Лого

Меню

Страницы

Статья

«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады!

Тақырыбы: «Заңды тұлғаның кабинеті. Бизнес иелері үшін БЖЗҚ онлайн-сервисі».

БЖЗҚ 2022 жылдың 18 наурызында онлайн форматта «Ашық есік күнін» өткізеді.

Іс-шараның мақсаты – салымшыларға заңды тұлғаның жеке кабинетімен, заңды тұлғалар үшін «БЖЗҚ» АҚ электрондық қызметтерімен, сондай-ақ салымшылар ретінде оларға қолжетімді қызметтер тізбесімен таныстыру жөніндегі ақпаратты ұсыну болып табылады.

Ашық есік күні Қор салымшыларының барлық санаттары үшін, соның ішінде кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары, жеке кәсіпкерлер, шағын және орта бизнес қатысушылары үшін өткізіледі.

Іс-шараны өткізу барысында салымшыларға (алушыларға) заңды тұлғалардың кабинетінде «БЖЗҚ» АҚ электрондық сервистерін пайдалану алгоритмі көрсетілетін болады.

Сервис салық агенттері болып табылатын жұмыс берушілерге арналған, олардың міндеттеріне қызметкерлердің зейнетақы жарналарын аудару кіреді. Қазіргі уақытта сервис пайдаланушыға міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және ерікті зейнетақы жарналарын төлеу бойынша төлем тапсырмаларын құруға, редакциялауға және баспаға жіберуге мүмкіндік береді.

Аталған сервистің аясында редакциялау (қызметкерлерді алып тастау және қосу) мүмкіндігімен бірге қорға төлемдері жіберілуі тиіс қызметкерлердің тізімін көруге болады. Бұдан бөлек, сервис төлемдер тарихынан бұрын құрылған төлем тапсырмалары бойынша барлық деректерді көруге мүмкіндік береді.

Заңды тұлғаның кабинетіне кіру рұқсаты қол қоюға құқығы бар заңды тұлғаның бірінші басшысына немесе заңды тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы берген Электрондық цифрлық қолтаңба болған кезде ғана қаржылық құжаттарға қол қою құқығы берілген тұлғаға берілген.

Сондай-ақ кездесу барысында жауапты қызметкерлер салымшыларды қызықтырған басқа да сұрақтар бойынша жеке кеңестер де береді.        

Естеріңізге саламыз, «Ашық есік күні» 18 наурызда 10.00 мен 15.00 аралығында үш сессияда онлайн форматта  өтеді. Іс-шараға қатысу үшін әрбір қатысушы сілтеме бойынша өтуі қажет. Содан кейін event-кеңес нөмірін енгізу, және event-кеңес паролін енгізу қажет.

 

Күні мен уақыты: 18 наурыз 2022 ж. 

10.00 -11.00 мемлекеттік/ орыс тілдерінде өтеді

Қатысушыларға арналған еvent-кездесудің мекенжайы:

https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=ed6e87babc039ae30b602c2b17869bc5f

Еvent-кездесу нөмірі: 2518 826 1431

Еvent-кездесу құпиясөзі: MHU727

 

Күні мен уақыты: 18 наурыз 2022 ж.

12.00 -13.00 мемлекеттік/ орыс тілдерінде өтеді

Қатысушыларға арналған еvent-кездесудің мекенжайы:

https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e3709e12104412cd82f6ff4d79fc93d82 Еvent-кездесу нөмірі: 2514 513 2911

Еvent-кездесу құпиясөзі: S8QVXP

 

Күні мен уақыты: 18 наурыз 2022 ж.

14.00 -15.00 мемлекеттік/ орыс тілдерінде өтеді

Қатысушыларға арналған еvent-кездесудің мекенжайы:  

https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e41cf568bf24ef0f33b072b2cd750ec40

Еvent-кездесу нөмірі: 2511 717 2090

Еvent-кездесу құпиясөзі: WWR775

 

«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күнінде» өзінің салымшыларын, алушыларын және қатысуға ниет білдіргендерді күтеді!  

 

Байланыс жасайтын тұлға  - Абуева Гулдана Нургалиевна, 7 778 888 7366

Дата публикации
15 марта 2022
Дата обновления
15 марта 2022
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Тұрғындарға арналған ақпарат
03 августа 2026
Тұрғын үй көмегі
Ақпарат
24 июля 2026
2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы өтеді
Пайдалы ақпарат
24 июля 2026
Өзіңіздің сайлау учаскеңізді білу үшін QR-кодты сканерлеңіз

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы