Алмалы аудандық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2023 жылы 12 айлықта атқарған жұмысы туралы есебі

Алматы қаласы Алмалы аудандық әкімінің аппаратының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі халыққа 15 түрлі мемлекеттік қызметтерді көрсетеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтарға бір жолғы мемлекеттік ақшалай өтемақыны төлеудегі кейбір мәселелер туралы» қаулысын жүзеге асыру барысында 2023 жылдың басынан біржолғы ақшалай өтемақы алу үшін 97 адамның өтініштері қабылданды, ал Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шегушінің жеңілдіктер алу құқығын растайтын куәлік алу үшін – 98 өтініш қабылданды.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңын жүзеге асыру аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің алдына қойған маңызды міндеті болып табылады. Бұл Заңның орындалуы ең алдымен бала күтімімен отырған әйелдер, жағдайы төмен отбасылары мен мүгедектер сияқты халықтың ең мұқтаж және әлсіз топтарына атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Атаулы әлеуметтік көмек кедейлік шегінен төмен орта кірісі бар азаматтарға төленеді.

Алмалы аудандық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2023 жылы 12 айлықта атқарған жұмысы туралы есебі
Дата публикации
11 января 2024