Лого

Меню

Страницы

Статья

«ASHYQ» ҚОСЫМШАСЫ ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДАРҒА БАРУДА ҚАУІПСІЗДІКТІ АРТТЫРАДЫ

ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бірлесіп, елдегі эпидемиологиялық ахуал жөніндегі деректерді бақылау және талдауға арналған «Ashyq» қосымшасын әзірледі

 ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және «Атамекен» ҚР ҰКП бірлесіп, карантиндік кезеңде қызметі шектелген бизнес өкілдері (spa-орталықтар, фитнес- орталықтар, кинотеатрлар) арасында пилоттық жобаны іске асырып жатыр. Енді аталған нысандарға бару үшін арнайы QR-кодты сканерлеп, оны кіреберісте көрсету керек. Қосымша, өз кезегінде қызыл, сары, көк және жасыл статустарға бөлінетін қатер рейтингін көрсетеді.

Қызыл статус жүріп-тұрудің шектелгенін, амбулаториялық бақылауда жүрген тұлғаларды үй жағдайында оқшаулау режимін қатаң сақтауды білдіреді.

Сары статус – жүріп-тұру ішінара шектелген – пайдаланушы ПТР деректер базасында науқас адаммен байланыста болған деп белгіленген: пациентке үйден оқшаулау режимін сақтайтын жерден 500 метрден аспауы тиіс азық-түлік және құрылыс дүкендері, дәріханаларға баруға рұқсат етілген.

Көк статус – бұл статусқа ПТР міндетті болып саналатын орындардан (мысалға әуежай) басқа жүріп-тұруда шектеу қарастырылмаған.

Жасыл статус жүріп-тұруда шектеу жоғын білдіреді, мұндай адам базада COVID-19 індетіне ПТР-тестілеуі теріс нәтиже шыққан пайдаланушы болып шығады.

Осы статустардың көрсетілуі бизнес өкілдеріне карантин уақытында жұмыс істеуге әрі келушілердің өміріне қауіп төндірумеуге мүмкіндік береді. Келушінің қолында смартфоны болмаса қосымшада үйге кіруді басқаратын, келушінің мәртебесін ЖСН арқылы немесе жеке куәлікте орналасқан штрих-кодты сканерлеу арқылы тексере алатын қызметкерлерге арналған функция бар.

Пилоттық жоба болашақта қоғамдық орындарға (сауда және ойын-сауық орталықтары, дүкендер, мейрамханалар, кафелер, вокзалдар, аэропорттар және т.б.)  кіру үшін  Қазақстан Республикасының аумағы бойынша «Ashyq» мобильді қосымшасының таралуын анықтауға жол ашады.

Қазіргі уақытта «Ashyq» мобильді қосымшасын App Store мен Play Market дүкендерінен жүктеуге болады.  

ASHYQ жобасы туралы жиі қойылатын сұрақтар?

ҚР ММЖТ 2021 жылғы 30 сәуірдегі №18 қаулысымен жоба Қазақстан Республикасының барлық өңірлеріне кеңейтілді.

Жобаға келесі кәсіпкерлік объектілері қатыса алады::

- фитнес-клубтар, соның ішінде йога орталықтары;

- спа-орталықтар, сауналар, бассейндер;

- PlayStation клубтарын қоса алғанда компьютерлік клубтар (16 жасқа дейінгі тұлғаларды қоспағанда);

- боулинг клубтары;

- кинотеатрлар, театрлар және филармониялар;

-асхана типі бойынша банкет залдарын, фаст-фудтарды, стрит-фудтарды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері;

- облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар;

- бильярд клубтары;

- Концерт залдары;

- ерікті қатысушылар;

- караоке (5 мамырдан бастап);

- «жасыл» аймақтағы банкет залдары (бір залда 50 адамға дейін, 1 келушіге 4 ш. м. кем емес) (5 мамырдан бастап);

- көрмелер, океанариум, марафондар, көрермендермен спорттық іс-шаралар.

«ASHYQ»  қосымшасын қалай қолдануға болады?

 

 

 

Дата публикации
28 июня 2021
Дата обновления
28 июня 2021
Тип

Сейчас читают

Тұрғындарға арналған ақпарат
03 августа 2026
Тұрғын үй көмегі
Ақпарат
24 июля 2026
2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы өтеді
Пайдалы ақпарат
24 июля 2026
Өзіңіздің сайлау учаскеңізді білу үшін QR-кодты сканерлеңіз

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы