Алмалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2023 жылы 6 айлықта атқарған жұмысы туралы есебі

Алматы қ. Алмалы ауданы
Әкімінің аппаратына

Алмалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2023 жылы 6 айлықта атқарған жұмысы туралы есебі

Алматы қаласы Алмалы аудандық әкімінің аппаратының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі халыққа 15 түрлі мемлекеттік қызметтерді көрсетеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтарға бір жолғы мемлекеттік ақшалай өтемақыны төлеудегі кейбір мәселелер туралы» қаулысын жүзеге асыру барысында 2023 жылдың басынан біржолғы ақшалай өтемақы алу үшін 49 адамның өтініштері қабылданды, ал Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шегушінің жеңілдіктер алу құқығын растайтын куәлік алу үшін – 48 өтініш қабылданды.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңын жүзеге асыру аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің алдына қойған маңызды міндеті болып табылады. Бұл Заңның орындалуы ең алдымен бала күтімімен отырған әйелдер, жағдайы төмен отбасылары мен мүгедектер сияқты халықтың ең мұқтаж және әлсіз топтарына атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Атаулы әлеуметтік көмек кедейлік шегінен төмен орта кірісі бар азаматтарға төленеді.
2023 жылдың басынан жалпы сомасы 39 106 722 теңгені құрайтын атаулы әлеуметтік көмек аз қамтамасыз етілген 140 отбасына тағайындалынды. Атаулы әлеуметтік көмек аз қамтамасыз етілген 138 отбасына төленді, олардың мүшелерінің саны 658 адамды құрап, оларға 33 153 442 теңге төленді. Атаулы әлеуметтік көмектің орташа айлық мөлшері 9 905,45 теңгені құрап отыр.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік жағынан қорғау мақсатында «Мүгедек балаларды үйде тәрбелеп, оқытатын отбасыларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу Ережелеріне» сәйкес, нақты 85 отбасына 5 917 048 теңге сомасына тағайындалды, 85 отбасына нақты төленген қаржы сомасы 5 917 048 теңгені құрайды.
«Еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу» мемлекеттік қызметтке 950 өтініш түсті.
Аз қамтамасыз етілген отбасыларға көрсетілетін әлеуметтік көмек түрлерінің бірі - тұрғын-үй көмегі. Жыл басынан тұрғын-үй көмегіне тағайындау үшін 325 өтініш түсті, оларға тұрғын-үй көмек қызметін көрсету ретінде 2 368 240теңге мөлшерінде сома төленді (11 421 000 теңге берілген жоспардан 20,73 % құрайды).
Тұрғын-үй көмегі Алматы қаласында тұрғылықты түрде тұратын табысы аз және оның иесі болып табылатын азаматтарға көрсетіледі. Егер тұрғын-үйді ұстап отыру мен коммуналды қызмет түрлерін пайдалануға төленетін шығындар тұрғын-үй ауқымының әлеуметтік мөлшері мен коммуналды қызмет түрлерін пайдалану мөлшері аралығында отбасы бюджетінде оның жалпы кірісінің 5% үлесінен асып кетсе, онда жәрдемақы тағайындалады. Тұрғын үй жәрдемақысы мекен-жай анықтамасымен расталады, атаулы түрде көрсетіледі, құжаттар тапсырған айдан бастап, әрбір үш ай сайын кіріс туралы анықтама мен тұрғын-үй коммуналдық қызметтеріне төленген түбіртектердің көшірмесін тапсыра отырып, ауданның Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы әр тоқсан сайын рәсімделеді.
7 АЕК көлеміндегі бір жолдық материалдық көмекке 1541 адам өтініш білдірді. Жыл басынан 1501 зейнеткер жеті айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшеріндегі әлеуметтік көмек берілді. 2023 жылдың басынан жалпы 36 249 150 теңге көлемінде сома төленді (58 056 600 теңге берілген жоспардан 62,43 % құрайды).
20 АЕК көлеміндегі бір жолдық материалдық көмекке 937 адам өтініш білдіріп, 913 қызмет алушыларға 62 997 000 теңге төленді (63 342 430 теңге берілген тапсырадан 99,45% құрайды).
2023 жылдын басынан 6,5 АЕК көлеміндегі ҰОСҚМ әлеуметтік көмекке өтініш түскен жоқ, бұрын тапсырылған 15 адамдарға барлығы 1 681 875 теңге төленді (3 444 430 теңге берілген тапсырмадан 48,82% құрайды).
Жыл басынан су есептегіш құралдарын орнатуға арналған әлеуметтік көмек 3,4 АЕК көлемінде төлемақысын өтеу бойынша 39 адамнан өтініш түсті, 35 адамға 594 335 теңге мөлшерінде сома төленді (1 397 000 теңге берілген тапсырмадан 42,56 % құрайды).
IV категория туберкулезбен науқас азаматтарға 12 АЕК мөлшерінде ай сайын төлеуге тағайындалатын әлеуметтік көмек алуға жыл басынан 53 өтініш түсті, оларға әлеуметтік көмек ретінде 8 796 500 теңге мөлшерінде сома төленді (9 726 662 теңге берілген тапсырмадан 89,55 % құрайды).
