Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулер өткізуі туралы» Жарлығына сәйкес, Алмалы ауданының әкімі 2023 жылғы 26 қаңтарда сағат 11.00-де аудан тұрғындарымен «№67 жалпы білім беретін мектеп» КММ-де (Розыбакиев көшесі, 31в) кездесу өткізді.
Кездесуге қоғамдық кеңес мүшелері, аудандық қызмет басшылары, ардагерлер, және аудан тұрғындары қатысты.
Кездесуге қатысқан тұрғындардың жалпы саны 72 адам, барлығы 26 мәселе көтерілді.
Халықпен кездесу қорытындысы бойынша хаттама жасалып, халықпен кездесу барысында көтерілген проблемалық мәселелерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.
Кездесу барысында сын-ескертпелер болған жоқ.