
Құрметті аудан тұрғындары!
2025 жылы 21 қаңтарда сағат 9:00-11:00-ге дейін Алматы қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 128 мекенжайдағы «Ілияс Есенберлин атындағы № 25 мектеп гимназиясы» КММ-де Алмалы ауданының әкімі А.Н. Шамшиннің халықпен кездесуі өткізіледі.
Жиынға қалалық Мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, прокуратура қызметкерлері және аудандық басқарма өкілдері қатысады.
Тұрғындардың өзекті толғандырған мәселелері бойынша ұсыныстарын жинау әлеуметтік желілер Instagram – akimat_almaly, Facebook – akimatalmaly, Telegram – almalyaudany, және 313-31-08, 313-31-12 телефондары арқылы жүргізіледі.