Алматы қаласының ЖИТС орталығындадиспансерлік еспте тұрған, АИТВ инфекциясы бар балаларға әлеуметтік көмек тағайындау туралы Республикалық ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 (екі) мөлшерінде 10 өтініш түсті, 3 724 334 теңге мөлшерінде сома төленді (8 843 606 теңге берілген тапсырмадан 42,11% құрайды).
2023 басынан бастап санаторлы-курорттық емделу әлеуметтік көмегін алуға 411 зейнеткерлер өтініш білдірді.
«Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 22.01.2015 жылғы №26 қаулысына сәйкес Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде мүгедектерді техникалық көмекші құралдармен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді.
2023 жылдың басынан мүгедек адамдарға мемлекеттік көрсетілген көмектер:
1.Шипажай-курорттық емдеуге жолдамалар туралы:
1.810 мүгедектерден өтініш қабылданды; 400 адам жолдамалар алды;
2.Жүріп-тұрудың арнайы құралдарымен яғни арбамен қамтамасыз етуге:
109өтініш қабылданды;
89адамға кресло-арба берілді.
3.Сурдо-тифло техникалық құралдармен қамтамасыз етуге 118 өтініш қабылданды:
Жалпы 89 жолдамалар берілген.
4.Санитарлық-гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету туралы 454 өтініш қабылданды:
Санитарлық-гигиеналық құралдар 652 адамға берілд.
5. Протезді-ортопедиялық көмек туралы: 197 өтініш қабылданды,
•202 адамдарға берілді.
6.Жеке көмекшіге қабылданған өтініш саны 384 адам:
•384 адамға көмек көрсетілді.
7.Ыммен көрсету тілінің маманына келіп түскен 90 өтініш болса:
•90 адамға көмек көрсетілді.
8.Медициналық әлеуметтік мекемеге 104 өтініш келіп түсті, 96 адамға жолдама берілді.
9.Үйге келіп әлеуметтік қызмет көрсету туралы өтініштер саны – 53 адам. 50 адамға жолдама берілді.
2023 жылдың басынан «Күміс алқа» мемлекеттік наградасымен марапаттау жайында көп балалы анадан 9 өтініш қабылданды, «Алтын алқа» белгісіне 1 өтініш қабылданды.
2023 жылдан бастап 7 көп балалы аналар «Күміс алқа» белгісін алды (оның ішінде 2022 жылда 2 адам өтініш берген).
Жыл басынан ақталған адамның куәлігін (төлнұсқасын) алуға 8 адам өтініш берді.
Алмалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бойынша Жеңіс Күнінің 78 жылдығы мейрамына ҰОС-ның 11 мүгедектері мен қатысушыларына біржолғы 1 500 000 теңгеден ақшалай әлеуметтік көмек төленді, жалпы төленген сома 16 500 000 теңгені құрады. 206 ҰОСҚМ теңестірілген азаматтарға 100 000 теңгеден біржолғы материалдық көмек төленді, бюджеттен жалпы төленген сома 20 600 000 теңге болды. Ауғанстанда қаза тапқан 6 сарбаздың отбасыларына біржолғы әлеуметтік көмек жергілікті бюджеттен 100 000 теңгеден төленді, жалпы төленген сома 600 000 теңге болды. Женіс Күніне 1486 еңбек майданының қатысушыларына біржолғы әлеуметтік көмек бюджеттен 50 000 теңгеден төленді, жалпы төленген сома 74 300 000 теңгені құрады. Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының 344 ардагерлеріне біржолғы әлеуметтік көмек бюджеттен 100 000 теңгеден төленді, жалпы төленген сома 34 400 000 теңгені құрады. 93 қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдеріне біржолғы әлеуметтік көмек бюджеттен 50 000 теңгеден төленді, жалпы төленген сома 4 650 000 теңгені құрады.
Жеңіс Күніне орай 2 146 адам көмекпен қамтылды, оларға барлығы 151 050 000 теңге төленді.
Іс-шаралар өткен соң есептіқ аңықтамалар мезгілімен «Аманат» аудандық филиалына, оған қоса Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына және Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппаратына өткізіліп тұрды, және ақпарат олардың сайттарында жарияланды.
Алмалы ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде мамандармен Алматы қаласы Әлеуметтік жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының пленарлық кеңестеріндегі нұсқауларын орындау және Алмалы ауданы әкімінің аппаратымен тығыз қарым-қатынас жасау бағытында кеңестер тұрақты түрде өткізіледі. Әлеуметтік төлемдер тағайындау туралы учаскелік комиссияның отырыстары тұрақты түрде өткізіледі.

Бөлім басшысы                                                      К.М. Толысбаева

 

Алмалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2023 жылы 6 айлықта атқарған жұмысы туралы есебі
Дата публикации
20 июля 2023