Алматы қ. Алмалы ауданы
Әкімінің аппаратына
Алмалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2026 жылы 3 айлықта атқарған жұмысы туралы есебі
Алматы қаласы Алмалы аудандық әкімінің аппаратының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі халыққа 15 түрлі мемлекеттік қызметтерді көрсетеді.
2026 жылдың басынан «Семей ядролық полигонында ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәліктер беру» мемлекеттік қызмете біржолғы ақшалай өтемақы алу үшін 26 адамның өтініштері қабылданды, ал Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шегушінің жеңілдіктер алу құқығын растайтын куәлік алу үшін – 55 өтініш қабылданды.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңын жүзеге асыру аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің алдына қойған маңызды міндеті болып табылады. Бұл Заңның орындалуы ең алдымен бала күтімімен отырған әйелдер, жағдайы төмен отбасылары мен мүгедектер сияқты халықтың ең мұқтаж және әлсіз топтарына атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Атаулы әлеуметтік көмек кедейлік шегінен төмен орта кірісі бар азаматтарға төленеді.