Лого

Меню

Страницы

Статья

Азаматтардың өтініштері

Алмалы ауданы әкімінің аппаратында азаматтарды қабылдау, олардың өтініштерін қарау және шағымдану тәртібі Қазақстан Республикасының 2007.01.12 № 21 - III «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы»  заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері ҚР Заңдарында белгіленген мерзімде қаралып, құжаттар толық орындалғаннан кейін ғана бақылаудан алынады.

Электронды құжаттарды ЭҚАБЖ-да тіркеу және орындалуын бақылау ҚҚЕ бөлімінің қызметкерімен электронды тіркеу карточкасын пайдалану арқылы жүзеге асады. Ерекше назар электронды қолтаңба құралдарын пайдаланумен электронды құжат айналымына бөлінеді.

ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 4 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасының орталық және атқарушы органдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыру туралы» №974 Қаулысына сәйкес Алмалы ауданы әкімінің және орынбасарларының бекітілген кесте бойынша жеке қабылдаулары жүргізіледі.

Барлық хат-хабарларды жедел және сапалы өңдеу, оларға талдау жасау, уақтылы орындау – Алмалы ауданы әкімі аппаратының қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады.

Жеке тұлғаларды, заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау мәселесін, сондай-ақ өтініштер мен сұрау салуларды қарау нәтижелері бойынша шешімдерге және (немесе) әрекеттерге (әрекетсіздікке) шағымдану тәртібін қоса алғанда, өтініштер мен сұрау салуларды қарауды ұйымдастыру жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы жетекшілік етеді

Байланыс телефоны: 8 (727) 313-31-12

Дата публикации
07 июня 2022
Дата обновления
17 апреля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Тұрғындарға арналған ақпарат
03 августа 2026
Тұрғын үй көмегі
Ақпарат
24 июля 2026
2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы өтеді
Пайдалы ақпарат
24 июля 2026
Өзіңіздің сайлау учаскеңізді білу үшін QR-кодты сканерлеңіз

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы