Сыбайлас жемқорлықпен күресу - баршамызға ортақ іс

Сыбайлас жемқорлықпен күресу - баршамызға ортақ іс
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу дегеніміз - бұл мемлекетте тұрақтылықты қамтамасыз етудің қажетті шарты, кез келген мемлекеттік құрылыстағы басты нәрсе - бұл заңдар өзге де күн тәртібінің жәрдемімен істі лауазым иелері баю жолына түсіп кетпейтіндей етіп ұйымдастыру. Жалпы жұртқа ортақ пайда келуін ойластыратын мемлекеттік құрылыстар ғана әділ, дұрыс болмақ.
Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру, инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс.
Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны айқын.
Сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады.
Алға қойылған міндеттерді іске асыру, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне мүлдем төзбеушілік жағдайын қалыптастыру және оның деңгейін төмендету мақсатында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыруда «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының бірінші кезеңін іске асыру жөніндегі жол картасының орындалуы және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуы бойынша бекітілген Алматы қалалық іс-шаралар жоспары аясында жұмыстар жүргізілуде.
Алмалы ауданы бойынша бекітілген жоспар негізінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында тұрақты негізде жеке қабылдаулар, ашық есік күндері, брифингтер, кездесулер өткізіліп, аудан әкімі аппаратының ресми интернет-ресурсына, әлеуметтік желі парақшаларына ақпараттар, жаналықтар, мақалалар жарияланып тұрады. Бюджеттен бөлінген қаражаттың пайдаланылуы жөніндегі ақпараттар мүдделі бақылаушы мемлекеттік органдарға тапсырылып, аудан әкімінің интернет-ресурсында үнемі жарияланады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру мақсатында «Алмалы – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесі құрылып, Алмалы ауданы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі бекітілді. Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, адалдық, парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру және тұрмыстық жемқорлықты төмендету бойынша бекітілген іс-шаралар жоспары аясында 50-ден астам іс-шаралар өткізілді.
Мемлекет басшынының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында азаматтарға құқықтық көмек көрсету, кеңес беру және түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында Алмалы ауданы әкімі аппараты ғимаратының бірінші қабатындағы кіреберісте «Ашық Алмалы кеңсесі» жұмыс істейді. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық құбылыстары мен өзге де жемқорлық түріндегі күшпен пара алу орын алған жағдайда хабарласу үшін сенім телефоны (261-66-54) жұмыс істейді.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерістерін ашық, ал қызметтердің өзін сапалы ету, сондай-ақ әкімшілік бөгеттерге шек қою - алдымызда тұрған міндет. Осының барлығы түбінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға жол ашады. Жарқын болашағымызды достықта, келісімде және бірлікті құрудың қажеттігін түсінеміз. Сыбайлас жемқорлықпен күресуде қоғамның қолдау көрсетуі арқасында үлкен нәтижелерге қол жеткізе аламыз.
Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Әлемнің көптеген елдері секілді, біздің мемлекетіміз де сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, оның тамырына балта шабуға бағытталған мақсатты жұмыстар жүргізіп келеді. Бұл бағытта күресті қолайлы саяси орта түзеуден бастау тиімді болмақ, ал ол қоғам оппозицияның, нақты сөз бостандығы мен биліктің кіршіксіз болуын көздейді.
Әрбір қоғам дамуының күнегей жағымен қатар көлеңкелі тұсыда қатар жүретіндіктен, елдің әлеуметтік хал-ахуатын жақсарып, экономикалық жоғары даму деңгейіне жетуді, халқымыздың демографиялық өсіп-өнуін көздеген шаралар жасалынып жатқан кезде, алға басқан қадамды кейін тартып, дамуымызға тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту - әрқасымыздың азаматтық борышымыз деп білемін.

Әбілқақова Күлия Қабділмәлікқызы,
Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппаратының басшысы

 

Сыбайлас жемқорлықпен күресу - баршамызға ортақ іс
Дата публикации
12 октября 2020