28 қыркүйек 2022 жыл Алматы қ.
«Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» КММ-нің қызметі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілген мекеменің атауы: «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» КММ.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің негізі:Алмалы ауданы әкімінің 2022 жылғы 7маусымдағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» №94 өкімі.
Аппарат қызметінің талданатын кезеңі: 2022 жылдың ІІІ-тоқсаны.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыс тобының құрамымен жүргізілді:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша 2 тәуекел анықталды және 1 ұсыным берілді.
Жұмыс тобының төрағасы:
Әбілқақова Күлия Кәбілмәлікқызы – аппарат басшысы.
Жұмыс тобының мүшелері:
Нұрашев Сапар Сейлханұлы– әкімнің орынбасары;
Бекжанова Айнұр Серікқызы – әкімнің орынбасары;
Ерхобаев Ринат Рашитұлы –ұйымдастыру жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы;
Бөжеев Нұрлан Қайсарұлы – мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы;
Ұзақова Гүлмира Төкенқызы – қаржы-шаруашылық бөлімінің басшысы;
Остапенко Виктория Викторовна – азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы;
Төлеген Әкімхан Әзімханұлы – көріктендіру бөлімінің басшысы;
Манапова Бану Бақдәулетқызы – әлеуметтік сала бөлімінің басшысы;
Айтанов Руслан Айтқалиұлы – коммуналдық-шаруашылық бөлімінің басшысы;
Құсбеков Дияс Мұхтарұлы – мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы;
Қалимолдин Марат Мәутенұлы – «Алмалы Адалдық алаңы» жобасы бойынша Алмалы ауданы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі;
Әлбисенов Ерлан Ибрагимұлы – «AMANAT»партиясы Алмалы аудандық филиалыныңатқарушы хатшысы;
Мананбаева Раушан Темірбекқызы – Алмалы ауданы әкімінің мүгедектер ісі жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі, Алмалы ауданы мүгедектер қоғамының төрағасы;
Жұмыс тобының хатшысы:
Қайназарова Мөлдір Абдашимқызы – ұйымдастыру жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы.
ІІ. Сипаттама бөлігі
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
1) персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Аппарат өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Алматы қаласы әкімдігінің қаулыларына, Алматы қаласы әкімінің шешімдері мен өкімдеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ аппараттың ішкі нормативтік құжаттарына (құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерге және т.б.) сәйкес жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызметшілерінің штаттық саны-36, нақты саны - 35.
2022 жылы Алмалы ауданының әкімі кадр мәселелері бойынша - 297 өкім қабылдады, оның ішінде мемлекеттік қызметкерлерге қатысты – 117, мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлерге қатысты – 180.
Есептік кезеңде бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға Е-1 санаты бойынша – 2 бос орынға, Е-4 санаты бойынша - 5 бос орынға конкурс жарияланып, конкурстық комиссия шешімі бойынша - 6 кандидат жұмысқа алынды.
Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау кезінде аффилирлену фактілері, сондай-ақ олардың жақын туыстары атқаратын лауазымдарға тікелей бағынысты адамдардың мемлекеттік лауазымдарға орналасу фактілері орын алған жоқ.
Кадрлық тағайындау ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы тексеру жүргізгеннен кейін ҚР заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш қабылданған қызметкерге жұмысында сабақтастықты қамтамасыз ету және кәсіби дайындығында көмек көрсету мақсатында мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш қабылданған 4 қызметшіге 3 тәлімгер 3 ай мерзімге тәлімгер ретінде бекітілген.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына және Қазақстан Республикасыны Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану қағидаларына» сәйкес, ағымдағы жылы – 6 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Азаматтардың өтініші бойынша теріс тәртіптік қылық жасау фактісімен - 2 мемлекеттік қызметшіге қатысты қызметтік тексеру жүргізіліп, бірыңғай тәртіптік комиссиясында қаралып, мемлекеттік қызметшінің теріс тәртіптіқ қылық жасау фактісі анықталмады.
Сонымен қатар, аз. В. Павленконың 2022 жылдың 19 наурызындағы көріктендіру бөлімінің бас маман А. Мәкейдің іс-әрекетіне қатысты шағымына сәйкес, қызметтік тексеру 2022 жылдың 5 сәуірінде, яғни 8 жұмыс күні өткеннен кейін тағайындалған.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану қағидасынының 45 тармағына сәйкес, жасалған теріс қылық туралы мәлімет келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті адамның актісімен қызметтік тексеру тағайындалады.
Талдау барысында азаматтардың өтініші бойынша теріс тәртіптік қылық жасау фактісі бойынша аппарат қызметкерлеріне қызметтік тексеру бес жұмыс күні ішінде тағайындалмағандығы анықталды.
Аппарат қызметкерлерімен акциялар, пайлар, жеке кәсіпкерлікпен айналысу фактілер болған жоқ.
Аппаратта коммерциялық ұйымдардың құрылтайшылары болып табылатын, сондай-ақ осы ұйымдардың басқару органдарының құрамына кіретін мемлекеттік қызметшілер жоқ.
Талданып отырған кезеңде мемлекеттік қызметшілермен сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтар жасау жәнә этикалық нормаларды бұзу фактілері болған жоқ.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйым салуларды бұзу фактілері анықталған жоқ.
Бекітілген кестеге сәйкес аудан әкімі аппаратының 2 қызметкері қайта даярлық және 6 қызметкері кәсіби біліктілігін арттыру курстарына жіберіліп, сертификат алды.
Мемлекеттік қызметшілердің тұрақты жұмыс орнынан тыс жерде кәсіби білім алуы мен тәжірибе жинақтауы мақсатында 5 қызметкер тағылымдамадан өтті.
4 мемлекеттік қызметкер отбасылық және денсаулығына байланысты өз еркімен, 2 қызметкер басқа мемлекеттік лауазымға орналасуына байланысты жұмыстан босатылды. Таза ауысушылық 0%-ды құрады.
Жағымсыз себептермен жұмыстан босатылғандар болған жоқ.
Қызметкерлерге сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу мәселелері ашық жүргізіледі.
Талдау жүргізу барысында 3 әкімшілік лауазымның 3 айдан астам мерзімде бос болу фактісі анықталды.
Лауазымның ұзақ мерзімді бос болуы сыбайлас жемқорлық тәуекелін тудырады.
Мемлекеттік қызмет туралы заңнамалар талабына сәйкес тәртіптік, қызметкерлердің еңбек өтілін белгілеу жұмысын ұйымдастыру қамтамасыз етілді.
Қызметкерлердің және жұмыстан босатылған қызметкерлердің жеке істері сәйкестендірілген, керекті жазбалар енгізілген, істер тізбесіне сәйкес мұрағат құжаттары ретке келтірілген.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңының 17-бабының 4-тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарының негізінде Алмалы ауданы әкімінің 2022 жылғы 09 наурыздағы №17/к өкімімен Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына біліктілік талаптары жинағы бекітілген.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 01 қыркүйектегі «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» №590 қаулысына сәйкес, Алмалы ауданы әкімі аппаратының штаттық кестесінің өзгеруіне байланысты Алмалы ауданы әкімінің 2022 жылғы 09 наурыздағы №16/к өкімімен Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппаратыкоммуналдық мемлекеттік мекемесі бөлімдерінің ережелері бекітілген.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы «Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын әзірлеу мен бекіту қағидаларын бекіту туралы» № 20 бұйрығына сәйкес, Алмалы ауданы әкімі аппаратының штаттық кестесінің өзгеруіне байланысты Алмалы ауданы әкімінің 2022 жылғы 09 наурыздағы №19/к өкімімен Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық нұсаулықтары бекітілді.
Талдау кезеңінде Алмалы ауданы әкімінің аппаратында бос лауазымдарға орналасу және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.
Ұсыным: Құқықтық жалпы оқытуды өткізу шеңберінде аудан әкімі аппаратының қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы», «Мемлекеттік қызмет туралы» заңнамасының мүлтіксіз сақталуын, әкімшілік лауазымға орналасуға арналған конкурсты өткізу және мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану қағидаларын түсіндіру бойынша семинар өткізу.
ІІІ. Қорытынды бөлім
Қабылданып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жақсарту жөніндегі ұсыныстар:
Жұмыс тобының төрайымы: К. Әбілқақова
Жұмыс тобының мүшелері: С. Нұрашев
А. Бекжанова
Р. Ерхобаев
Н. Бөжеев
Г. Ұзакова
В. Остапенко
А. Төлеген
Р. Айтанов
Б. Манапова
М. Қалимолдин
Е. Әлбисенов
Р. Мананбаева
Жұмыс тобының хатшысы: М. Қайназарова