Алмалы ауданының әкімі А. Н. Шамшиннің Алмалы ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында берілген тапсырмаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары 2025 жылғы 16 қыркүйек
|
№ |
Тапсырмалар |
Жауапты құрылымдық бөлімше |
Мерзімі |
|
1. |
Төле би көшесі, 278 мекенжайы бойынша қоқыс жәшіктерін орнату орнын қайта қарау мүмкіндігін қарастыру. Сондай-ақ тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу. |
Алмалы ауданы әкімі аппаратының коммуналдық шаруашылық бөлімі |
30.09.2025 ж. |
|
2. |
Райымбек даңғылы, 208 мекенжайы бойынша ағаштарға санитарлық кесу жұмыстарын жүргізу мүмкіндігін қарастыру. |
Алмалы ауданы әкімі аппаратының абаттандыру бөлімі |
30.09.2025 ж. |
|
3. |
Райымбек даңғылы, 208 мекенжайы бойынша балалар алаңын талапқа сай күйге келтіру мүмкіндігін қарастыру, немесе қажет болған жағдайда, ескі ойын алаңын алып тастап, оның орнына заманауи әрі функционалды нұсқасын орнату. |
Алмалы ауданы әкімі аппаратының абаттандыру бөлімі |
30.09.2025 ж. |
|
4. |
Өз өкілеттіктері аясында (келісім бойынша) Қалалық мобилділік басқармасымен бірлесіп Райымбек даңғылы бойындағы арық жүйелеріне тексеру жүргізу. Тексеру нәтижесі бойынша тиісті шараларды қабылдау. |
Алмалы ауданы әкімі аппаратының абаттандыру бөлімі |
26.09.2025 ж. |
|
5. |
Өз өкілеттіктері аясында Масанчи көшесінің аумағын санитарлық тазалау және абаттандыру мәселелерін бақылауға алу. |
Алмалы ауданы әкімі аппаратының абаттандыру бөлімі Алмалы ауданы әкімі аппаратының коммуналдық шаруашылық бөлімі |
тұрақты түрде |
|
6. |
Масанчи көшесіндегі сыртқы жарықтандырудың жағдайын Гоголь көшесі мен Жібек жолы даңғылы арасындағы аумақты тексеру. Ақаулар анықталған жағдайда тиісті шараларды қабылдау. |
Алмалы ауданы әкімі аппаратының абаттандыру бөлімі |
26.09.2025 ж. |
|
7. |
Өз өкілеттіктері аясында (келісім бойынша) Полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп, Сейфуллин даңғылы бойында, Қазыбек би көшесінен Төле би көшесіне дейінгі аралықта орналасқан «Dial Residence» тұрғын үй кешенінің маңына сары сызық сызу мүмкіндігін қарастыру. |
Алмалы ауданы әкімі аппаратының кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімі |
30.09.2025 ж. |
|
8. |
Өз өкілеттіктері аясында (келісім бойынша) Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасымен бірлесіп, «Dial Residence» тұрғын үй кешенінде орналасқан заңды тұлғалармен орнатылған жарнамалық маңдайшаларға қатысты профилактикалық жұмыстар жүргізу. Сонымен қатар құзырет шегінде тиісті шараларды қабылдау. |
Алмалы ауданы әкімі аппаратының кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімі |
30.09.2025 ж. |
|
9. |
Өз өкілеттіктері аясында кикшеринг компанияларымен бірлесіп, «Еуразия» тұрғын үй кешенінің маңындағы кіреберіс жолдарда қозғалыс жылдамдығын 10 км/сағатқа дейін төмендету мүмкіндігін қарастыру. |
Алмалы ауданы әкімі аппаратының кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімі |
15.10.2025 ж. |
|
10. |
Жұмалиев көшесі, 144 мекенжайындағы аулаға қосымша автотұрақ қалташаларын орнату және автотұрақ аймағын кеңейту мүмкіндігін қарастыру мақсатында выезд ұйымдастыру. |
Алмалы ауданы әкімі аппаратының абаттандыру бөлімі Алмалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөлімі |
26.09.2025 ж. |