Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулер өткізуі туралы» Жарлығына сәйкес Алмалы ауданының әкімі 2022 жылы 22 маусым сағат 11.00-де аудан тұрғындарымен І. Есенберлин атындағы №25 Гимназиясында (Қабанбай батыр көшесі, 128) кездесу өткізді.
Кездесуге Алматы қаласы мәслихатының депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, аудан прокуроры, аудандық қызмет басшылары, ардагерлер және аудан тұрғындары қатысты.
Кездесуге қатысқан тұрғындардың жалпы саны 78 адам, барлығы 44 мәселе көтерілді.
Халықпен кездесу қорытындысы бойынша хаттама жасалып, халықпен кездесу барысында көтерілген проблемалық мәселелерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.
Кездесу барысында сын-ескертпелер болған жоқ.
Кездесуден кейін аудан әкімі мәслихат депутаттарымен, прокурормен және аудандық қызмет басшыларымен бірге жеке қабылдау өткізді. Барлық сұрақтар бойынша түсіндіріліп, жауап берілді.