Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 01 «Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің Алматы қаласының Әділет департаментінде 2024 жылғы 23 тамызда № 1781-02 тіркелген 2024 жылғы № 02 «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 01 «Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімі

Алматы қаласы Алмалы ауданы
әкімінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 01 «Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы


ШЕШТІМ:
1. Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 01 «Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1538 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:
аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімнің Алмалы ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алмалы ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Аудан әкімі        А. Шамшин


«КЕЛІСІЛДІ»
Алматы қаласы аумақтық сайлау

комиссиясының төрайымы  А. Калыкова

Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша сайлау учаскелері
Дата публикации
13 сентября 2024