2026 жылдың бірінші тоқсаны бойынша Алмалы ауданы әкімінің аппараты қызметінің тиімділігі туралы қорытындылар

АУДАННЫҢ ӘКІМШІЛІК ШЕКАРАСЫ ЖӘНЕ ХАЛҚЫ.
Алмалы ауданы Абай – Назарбаев – Райымбек даңғылдары мен Сайран су қоймасының шығыс бөлігі шекарасында орналасқан. Аумағы 1840 га. 
Аудан халқы – 273 мыңнан аса адам құрайды. 
 
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. 
2026 жылғы қаңтар–ақпан айларының қорытындысы бойынша ауданның негізгі экономикалық даму көрсеткіштерінде оң динамика байқалады.
Бюджетке салықтық түсімдер 220,1 млрд теңгені құрап, жылдық жоспардың 14,1%-ына орындалды, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 8,6%-ға артық (2025 жылдың 2 айы – 202,7 млрд теңге), оның ішінде:
- республикалық бюджетке – 151,4 млрд теңге немесе жоспардың 14%-ы, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңінен 9,4%-ға жоғары (2025 жылдың 2 айы – 138,4 млрд теңге); 
- жергілікті бюджетке – 68,7 млрд теңге немесе жоспардың 14,2%-ы, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңінен 6,8%-ға жоғары (2025 жылдың 2 айы – 64,3 млрд теңге). 
Инвестициялар көлемі 31,8 млрд теңгені құрап, 19,1%-ға өсті.
Тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі 30,4 мың ш.м. құрап, 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 42,3%-ға артты.
Ішкі сауда көлемі 17,4%-ға өсіп, 735,7 млрд теңгені құрады.
 
АУДАН АУМАҒЫН ТАЗАЛАУ
Экономикалық көрсеткіштерден ауданның күнделікті өміріне көшейік. Әкімдіктің кез келген жұмысының негізі — аулаларымыздың, көшелеріміз бен саябақтарымыздың тазалығы. Біз осы бағытта нақты жүйелі жұмыс жолға қойдық, қала әр күн сайын таза әрі жинақы болып тұруы үшін.
Күнделікті атқарылатын жұмыстың ауқымын түсіну үшін айта кетейік: ауданда күн сайын тазалықты 1000-нан астам жұмысшы және 230-дан астам арнайы техника қамтамасыз етеді. Олар үлкен аумақты қамтиды — шамамен 190 шақырым жол, 850-ден астам аула, сондай-ақ ондаған скверлер, аллеялар және бір саябақ. Тұрғындардың өтініштеріне жедел әрекет ету үшін тәулік бойы үш мобильді топ кезекшілік атқарады.
Жыл басынан бері біз 9 ауқымды экологиялық акция өткіздік және 630 текше метрден астам қалдық шығардық. Оларға аудан тұрғындары, шағын және орта бизнес өкілдері, волонтерлер және коммуналдық қызметтер қатысты. Апталық сенбіліктер үлкен қолдау тапты. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы нағыз халықтық қозғалысқа айналды: көршілердің ортақ чаттарда бірігіп, көктемгі тазалыққа түгел аулаларымен шығатынын, ал кәсіпкерлер өз нысандарының айналасын күтіп-баптауға жауапкершілік алғанын көріп отырмыз. Бұл ең басты нәрсені көрсетеді — алмалықтар өз аудандарын шын жүректен жақсы көреді және оған жауапкершілікпен қарайды.
 
ҚОЛАЙЛЫ ҚАЛАЛЫҚ ОРТАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Қолайлы қалалық орта – бұл тек жаңа асфальт, әдемі аллеялар немесе шамдар ғана емес. Ең алдымен, бұл ауданға деген ортақ көзқарасымыз. Яғни тәртіп пен жайлылық әр адамның үйінің, кеңсесінің немесе дүкенінің табалдырығынан басталады. Бұл бағытта біз бизнес қауымдастық тарапынан үлкен қолдау көріп отырмыз.
Благоустройство паспорттарына ерекше тоқталғым келеді. Өткен жылы біз осындай 1200-ден астам келісім жасадық. Әрбір кәсіпкерлік субъектісіне оған іргелес аумақ бекітіледі, сол аумақта тазалықты сақтау міндеттеледі. Биыл да бұл жұмысты жалғастырамыз.
Кәсіпкерлердің ауданымыздың игілігі үшін бізбен бірге жұмыс істеп жатқаны қуантады.
Жоспарлы жұмыстарға келсек, қазіргі уақытта біз конкурс рәсімдері кезеңінде тұрмыз, кейбір жобалар бойынша қорытындылар шығарылып, іске асыру басталып кетті. Сондай-ақ биылғы жоспарға ТЮЗ алдындағы скверді жөндеу, абаттандыру және көгалдандыру, сондай-ақ Гагарин даңғылы бойындағы жаяу жүргіншілер аймақтарын абаттандыру кіреді. Жұмыстарды сәуір айында бастау жоспарлануда.
 
АБАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ КӨГАЛДАНДЫРУ
Бірақ қолайлы орта тек жаяу жүргіншілер аймақтары ғана емес. Ең алдымен, бұл – біздің ағаштарымыз. Тарихи тұрғыда Алмалы ауданы – ең жасыл әрі жайлы аудандардың бірі. Бұл мәртебені сақтау және арттыру үшін біз жүйелі жұмыс жүргізіп келеміз. Енді көгалдандыру жоспарларына тоқталайық.
Ағымдағы жылы 50 мыңнан астам бұта мен 400 ірі ағаш отырғызу жоспарлануда (Гагарин даңғылы, Қарасай батыр көшесі, ТЮЗ сквері).
Сондай-ақ 6 700-ден астам ағашқа санитарлық қырқу жұмыстары жүргізілді (2026 жылға жоспар – 34,2 мың ағаш).
 
«ХАЛЫҚТЫҢ ҚАТЫСУ БЮДЖЕТІ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ
Сіздер «Халықтың қатысу бюджеті» қалай жұмыс істейтінін жақсы білесіздер. Бұл жай ғана бағдарлама емес, бұл – қала тұрғындарына өз идеялары арқылы қалалық инфрақұрылымды жақсартуға мүмкіндік беретін тікелей құрал.
Бұл жоба адамдарды жергілікті мәселелер төңірегінде біріктіріп, көршілерді белсенді талқылауға тартады. Тұрғындар аула, саябақ немесе скверді қалай тиімді абаттандыру керектігін егжей-тегжейлі талқылап, кейін онлайн дауыс беру арқылы жеңімпаз жобаларды таңдайды.
2026 жылы 19 жоба жүзеге асырылады. Оның 11-і аулаларды жөндеуге, 8-і қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру мен көгалдандыруға бағытталған.
 
АУЛА АУМАҚТАРЫН АҒЫМДАҒЫ ЖӨНДЕУ
2026 жылы ағымдағы жөндеу аясында 34 аула жаңартылады.
ИНЖЕНЕРЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЖАҢҒЫРТУ
Аулаларды сыртынан ретке келтіре отырып, біз жер астындағы инфрақұрылымды да жүйелі түрде жаңартып келеміз. Енді ауданның инженерлік инфрақұрылымын жаңарту жоспарларына тоқталайық.
Жылу желілері.
«Алматы жылу желілері» ЖШС (АлТС) күшімен 19 мекенжай бойынша жалпы ұзындығы 8,8 км жылу желілерін қайта жаңарту жүргізіледі.
Сумен жабдықтау.
«Алматы Су» МКК бойынша 2026 жылы 5 мекенжайда жалпы ұзындығы 2,4 км желілерді қайта жаңарту жоспарланған (2 су құбыры жобасы – 1,4 км; 3 су бұру жобасы – 1 км).
Электрмен жабдықтау.
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ 22 мекенжай бойынша жалпы ұзындығы 93,3 км электр желілерін қайта жаңартуды жоспарлап отыр.
Газбен жабдықтау.
«QazaqGaz» Аймақ» АҚ 9 мекенжай бойынша жалпы ұзындығы 17,1 км газ желілерін қайта жаңартуды жүргізеді.
 
БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ
Ауданда 49 мектеп, 60 балабақша және 25 медициналық ұйым бар.
Білім беру басқармасы бойынша.
Маусым айында 16-мектепте 300 орындық қосымша ғимарат пайдалануға беріледі, ал 124-мектепте сейсмикалық күшейтумен бірге күрделі жөндеу аяқталады. 128-мектеп бойынша жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда.
Мектепке дейінгі ұйымдар бойынша: биыл маусымда 10-балабақшада күрделі жөндеу аяқталады, шілде айында Тастақ ықшамауданында жаңа балабақша пайдалануға беріледі. Сондай-ақ тағы төрт балабақшаны (13, 21, 43-балабақшалар және Мауленов көшесіндегі «Теремок» балабақшасы) күрделі жөндеуге ЖСҚ әзірленуде.
Денсаулық сақтау бойынша.
Осы жылдың соңына дейін екі ірі нысан пайдалануға беріледі: салынып жатқан алғашқы перзентхана және Айтеке би мен Масанчи көшелерінің қиылысында орналасқан ауысымына 500 қабылдауға арналған жаңа емхана. Жұмыстар бекітілген кестеге сай жүргізілуде.
Сондай-ақ Тастақ ықшамауданында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған көпфункционалды спорт орталығы салынуда. Құрылыс барысы 40% аяқталған, нысанды қараша айында аяқтау жоспарланған.
 
ТҰРҒЫНДАРМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС
Жалпы, барлық жоспарланған іс-шаралар өз орындалысын табады. Бүгін біз бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша кездесіп отырмыз. Ойлаймын, биыл біз тағы да бірнеше рет кездесеміз, есеп береміз және нақты нәтижелерді бірге көретін боламыз.
Ауданымыздың тұрғындарына белсенділіктері үшін алғыс айтамын, сіздер ешқашан бейжай қалмайсыздар. Біз әрдайым байланыста боламыз және толықтай ашықпыз: Instagram, менің жеке парақшамда, сондай-ақ арнайы Telegram чат-ботымыз арқылы.
Аудан тұрғындарына қолдау мен белсенділігі үшін алғысымды білдіргім келеді. Мен әрқашан Instagram-дағы жеке парақшам және әлеуметтік желілер арқылы байланыстамын.
Республикалық экоакция «Таза Қазақстан» аясында өткізілетін сенбіліктерімізді қолдап жүрген барлық азаматтарға ерекше алғысымызды білдіреміз. Өте қуаныштысы, тек қарттар емес, жастар, волонтерлер, мектеп оқушылары ата-аналарымен бірге шығып жатыр. Себебі тазалық тек көшеден немесе саябақтан басталмайды – ол таза ауладан және көршілік қарым-қатынасынан басталады.
Көктемнің басталуымен біз қазірдің өзінде 3 сенбілік акциясын өткіздік және бұл жұмысты міндетті түрде жалғастырамыз. Барлық тұрғындарды біздің хабарландыруларымызға назар аударуға шақырамыз. «Таза Қазақстан» акциясы аясында біз көшелерге көшеттер отырғызып, қаламызды жасылдандыруды жалғастырамыз. Айтпақшы, осы бастамаға біздің кәсіпкерлер де белсенді түрде ат салысып жатыр.
Құрметті қала тұрғындары, әсем қаламызды аялайық, табиғатымызды құрметтейік, жүрген жерімізді таза ұстайық.  
 
2026 жылдың бірінші тоқсаны бойынша Алмалы ауданы әкімінің аппараты қызметінің тиімділігі туралы қорытындылар
Дата публикации
17 апреля 2026