Лого

Меню

Страницы

Статья

«Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсын өткізу бойынша хабарландыру

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы №250 «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы туралы» өкімін орындау үшін Алматы қаласының аудандарында «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының 1 кезеңі өтеді.
Байқаудың мақсаты –отбасы институтын нығайту, балаларды тәрбиелеудегі ата-аналардың жауапкершілігін арттыру, отбасылық құндылықтарды жаңғырту және кеңінен дәріптеу, қазақстандық отбасының жағымды имиджін дәріптеу болып табылады.
Конкурсқа қатысуға мүшелері еңбекте, спортта, шығармашылық, зияткерлік салада, ғылымда жоғары жетістіктерге жеткен отбасылар қатыса алады.
Конкурсқа қатысуға өтініш аудандық комиссияға мынадай құжаттармен бірге беріледі:
1.ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
2.асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін – жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;
3.неке қию туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
4.ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
5.балаларды тәрбиелегені үшін алған көтермелеулердің, белгілі бір жетістіктері үшін алған көтермелеулердің бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
6.балалардың, ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жұмыс (оқу) орнынан анықтамалар және мінездемелер;
7.ұсынымдар (әріптестерінің, көршілерінің, достарының);
8.отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік саладағы, ғылымдағы жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері.
Ұлттық конкурсқа қатысу үшін құжаттарды 2022 жылдың 15 мамырынан 15 маусымға дейін Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппататына келесі мекен-жай бойынша тапсыруға болады: Толе би, 67 немесе ауданның «Бақытты Отбасы» орталығына келесі мекен-жай бойынша: Наурызбай батыр көшесі 106 А. Байланыс телефоны:87773120808 (ватс ап) эл. почта 2727912@mail.ru.
Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға арналған мына өтінімді толтырыңыз! #Otbasym2022

«Мерейлі отбасы»
ұлттық конкурсын
өткізу қағидаларына
қосымша
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға арналған
өтінім
1.Отбасы құрамы:
Р\с №
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Туыстықдәрежесі Туғанкүні (күні, айы, жылы) Жұмыс, оқуорны, қызметтүрі, лауазымы Тұрғылықты мекенжайы, байланыс телефоны
2. Отбасылықөміртәжірибесі_____________
3. Отбасытарихынсипаттау (отбасылықдәстүрлер, құндылықтар, отбасындағыбалалардытәрбиелеуерекшеліктері) ________
4. Отбасы мүшесінің тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) көрсете отырып, еңбектегі, спорттық, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми, қоғамдық пайдалы (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) қызметтегі отбасының (немесе отбасы мүшелерінің) жетістіктері: ________________
5. Наградалардың, сыйақылардың болуы (грамоталардың, алғыс хаттардың, дипломдардың, сертификаттардың көшірмелері қоса беріледі) ______
6. Отбасы мүшелерінің қоғамдық қызметін көрсететін әлеуметтік желілердегі аккаунтқа сілтеме (бар болса) ________________________
7. Отбасылық фотосуреттер (электрондық нұсқасымен бірге 5 данадан аспайды)
8. Отбасыны таныстыратын (ұзақтығы 2 минуттан аспайды) бейнеролик
9. Өзге де құжаттар _______________
Қолы ____
Күні ____

 

Дата публикации
14 мая 2022
Дата обновления
14 мая 2022
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Тұрғындарға арналған ақпарат
03 августа 2026
Тұрғын үй көмегі
Ақпарат
24 июля 2026
2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы өтеді
Пайдалы ақпарат
24 июля 2026
Өзіңіздің сайлау учаскеңізді білу үшін QR-кодты сканерлеңіз

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы