Қаржы-шаруашылық бөлімінің 2023 жылғы атқарылған жұмысы туралы есебі

ҚАРЖЫ-ШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ
2023 ЖЫЛЫ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСЫ
ТУРАЛЫ ЕСЕП

2023 жылдың басынан бастап қаржы-шаруашылық бөлімі төлемдер мен міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарын нақтылау бойынша жұмыс жүргізді. Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу бойынша мемлекеттік сатып алу жоспары бекітіліп, бюджетті нақтылауға байланысты жыл ішінде оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыстар жүргізілді.
Алмалы ауданында тауарларды сатып алу, қызмет көрсету және жұмыстарды электрондық конкурс тәсілімен, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен, бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу бойынша жұмыстар жүргізілді. Конкурстық құжаттаманы қалыптастыру, мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастыру, шарттарды жариялау және қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Балабақшаларға контингентті ұлғайтуға, сондай-ақ ағымдағы жөндеу жүргізуге қосымша қаражат бөлу туралы қосымша келісім-шарттар жасалды.
Ай сайын аппарат қызметкерлерінің, әлеуметтік қызметкерлердің, штаттан тыс қызметкерлердің шоттарына жалақыны есептеу, уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақыларды, сауықтыру үшін жәрдемақыларды, бюджетті үнемдеу есебінен сыйақыларды төлеу бойынша ағымдағы құжаттар қалыптастырылды, барлық ведомстволық бағынысты мекемелерді қаржыландыру жүргізілді (27 бөбекжай-балабақша КМҚК және 21 жеке меншік), азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау төлеу, үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды санаторлық-курорттық емдеумен, техникалық көмекші құралдармен материалдық қамтамасыз ету, инновациялық техникалық құралдармен қамтамасыз ету, атаулы және тұрғын үй көмегін төлеу төлемдердің басқа түрлері.
Мемлекеттік активтер басқармасына тоқсан сайын кредиторлық және дебиторлық берешек туралы есептер, бюджеттің атқарылуы туралы талдамалы есеп, сондай-ақ Қаржы басқармасына барлық бюджеттік бағдарламалар бойынша қаражатты игеру жөніндегі мәліметтер ұсынылды.
Барлық бағдарламалар бойынша 2023 жылға арналған қосымша бюджеттік өтінімдер қалыптастырылып Қаржы басқармасына жолданды. 2023-2025 жылдарға арналған бюджет әзірленді және бекітілді.
Ай сайын және тоқсан сайын Статистика басқармасына және Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне есептер тапсырылды.
Қазынашылық органдарында шарттарды тіркеу, Қазынашылық арқылы төлем шоттарын жүргізу, банктік құжаттарды тарату және төлемдерді Қазынашылықпен салыстыру бойынша жұмыстар үнемі жүргізіліп отырды. Ай сайын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жеткізушілермен орындалған жұмыстар актілері бойынша салыстыру жүргізілді.
2023 жылға арналған мемлекеттік сатып алу жоспары әзірленді және мемлекеттік сатып алудың веб-порталында орналастырылды. Шарттарды ұзарту бойынша жұмыс жүргізілді, сондай-ақ бірыңғай ұйымдастырушы өткізетін 2023 жылға арналған жұмыстар, қызметтер мен тауарлар конкурстары бойынша техникалық ерекшеліктері дайындалып бірыңғай ұйымдастырушыға берілді. Сонымен қатар 2023 жылға арналған бюджеттік бағдарламалар әзірленіп, бекітілді.
2022 жылғы және 2023 жылғы бірінші жарты жылдықтағы қаржылық есеп (баланс) қалыптастырылды және тапсырылды.
Хаттар мен өтініштер, сондай-ақ депозиттік шоттар бойынша қаражатты қайтару бойынша жұмыстар тұрақты жүргізілуде.

 

Қаржы-шаруашылық бөлімінің 2023 жылғы атқарылған жұмысы туралы есебі
Дата публикации
19 марта 2024