2026 жылға арналған жұмыс жоспары

2026 жылы Алмалы ауданында инфрақұрылымды дамытуға, аумақтарды абаттандыруға және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған кешенді іс-шараларды іске асыру жоспарлануда.
Абаттандыру және көгалдандыру бағытында:
•Жасөспірімдер театры алдындағы скверді жөндеу, абаттандыру және көгалдандыру;
•Гагарин даңғылы бойындағы бульвардың жаяу жүргіншілер аймақтарын абаттандыру;
•50 мыңнан астам бұта мен 400 ірі көлемді ағаш отырғызу (Гагарин даңғылы, Қарасай батыр көшесі, ТЮЗ сквері);
•34,2 мыңға жуық ағашқа санитарлық кесу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 2026 жылы 19 жобаны іске асыру көзделген. Оның ішінде 11 жоба аула аумақтарын жөндеуге, 8 жоба қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру мен көгалдандыруға бағытталған.
Инженерлік инфрақұрылым саласында:
•«Алматылық жылу желілері» ЖШС күшімен 19 мекенжай бойынша 8,8 км жылу желілерін реконструкциялау;
•«Алматы Су» МКК тарапынан 5 мекенжай бойынша жалпы ұзындығы 2,4 км сумен жабдықтау және су бұру желілерін реконструкциялау (оның ішінде 2 жоба – сумен жабдықтау, 1,4 км; 3 жоба – су бұру, 1 км);
•«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ тарапынан 22 мекенжай бойынша 93,3 км электр желілерін реконструкциялау;
•«QazaqGaz Аймақ» АҚ тарапынан 9 мекенжай бойынша жалпы ұзындығы 17,1 км газ желілерін реконструкциялау жоспарлануда.
Білім беру саласында:
•№16 мектепке 300 орындық қосымша ғимаратты пайдалануға беру;
•№124 жалпы білім беретін мектепте сейсмикалық күшейтумен күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтау;
•№128 мектеп бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы дайындау.
Мектепке дейінгі білім беру саласында:
•№10 балабақшада күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтау;
•Тастақ шағын ауданында жаңа балабақша салу;
•тағы төрт балабақшаға (№13, №21, №43 және Мауленов көшесіндегі «Теремок» балабақшасы) күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу.
Денсаулық сақтау саласында:
•№1 перзентхананы;
•бір ауысымда 500 адам қабылдайтын жаңа емхананы (Айтеке би көшесі мен Масанчи көшесінің қиылысы) салу жоспарлануда.
Сонымен қатар, Тастақ шағын ауданында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған көпфункционалды спорт орталығын салу көзделген.

2026 жылға арналған жұмыс жоспары
Дата публикации
17 апреля 2026