Лого

Меню

Страницы

Статья

Алмалы ауданы мемлекеттік қызметтер көрсету жәрмеңкесінің пресс релизі

Мемлекеттік қызметтер жәрменкесі Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппаратының жұмыспен қымту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің үйымдастыруымен, және Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментінің, Алмалы ауданының санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасының, «Алматы қаласының Еңбек мобильділік орталығы» КММ, Алматы қаласы Алмалы ауданының полиция басқармасының, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы қаласы бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Департаментінің Алмалы аудандық бөлімінің, Алматы қ. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының, Алматы қаласы Алмалы ауданының қорғаныс істері бойынша басқармасының, Алмалы ауданының білім беру бөлімінің, Алматы қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекцияся басқармасының және басқа мемлекеттік ұйымдары өкілдерінің қатысуымен, сондай-ақ «Аяла» әлеуметтік қызмет орталығы» КММ, «Алматы қаласының белсенді ұзақ өмір сүру Орталығы» КММ, Алмалы ауданының отбасын қолдау әлеуметтік орталығы “BAQYTTY OTBASY ORTALYGY», «Отбасы банк» АҚ, Алматы қ. Алмалы ауданының жергілікті қоғамдық бірлестігінің мүгедектер қоғамының, Алмалы ауданының Ардагерлер Кеңесі және басқалардың қатысуымен өткізіледі.
Өткізілетін күні және уақыты: 2024 жылғы 23 мамырда сағат 11:00 ден бастап 13:00 дейін.
Өтетін мекен жайы: Алматы қ., Сейфуллин даңғылы 577 үй, Шевченко көшесінің қиылысы.
Контакттар: 2610840, 2674580, 2674590, 2610281, 2610582, 2728684, 3968048
Регламент. Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі келесі қызметтер көрсету бағыттарын түсіндіруді және жүзеге асыруды қамтиды:
- Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу;
- Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау;
- Тұрғын үй көмегін тағайындау;
- Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау;
- «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәліктер беру»;
- «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу»;
- «Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу»;
- Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу;
- Мүгедектердi техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету;
- Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерді жеке көмекшінің қызметімен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу;
- Естуі бойынша мүгедектер үшін жылына алпыс сағат ымдау тілі маманының қызметтерін қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу;
- Мүгедектердi арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету;
- Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету;
- Ақталған адамға куәлік беру;
- Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және қайтарып алу;
- Спорттық разрядтар беру (біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, спорт төрешісі, II спорт разряды, ІII спорт разряды, 1 жасөспірім разряды, 2 жасөспірім разряды, 3 жасөспірім разряды);
- «Әскерге шақыруды кейінге қалдыру» және «Әскери қызметке шақырудан босату».

 

Дата публикации
21 мая 2024
Дата обновления
21 мая 2024
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Тұрғындарға арналған ақпарат
03 августа 2026
Тұрғын үй көмегі
Ақпарат
24 июля 2026
2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы өтеді
Пайдалы ақпарат
24 июля 2026
Өзіңіздің сайлау учаскеңізді білу үшін QR-кодты сканерлеңіз

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы