Алмалы ауданы әкімі аппаратының 2025 жылғы 9 айындағы құжат айналымы

2025 жылғы 1 қаңтар мен 30 қыркүйек аралығындағы кезеңде Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппаратының жалпы құжат айналымы 12 190 құжатты құрады.
Аталған кезеңде қаралған өтініштердің жалпы саны:
Заңды және жеке тұлғалардан түскен өтініштер – 8 431, оның ішінде (заңды тұлғалардан – 2 536, жеке тұлғалардан – 5 895);
- «Open Almaty» қоғамдық қабылдауынан түскен өтініштер – 501, барлығы қаралды, есепті кезеңде қаралуда тұрған өтініштер жоқ;
- басқа мемлекеттік органдарға жолданған өтініштер – 3 794;
- «Қызметтік пайдалану үшін» (ДСП) грифімен келген хаттар – 59;
- қызметтік хат-хабарлар – 2 060.
Есепті кезеңде шығыс хат-хабарлар саны - 1139 құрады.

Алмалы ауданы әкімі аппаратының 2025 жылғы 9 айындағы құжат айналымы
Дата публикации
23 декабря 2025