
Құрметті Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары!
Құқықтық білім беру – халықтың құқықтық сауаттылығын арттырудың маңызды шарты, азаматтарға мемлекеттік органдардың қызметін және мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін жақсы түсінуге мүмкіндік береді.
Осыған орай, 2024 жылдың 30 мамырында сағат 17.00-де Алматы қаласының Әділет департаменті қала әкімдігімен бірлесіп, азаматтар мен заңды тұлғаларға білікті заң көмегін көрсету басты назарда болатын «Халық заңгері» акциясын өткізеді.
Акция өтетін мекен-жайы: Алматы қаласының Алмалы ауданы Құрманғазы көшесі 107 үй мекен-жайындағы, Қонаев университетінде .