Лого

Меню

Страницы

Статья

Алматы қаласы бойынша мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыстардың өнім берушілері назарына!

Хабарландыру

Алматы қаласы бойынша мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыстардың өнім берушілері назарына!

Алматы қаласының әкімдігі Қазақстан Республикасының «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңының 16-бабына сәйкес, өнім берушілерді хабардар ету мерзімі бойынша «Даму Бала» ақпараттық жүйесінде өнім берушілердің өтінімдерін қабылдау 2025 жылғы 15-21 қаңтар аралығында жүргізілетінін хабарлайды.


Алматы қаласы бойынша мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыстардың өнім берушілеріне!

Техникалық өңдеулердің жүргізілуіне байланысты, өткізілген сабақтар бойынша электронды табель түрінде тек балалардың заңды өкілдерімен келісіліп, электрондық цифрлық қолтаңба арқылы бекітілген жағдайда қабылданатын болады. Балалардың нақты келуін өнім беруші «FaceID» жүйесі жұмысын қайта бастағаннан кейін белгілеуге тиіс, ол туралы қосымша ақпарат «Даму Бала» ақпараттық жүйесінде хабарланатын болады.


Алматы қаласы бойынша мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыстардың өнім берушілеріне!

Алматы қаласы әкімдігі мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыстардың қатысушыларын шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларында өз қызметін жүзеге асыру кезінде өздерін Алматы қаласы әкімдігінің қызметкерлері ретінде таныстыратын белгісіз тұлғалар тарапынан таратылатын жалған ақпараттар мен хабарламаларға сенбеуге шақырады.
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заң аясында мемлекеттік тапсырыстардың жүзеге асырылуы туралы барлық жаңалықтар Алмалы ауданы әкімдігінің ресми сайты (https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-almaly?lang=kk), ресми инстаграмм акаунтында (https://www.instagram.com/akimat_almaly/) және «Даму бала» ақпараттық жүйесі арқылы жаңартылып, таратылады.

 

 

Дата публикации
13 января 2025
Дата обновления
13 января 2025
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Тұрғындарға арналған ақпарат
03 августа 2026
Тұрғын үй көмегі
Ақпарат
24 июля 2026
2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы өтеді
Пайдалы ақпарат
24 июля 2026
Өзіңіздің сайлау учаскеңізді білу үшін QR-кодты сканерлеңіз

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы