, цифрландыру және тағы басқа да ведомтсволар мен мемлекеттік қызмет көрсететін органдардың өкілдері қатысты. Жәрмеңкенің мақсаты – азаматтарды мемлекеттік қызметтер туралы сапалы ақпаратпен қамтамасыз ету, түрлі құзырлы органдар өкілдерінің қатысумен тұрғындарға салалық сапалы кеңестер беру.