Лого

Меню

Страницы

Статья

Азаматтық хал актілері бойынша жиі қойылатын сұрақтар

Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру

Азаматтық хал актілерінің жоғалған жазбаларын қалпына келтіру туралы өтініштер Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген тіркеуші органға өтініш берушінің қалауы бойынша беріледі.

Тіркеуші орган жоғалған жазбаны қалпына келтіру мүмкін болмаған кезде азаматтық хал актісін мемлекеттік тіркеу фактісі сот тәртібімен анықталады.

Қалпына келтіру үшін қажетті құжаттар:
1) 28, 30 - қосымшадағы қағидаларға сәйкес нысан бойынша акт жазбасын қалпына келтіру туралы өтініш (бұдан әрі-өтініш);;

2)жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);;
3)көрсетілетін қызметті алушының және оның жақын туыстарының (ата-анасы, балалары, аға-інілері және апа-сіңлілері) деректері толық көрсетілген Өмірбаян;
4) еңбек кітапшасының көшірмесі немесе ҚР Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қызметін растайтын басқа құжат, егер көрсетілетін қызметті алушы студент болса-оқу орнынан туған күні мен жері көрсетілген анықтама (бар болса);
5) Егер көрсетілетін қызметті алушы әскери міндетті болып табылса, әскери билеттің көшірмесі (бар болса);
6) көрсетілетін қызметті алушының көлемі 3*4 см екі фотосуреті.;
7) бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат немесе салық жеңілдіктерін беру үшін негіз болып табылатын құжаттың көшірмесі.
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жүргізілген азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктердің көшірмелері қосымша ұсынылады:
8) егер некеде (ерлі-зайыптылықта)тұрса, неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік;
9) балалардың туу туралы куәліктері (бар болған жағдайда) ;

10) ата-анасының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін) не ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлік, ата-анасының неке қию туралы куәлігі (бар болса);
11) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат; ;
12) егер көрсетілетін қызметті алушы зейнеткер болып табылса, зейнетақы куәлігінің көшірмесі қоса беріледі.

Заңды күшіне енген сот шешімі негізінде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы:

1) 26-қосымшадағы қағидаларға сәйкес нысан бойынша сот шешімінің негізінде акт жазбасын қалпына келтіру туралы өтініш; ;
2)көрсетілетін қызметті алушының жеке куәлігі (жеке басын сәйкестендіру үшін);
3) мемлекеттік тіркеудің орны мен уақыты көрсетіле отырып, акт жазбасын қалпына келтіру туралы заңды күшіне енген сот шешімі туралы мәліметтер қоса беріледі.

Тарихи отанына оралған адамдар Қазақстан Республикасына заңды көшіп келгені туралы және олардың Қазақстан Республикасының азаматтығын алу туралы өтініш хаттары туралы Ішкі істер органдары берген құжаттарды қосымша ұсынады.
Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру үшін көрсетілетін қызметті алушы азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіруге қажетті мәліметтерді растайтын құжаттарды (жұмыс немесе оқу орнынан анықтама, білімі туралы құжаттар, мемлекеттік мұрағаттардың анықтамалары) ұсынады.

Қызметті ақы төлеу:
азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіруге байланысты куәліктер бергені үшін - 0,5 АЕК;

Азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде растайтын құжаттарды ұсынған кезде мемлекеттік баж төлеуден босатылады:

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым-1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен, қорғаншылар (қамқоршылар), мемлекеттік ұйымдар – туу туралы куәліктерді тіркегені және қайтадан бергені үшін;

Өтінішті қарау мерзімі-3 (үш) жұмыс күні.

АХАЖ АЖ-да азаматтық хал актісі жазбасын қалпына келтіру үшін негіз болып табылатын акт жазбалары болмаған кезде қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде хабардар ете отырып, күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайтын мерзімге ұзартылады (Мемлекеттік корпорация арқылы келіп түскен өтінішті қарау мерзімі ұзартылған кезде Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияға жібереді).;
портал арқылы берген кезде-өтініштің қабылданғанын растау және азаматтық хал актісін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің берілген күнін тағайындау туралы хабарлама 1 (бір) жұмыс күні ішінде жеке кабинетке жіберіледі;

Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесі:

1) Азаматтық хал актісін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе анықтама;;
2) мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде, электрондық түрде, портал арқылы өтініш беру кезінде азаматтық хал актісін мемлекеттік тіркеу туралы анықтама немесе дәлелді бас тарту жолданады.

Қалай заңды некеге тұруға болады?

Өтініш Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген тіркеуші органға (АХАТ) беріледі.

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

1)  көрсетілетін қызметті беруші арқылы;
2)  қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері;
3) портал арқылы.

