Алмалы ауданының әкімі А. Н. Шамшиннің Алмалы ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында берілген тапсырмаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары 2025 жылғы 21 қаңтар

№

Тапсырма

Жауапты құрылымдық бөлімше

Мерзімі

1.    

"Monumental building" компаниясының басшылығымен (БИН 060840015821) "Millenium Park" ТК пайдалануға беру және пәтерлерді меншік иелеріне беру мерзімдері мәселесі бойынша келіссөздер жүргізу

Алмалы ауданы әкімі аппаратының абаттандыру бөлімі

05.02.25 ж.

2.    

Қарасай батыр көшесі, 126 мекенжайы бойынша ағаштарды санитарлық кесуді жүргізу мүмкіндігін қарастыру. Жедел тәртіппен жұмыс жүргізу мүмкіндігі болмаған жағдайда, 2025 жылғы ағаштарды санитарлық кесу жоспарына енгізу.

Алмалы ауданы әкімі аппаратының абаттандыру бөлімі

05.02.25 ж.

3.    

Мұқанов көшесі, 227 мекенжайы бойынша ағаштарды санитарлық кесуді жүргізу мүмкіндігін қарастыру. Жедел тәртіппен жұмыс жүргізу мүмкіндігі болмаған жағдайда, 2025 жылғы ағаштарды санитарлық кесу жоспарына енгізу.

Алмалы ауданы әкімі аппаратының абаттандыру бөлімі

05.02.25 ж.

4.    

Алматы қаласының Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасымен бірлесіп (келісім бойынша), Жамбыл көшесі, 84 мекенжайында орналасқан тұрғын үйдің тұрғын емес үй-жайларын пайдалану заңдылығын зерттеу үшін орынға шығуды ұйымдастыру. Бұзушылықтар анықталған жағдайда, құзыреті шегінде тиісті шаралар қабылдау.

Алмалы ауданы әкімі аппаратының коммуналдық шаруашылық бөлімі

05.02.25 ж.

5.    

ПБ - мен бірлесіп (келісім бойынша) Абай даңғылы 35 үйінің төбесінде антенна жабдықтарын орналастырудың заңдылығы мәселесін зерделеу. Бұзушылықтар анықталған жағдайда құзыреттер шеңберінде тиісті шаралар қабылдау.

Алмалы ауданы әкімі аппаратының коммуналдық шаруашылық бөлімі

 

Кәсіпкерлік және индустриялық даму басқармасы

05.02.25 ж.

6.    

ПБ - мен бірлесіп (келісім бойынша) Абай даңғылы мен Панфилов көшесінің қиылысында көлік құралдарының тоқтау немесе тұраққа қою ережелерін бұзуға жол бермеу бөлігінде жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттілігі туралы тақтайшаны орнату мүмкіндігін қарастыру.

Кәсіпкерлік және индустриялық даму басқармасы

05.02.25 ж.

7.    

ПБ - мен бірлесіп (келісім бойынша) Тұрғұт Өзала, 71 мекенжайы бойынша мешітке келушілердің көлік құралдарының тоқтау немесе тұраққа қою қағидаларын бұзушылықтарға жол бермеу бөлігінде жол жүрісі қағидаларының сақталуын бақылауға алу.

Кәсіпкерлік және индустриялық даму басқармасы

Тұрақты түрде

8.    

ПБ - мен бірлесіп (келісім бойынша) Жамбыл көшесі, 173 мекенжайы бойынша көлік құралдарының тоқтау немесе тұраққа қою қағидаларын бұзушылықтарға жол бермеу бөлігінде жол жүрісі қағидаларын сақтау мәселесін бақылауға алу.

Кәсіпкерлік және индустриялық даму басқармасы

Тұрақты түрде

9.    

Satpayev University инклюзивтілік орталығымен ынтымақтастықтың ықтимал перспективаларын қарастыру.

Қоғамдық даму бөлімі

05.02.25 ж.

10.         

1 - топтағы мүгедектің байланыс деректерін А. Г. Жиенбековадан сұрау, және оған әлеуметтік қызметкерді бекіту мүмкіндігін қарастыру.

Қоғамдық даму бөлімі

05.02.25 ж.

11.         

Аудан әкімінің жеке қабылдауына Жамбыл көшесі, 84 мекен-жайы бойынша үйді басқару органы алып жатқан жертөле үй-жайларының заңдылығына қатысты үй тұрғынының өкілін шақыру.

Алмалы ауданы әкімі аппаратының коммуналдық шаруашылық бөлімі

01.02.25 ж.

12.         

А. Жиенбекованың өтініштерін қарау қорытындылары бойынша хаттамалық шешімдердің болмау себептерін анықтау, жауапты қызметкерлер заңнама талаптарын бұзған жағдайда тиісті шаралар қабылдау.

Алмалы ауданы әкімі аппаратының коммуналдық шаруашылық бөлімі

05.02.25 ж.

АББРЕВИАТУРА:

ПБ -

Алмалы ауданының Полиция басқармасы

ҚЖжУБ -

Алматы қаласының қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы

КИДБ

Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасымен

 

 

 

Алмалы ауданының әкімі А. Н. Шамшиннің Алмалы ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында берілген тапсырмаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары 2025 жылғы 21 қаңтар
Дата публикации
04 февраля 2025