«Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» КММ-нің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижесі бойыншаТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
30 маусым 2023 жыл Алматы қ.
I. Кіріспе бөлім
«Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» КММ-нің қызметі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілген мекеменің атауы: «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» КММ.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің негізі: Алмалы ауданы әкімінің 2023 жылғы 04 мамырдағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» №88 өкімі.
Аппарат қызметінің талданатын кезеңі: 2023 жылдың І-ші жартыжылдығы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыс тобының құрамымен жүргізілді:
Жұмыс тобының төрағасы:
Әбілқақова Күлия Кәбілмәлікқызы – аппарат басшысы.
Жұмыс тобының мүшелері:
Идрисов Руслан Фаритұлы– әкімнің орынбасары;
Төлеген Әкімхан Әзімханұлы – әкім орынбасарының м.а;
Бекжанова Айнұр Серікқызы – әкімнің орынбасары;
Ерхобаев Ринат Рашитұлы – ұйымдастыру жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы;
Бөжеев Нұрлан Қайсарұлы – мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы;
Ұзақова Гүлмира Төкенқызы – қаржы-шаруашылық бөлімінің басшысы;
Остапенко Виктория Викторовна – азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы;
Манапова Бану Бақдәулетқызы – әлеуметтік сала бөлімінің басшысы;
Айтанов Руслан Айтқалиұлы – коммуналдық-шаруашылық бөлімінің басшысы;
Құсбеков Дияс Мұхтарұлы – мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы;
Қалимолдин Марат Мәутенұлы – «Алмалы Адалдық алаңы» жобасы бойынша Алмалы ауданы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі;
Әлбисенов Ерлан Ибрагимұлы – «AMANAT» партиясы Алмалы аудандық филиалының атқарушы хатшысы;
Мананбаева Раушан Темірбекқызы – Алмалы ауданы әкімінің мүгедектер ісі жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі, Алмалы ауданы мүгедектер қоғамының төрағасы;
Жұмыс тобының хатшысы:
Қайназарова Мөлдір Абдашимқызы – ұйымдастыру жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы.
ІІ. Сипаттама бөлігі
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
1) қолданыстағы құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) аппараттың ұйымдастыру-басқару қызметі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
1. Аппараттың қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер:
Аппарат өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Алматы қаласы әкімдігінің қаулыларына, Алматы қаласы әкімінің шешімдері мен өкімдеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ аппараттың ішкі нормативтік құжаттарына (құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерге және т.б.) сәйкес жүзеге асырады.
Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында Алмалы ауданы әкімінің нормативтік-құқықтық сипаттағы шешімдері – 1, әкімшілік-басқару, жедел және жеке сипаттағы мәселелер бойынша – 115 өкімі қабылданды.
Талдау барысында Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) зерделенді, Алмалы ауданы әкімінің 2018 жылғы 26 наурыздағы № 01 шешімімен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1464 болып тіркелген).
Талдау нәтижелері бойынша әдістеме Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесіне сәйкес келмейтіні анықталды.
2016 жылғы 06 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» ҚР Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес жоғары деңгейдегі нормативтік құқықтық актінің күші жойылды деп танылған кезде, оны іске асыру үшін қабылданған төменгі деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп тануға жатады.
Осы баптың 8-тармағында басқа нормативтік актілердің құқық нормаларын қайталайтын және жаңа құқық нормаларын қамтымайтын нормативтік құқықтық актілер де күші жойылды деп танылуға жатады делінген.
Жоғарыда айтылғандар негізінде, Әдістеме Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының нормаларын бұзады, осыған байланысты күші жойылды деп танылуға жатады.
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту (жою) бойынша оларды жою жөніндегі ұсынымдар: Қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру үшін Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің 2018 жылғы 26 наурыздағы «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» № 01 шешімінің күші жойылды деп тану туралы әкімнің шешімін әзірлеу.
ІІІ. Ішкі құжаттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:
2023 жылдың 1-ші жартыжылдығында Алмалы ауданы әкімінің аппаратына 4859 өтініш келіп түсті, оның 2091-і әкім аппаратының кеңсесі және әлеуметтік желі арқылы 2748 өтініш.
Кеңсеге түскен 2091 өтініш, 2022 жылмен салыстырғанда 40,6% - ға өсті (1241).
Есепті кезеңде Алмалы ауданы әкімінің web-сайтына барлығы – 1384, қаланың әлеуметтік желілеріне – 1357, «Алматы қаласы әкіміне сұрақ бөліміне» - 7, Алмалы ауданы әкімінің сайтына – 20 өтініш келіп түсті. Түскен өтініштердің шешілгені 1295, түсініктеме берілгені 89.
Барлық өтініштер заңда белгіленген мерзімде қаралды, мерзімі өткен өтініштер жоқ.
Әкім аппаратының кеңсесі арқылы түскен 2091 өтініштің оң шешілгені 377 (18%), түсініктеме берілгені 1026 (49%), уәкілетті органдарға жіберілгені 688 (33%), қараусыз қалдырылғаны 13 (0,01%).
Тағы бір диалог алаңы әкімнің жеке қабылдаулары болып табылады, онда тұрғындар өз проблемаларымен тікелей әкімге жүгінеді.
Барлығы 26 қабылдау өткізіліп, 107 адам қабылданды.
Азаматтардың өтініштерінің сипаты бойынша келесідей бөлінеді: коммуналдық сипаттағы -36%, абаттандыру – 33%, әлеуметтік мәселелер -15%, тұрғын үй мәселелері–5%, кәсіпкерлік -2% және басқа мәселелер – 9%.
Аудан әкімінің орынбасарларымен 75 қабылдау өткізіліп, 187 азамат қабылданды.
Талдау барысында бөлімдер туралы ережелер, мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық нұсқаулықтары және кадр мәселелері зерделенді.
2023 жылға арналған штаттық кестеге сәйкес 55 мемлекеттік қызметші, 96 азаматтық қызметші, техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын қызметкерлер, жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің (аумақтық Кеңесіні) 6 төрағасы бекітілді. Барлық қызметкерлердің жеке істері ресімделді, қажеттілігіне қарай өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Ағымдағы кезеңде 52 қызметкерге жұмыс орнынан анықтама берілді.
Қажет болған жағдайда мемлекеттік қызметшілердің қызметтік тізімдеріне жазбалар енгізіледі.
Мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің, сондай-ақ техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын қызметкерлердің еңбекке жарамсыз парақтарын табельдеу және ресімдеу ай сайын жүргізіледі және жалақы төлеу үшін қаржы-шаруашылық бөліміне беріледі.
2023 жылдың 1-ші жартыжылдығында жастар практикасы бойынша 7 қоғамдық қызметкер мен практиканттар қабылданды. Барлық қабылданған қызметкерлермен еңбек шарттары жасалды, жеке істер мен еңбек кітапшалары ресімделді. Ай сайын Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқармасының «Алматы қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-де жұмыссыз адамдар бойынша мәліметтер мен табельдер ұсынылды.
Кадр мәселелері бойынша ай сайынғы, тоқсан сайынғы, жыл сайынғы есептер белгіленген мерзімде ұсынылған.
Күн сайын АИС ЕУОЛ, ЕСЭДО, ОДО, Е-өтініш, ИПГО, бағдарламаларында жұмыс жүргізіледі, 2023 жылдың 1-ші жартыжылдығы бойынша мемлекеттік қызметшілерге қатысты ақпарат «Е» қызмет жүйесіне толығымен енгізілген.
Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап қалалық деңгейден аудан әкімдігі қосымша 15 функция беріліп, Алмалы ауданы әкімі аппаратының штат саны 19 бірлікке ұлғайтылды. Осыған байланысты аудан әкімінің 2023 жылғы 17 наурыздағы «Алмалы ауданы әкімі аппаратының бөлімдері туралы ережелерді бекіту туралы» №35/К өкімімен, аудан әкімінің 2023 жылғы 17 нарыздағы «Алмалы ауданы әкімі аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің бөлімдері және лауазымдық нұсқаулықтары туралы Ережелерді бекіту туралы» «Аудан әкімі, әкім орынбасарлары және Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппаратының басшысы арасында міндеттерді бөлуді бекіту туралы» №36/к өкімімен бекітілді.
2023 жылғы 25 мамырда аудан әкімімен Алмалы ауданы әкімі аппараты қызметкерлерінің 2023 жылға арналған еңбек демалыстарының кестесін бекітті.
Талдау нәтижелері бойынша аппарат қызметкерлеріне тараптардың келісімінсіз демалыс кестесінен тыс демалыс берілетіні анықталды.
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 93-бабының 1-тармағына сәйкес қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстарын беру кезектілігі қызметкерлердің пікірін ескере отырып, жұмыс беруші бекітетін демалыс кестесіне сәйкес жыл сайын айқындалады не тараптардың келісімі бойынша демалыс кестесінен тыс белгіленеді.
Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту практикасының жай-күйіне талдау жүргізілді.
2023 жылдың қаңтар –мамыр айы аралығында Алмалы ауданы әкімі аппаратында 7 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды, 1 мемлекеттік қызметші қайта тәртіптік жауапкершілікке тартылған (2022 жылы 3 мемлекеттік қызметкер)
Қызметтік тексеру жүргізбей тәртіптік жауапкершілікке тартылған қызметшілердің саны 7, оның ішінде тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар қатарында 2 басшылық лауазымдағы қызметшілер.
Алматы қаласы Бірыңғай тәртіптік комиссияның отырысында 1 қызметшіге қатысты қызметтік тергеп-тексеру материалдары қаралды, нәтижесі бойынша қызметшіге жаза қолданудың орынсыздығы туралы ұсыныс берілді.
Талдау көрсеткендей, көп жағдайда мемлекеттік қызметшілер қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
Мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтар жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған жағдай орын алмады.
Тәртіптік жаза қолдану кезінде, сондай-ақ қызметтік тергеу жүргізу кезінде Президенттің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларының талаптары сақталады.
Сондай-ақ, талдау барысында тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып тастау бойынша жұмыс тәжірибесі зерделенді.
Тәртіптік жазаларды мерзімінен бұрын алып тастау саны 3 (1), демек тәртіптік жазаға тартылғандардың 37,5% немесе әрбір 3-ші мемлекеттік қызметшінің тәртіптік жазасы алынған. Соның ішінде, мерзімдері бойынша:
-2 айдан кем – 2;
-3 айдан кем – 1.
Заңнамада жазаны мерзімінен бұрын алып тастау мерзіміне шектеулердің болмауына қарамастан, жалпы, мемлекеттік орган жұмысының тиімділігін арттыру үшін қызметкерлерде «стандартты қабылдау» (дағдылану) түсінігін қалыптастырмай, оның тәрбиелік әсерін ұмытпау керек.
Уәкілетті тұлғалар тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып тастау туралы мәселені қарау кезінде көтермелеу шарасы ретінде тәртіптік жаза тағайындалған қызметкер үшін тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып тастауды қарауды назарға алған жөн.
Ұсыным: құқықтық жаппай оқытуды жүргізу шеңберінде аудан әкімі аппаратының қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы «Әкімшілік рәсімдік-процестік» Кодексінің талаптары мен нормаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы» заңның мүлтіксіз сақталуын үнемі түсіндіріп отыру қажет.
VI. Қорытынды бөлім.
Қабылданып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жақсарту жөніндегі ұсыныстар:
1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында жұмыс тобы Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарын сақтай отырып, аппарат қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бойынша жұмысты жалғастыруы қажет.
2. Ішкі талдау объектісіне талдау анықтамасына қол қойылған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу.
3. Жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінеішкі талдау нәтижелері бойынша анықтамаға қол қойылған күннен бастап 6 ай ішіндеұсынымдардың орындалуына мониторинг пен бағалауды жүзеге асырады.
4. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері Аудан әкімі аппаратының интернет-сайтына орналастырылсын.
Жұмыс тобының төрайымы: К. Әбілқақова
Жұмыс тобының мүшелері: Р. Идрисов, Ә. Төлеген,А. Бекжанова(еңбек демалысында,Р. Ерхобаев, Н. Бөжеев,Г. Ұзакова,В. Остапенко,Б. Манапова, Р. Айтанов, Д. Кұсбеков,М. Қалимолдин, Е. Әлбисенов, Р. Мамнанбаева
Жұмыс тобының хатшысы: М. Қайназарова