Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулер өткізуі туралы» Жарлығына сәйкес, Алмалы ауданының әкімі 2022 жылғы 10 қарашада сағат 11.00-де аудан тұрғындарымен «№147 Гимназия» КММ-да (Абылай хан даңғылы, 20) кездесу өткізді.
Кездесуге қалалық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, аудандық қызмет басшылары, ардагерлер, және аудан тұрғындары қатысты.
Кездесуге қатысқан тұрғындардың жалпы саны 30 адам, барлығы 12 мәселе көтерілді.
Халықпен кездесу қорытындысы бойынша хаттама жасалып, халықпен кездесу барысында көтерілген проблемалық мәселелерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.
Кездесу барысында сын-ескертпелер болған жоқ.
Кездесуден кейін аудан әкімі аудандық қызмет басшыларымен бірге жеке қабылдау өткізді. Барлық сұрақтар бойынша түсіндіріліп, жауап берілді.