Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 01 «Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы Алмалы ауданының әкімінің 2022 жылғы 28 желтоқсандағы №03 шешімі

ШЕШТІМ:
1. Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің «Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 01 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1538 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді оның ресми жариялағаннан кейін Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкім і Е. Сейтенов

«КЕЛІСІЛДІ»
Алматы қаласы аумақтық сайлау
комиссиясының төрайымы А. Калыкова

Дата публикации
29 декабря 2022