Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулер өткізуі туралы» Жарлығына сәйкес, Алмалы ауданының әкімі 2023 жылғы 10 тамызда сағат 11.00-де аудан тұрғындарымен «№34 гимназия» КММ-де (Брусиловский көшесі, 15) кездесу өткізді.
Кездесуге қоғамдық кеңес мүшелері, маслихат депутаттары, аудандық қызмет басшылары, ардагерлер, және аудан тұрғындары қатысты.
Кездесуге қатысқан тұрғындардың жалпы саны 62 адам, барлығы 23 мәселе көтерілді.
Халықпен кездесу қорытындысы бойынша хаттама жасалып, халықпен кездесу барысында көтерілген проблемалық мәселелерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.
Кездесу барысында сын-ескертпелер болған жоқ.