Алмалы ауданы әкімінің тұрақты кездесуі бойынша ақпарат (20.07.2023)

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулер өткізуі туралы» Жарлығына сәйкес, Алмалы ауданының әкімі 2023 жылғы 20 шілдеде сағат 11.00-де аудан тұрғындарымен «М.Дулатов атындағы №136 мектеп-гимназия» КММ-де (Байзақов көшесі, 130) кездесу өткізді.
Кездесуге қоғамдық кеңес мүшелері, маслихат депутаттары, аудандық қызмет басшылары, ардагерлер, және аудан тұрғындары қатысты.
Кездесуге қатысқан тұрғындардың жалпы саны 43 адам, барлығы 25 мәселе көтерілді.
Халықпен кездесу қорытындысы бойынша хаттама жасалып, халықпен кездесу барысында көтерілген проблемалық мәселелерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.
Кездесу барысында сын-ескертпелер болған жоқ.

 

Алмалы ауданы әкімінің тұрақты кездесуі бойынша ақпарат (20.07.2023)
Дата публикации
25 июля 2023