
Халыққа қызмет ететін адамдардың адалдығы және әділдігі, өз жұмысына деген жауапкершілігі, қоғам мен азаматтардың сенімін туғызуы – әрбір мемлекеттік қызметкердің міндеті. Қоғамда қызметші туралы дұрыс пікір, оң көзқарас, оған деген айқын сенімділік қалыптасуы қажет. Мұндай сенім мен құрметке жету оңай емес. Бұл үшін бір ғана кәсіби білімділік пен білгірлік жеткіліксіз, одан басқа қызметшінің жеке мінезқұлық мәселесі және бар. Яғни, кызметшінің кәсібилік деңгейі мен жоғары моральдық адамгершілік қасиеттері қатар тұру керек. Сондықтан, бүгінгі күні мемлекеттік қызметшінің әдебі мен мінез-құлық мәселелеріне үлкен мән берілуде. Кәсібилік пен әдептілік қосылып, мемлекеттік қызметшінің тұтас имиджін көрсетеді. Халыққа қызмет ететін адамдардың адалдығына және әділдігіне қоғам мен азаматтардың сенімін туғызуға мүмкіндік береді.
Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілінің жыл бекітілген жоспарына сәйкес, аппараттың мемлекеттік қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін тәртіптік, қылмыстық және әкімшілік бұзушылықтардың алдын алу мақсатында еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтау мәселесі бойынша тұрақты түрде жеке қабылдаулар, дөңгелек үстелдер мен семинарлар өткізіледі. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын сақтау қажеттілігі және жол берілген бұзушылықтар үшін тәртіптік жауапкершілік шаралары қолданылатындығы туралы ескертіледі.
Мемлекеттік қызметшілердің жеке істерінде ант беру мәтіні, ҚР Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп нормаларымен танысу парақтары, шектеулер, жауапты лауазымды атқаратын адамдар алған сыйлықтарды мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға тапсыру бойынша жадынамалармен таныстырылады.
Аппаратта қызметке тікелей бағынысты бос лауазымдарға орналасу кезінде жақын туыстары ата-аналар (ата-анасы), балалары, асырап алушылар, асырып алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-қарындас-сіңлілері, атасы, әжесі, немерелері, жекжаттар деп – жұбайының (зайыбының) аға-інілері, апа-қарындас-сіңлілері, ата-аналары мен балаларын қызметке алу фактілеріне талдама үнемі жүргізіліп отырады.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес жүйелі түрде қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, сондай-ақ бөлім қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қолданудың тиімділігін арттыруға бағытталған жұмыстар жүргізіледі.
Жарқын болашағымызды достықта, келісімде және бірлікті құрудың аса маңыздылығын түсінеміз. Әрбір қоғам дамуының күнегей жағымен қатар көлеңкелі тұсыда қатар жүретіндіктен, елімізде әлеуметтік хал-ахуалды жақсартып, экономикалық жоғары даму деңгейіне жетуді, халқымыздың демографиялық өсіп-өнуін көздеген шаралар жасалынып жатқан кезде, әр мемлекеттік қызметші азаматтардың мүдделерін бәрінен жоғары қоюы керек және жүктелген міндеттемелерді адал орындауды өз міндеті деп санауы тиіс деп білемін.
Әбілқақова Күлия Қабілмәлікқызы,
Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппаратының басшысы