Егер сіз бұрын үйленген болсаңыз

Егер жасалатын неке сіз үшін және сіздің екінші жартыңыз үшін бірінші болып табылмаса, сіз Қазақстан аумағындағы кез келген тіркеуші органға (АХАТ) некені тіркеуге өтініш бере аласыз.

Егер ерлі-зайыптылардың біреуінің жасы 18 жасқа толмаған болса

Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген тіркеуші органға (АХАТ).
Заңнамада белгіленген Неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету қажет болған кезде қосымша ұсынылады:

1) осы қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету туралы өтініш;
2) белгіленген неке жасын төмендету қажеттігін растайтын құжаттар: жүктілік туралы дәрігерлік-біліктілік комиссиясының анықтамасы немесе ортақ баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер;
3) неке жасына толмаған некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың заңды өкілдерінің келісімі;
4) заңды өкілдердің өкілеттіктерін растайтын құжаттар туралы мәліметтер.
Алдыңғы некелері (ерлі-зайыптылықтары) болған кезде деректерді тексеру үшін некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу немесе жұбайының (зайыбының) қайтыс болуы туралы мәліметтер ұсынылады.
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы тиісті куәліктердің(апостиль қойылған/заңдастырылған, қазақ немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы бар) көшірмелері (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары) ұсынылады.

Некені тіркеуге болмайтын жағдайлар?

Арасында неке қиюға (ерлі-зайыпты болуға) жол берілмейді:

1) бір жынысты адамдар;
2) олардың ең болмағанда бір адамы басқа тіркелген некеде (ерлі-зайыптылықта) тұратын адамдар;
3) жақын туыстар;
4) бала асырап алушылар мен асырап алынған балалар
5) соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша олардың ең болмағанда біреуі психикалық ауруы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың арасында жол беріледі.

Егер сіздің жартыңыз Қазақстан Республикасының азаматы (-лары) болып табылмаса

1) осы қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушылардың жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
3) бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат;
Шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар қосымша ұсынады:

некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтама (апостиль қойылған/заңдастырылған, орыс немесе мемлекеттік тілдегі аудармасы бар);
- Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын ұсынады;

  • Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адам тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының белгісі бар азаматтығы жоқ адамның куәлігін ұсынады;
  • - Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамның тұрақты тұратын мемлекет азаматы болып табылатын елдің құзыретті органдары берген оның жеке басын куәландыратын құжатты және олардың мәтінінің қазақ немесе орыс тіліндегі нотариатты куәландырған аудармасын ұсынады.
    Шетелдіктің, азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттардың мәтіні аудармасының дұрыстығы шетел азаматы болып табылатын Мемлекеттің немесе азаматтығы жоқ адамның тұрақты тұратын мемлекетінің дипломатиялық өкілдігінде немесе консулдық мекемесінде не сыртқы саяси ведомствосында куәландырылуы мүмкін.
    Жеке басты куәландыратын құжаттарды көрсетумен қатар, олардың мәтінінің нотариатта куәландырылған мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасын ұсынады.
  • Қажет болған жағдайда-өзі азаматы болып табылатын Мемлекеттің құзыретті органынан некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) рұқсаты.

Некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтама

Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасының бар-жоғын тексеру Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу үшін некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтама беру туралы өтініш келіп түскен кезде АХАЖ АЖ-да он алты жастан бастап жүргізіледі.

Некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтама алу үшін, егер көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеде тұрса, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәліктің немесе жұбайының (зайыбының) қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмелері қосымша қоса беріледі.

Неке туралы куәлік жоғалған жағдайда

Қайтыс болу туралы куәліктерден басқа, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер өздеріне қатысты тиісті акт жазбасы жасалған адамдарға, сондай-ақ осы адамның (сенім білдірушінің) атынан уәкілеттік берілген адамға (сенім білдірілген адамға) жазбаша (нотариатта куәландырылған сенімхат) өкілдік ету үшін беріледі.

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

1) Мемлекеттік корпорация арқылы;
2) портал арқылы.

Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде анықтамаларды электрондық форматта беру-1 (бір) жұмыс күні;
Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы қайталама куәліктер мен анықтамалар беру – 3 (үш) жұмыс күні;

АХАЖ АЖ-да акт жазбасы болмаған кезде қызмет көрсету мерзімі Көрсетілетін қызметті алушыны күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде хабардар ете отырып, күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайтын мерзімге ұзартылады (Мемлекеттік корпорация арқылы келіп түскен өтінішті қарау мерзімі ұзартылған кезде Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияға жібереді).

 

 

Дата публикации
29 октября 2021
Дата обновления
29 октября 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Тұрғындарға арналған ақпарат
03 августа 2026
Тұрғын үй көмегі
Ақпарат
24 июля 2026
2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы өтеді
Пайдалы ақпарат
24 июля 2026
Өзіңіздің сайлау учаскеңізді білу үшін QR-кодты сканерлеңіз

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы