Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілінің 2022 жылдың 3 айы бойынша атқарған жұмысы туралы есебі

Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілінің 2022 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілген. 

         Әдеп жөніндегі уәкілге жүктелген негізгі функция Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары туралы Ережесінде көрсетілгендей, мемлекеттік қызметшілерге Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша кеңестік көмек көрсету болып табылады.

         Аталған Ереженің 9 тармағына сәйкес, Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшілерді және өзге де тұлғаларды қабылдауды жүзеге асырады.

         Есептік кезеңде 18 (2021 ж. - 40) мемлекеттік қызметші мен өзге де тұлғаларға, оның ішінде 11 мемлекеттік қызметкерге және 7 жеке тұлғаға  кеңес берілді. Қабылдауда болған азаматтар заң аясында тиісті жауаптарын алды.  

         Аппараттың мемлекеттік қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін тәртіптік,  қылмыстық және әкімшілік бұзушылықтардың алдын алу мақсатында еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтау мәселесі бойынша тұрақты түрде кеңестер беріліп, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын сақтау қажеттілігі және жол берілген бұзушылықтар үшін тәртіптік жауапкершілік шаралары қолданылатындығы туралы ескертілді.

         Мемлекеттік қызметшілердің жеке істерінде ант беру мәтіні, ҚР Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп нормаларымен танысу парақтары, шектеулер, жауапты лауазымды атқаратын адамдар алған сыйлықтарды мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға тапсыру бойынша жадынамалармен таныстырылды.

         Аппаратта қызметке тікелей бағынысты бос лауазымдарға орналасу кезінде жақын туыстары ата-аналар (ата-анасы), балалары, асырап алушылар, асырып алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-қарындас-сіңлілері, атасы, әжесі, немерелері, жекжаттар деп – жұбайының (зайыбының) аға-інілері, апа-қарындас-сіңлілері, ата-аналары мен балаларын қызметке алу фактілеріне талдама жүргізілді.

         Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес жүйелі түрде қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, сондай-ақ бөлім қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қолданудың тиімділігін арттыруға бағытталған жұмыстар жүргізілді.

         Мемлекеттік қызметкерлердің мінез-құлық стандарттары мен парасаттылық мәдениетін қалыптастыру, әдеп номаларын бұзбау, жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша  қызметшілердің әдептілік деңгейін көтеру мақсатында 1 (2021ж. - 4) жиналыс және 1 (2021ж. – 8) дәріс ұйымдастырылып, өткізілді. Сондай-ақ, аппарат қызметкерлеріне және бюджетті қалыптастыруға қатысатын қызметкерлерге олардың жауапкершілігі мен заң нормаларын түсіндіру мақсатында айына бір рет құқықтық оқулар өткізіледі.

         Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарында аппарат қызметшілерінің іс-әрекетіне қатысты жағымсыз жарияланымдар және жеке аккаунттарында фото, бейнематериалдар мен мемлекеттік қызметтің имиджіне нұқсан келтіретін пікірлерді орналастыруды анықтау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары мен танымал әлеуметтік желілерде тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі.

         Мониторинг барысында БАҚ-та теріс материалдар, мемлекеттік қызметтің имиджіне нұқсан келтіретін мемлекеттік қызметшілердің фото материалдары анықталған жоқ.

Мемлекеттік қызметшілермен мемлекеттік қызметтің имиджіне нұқсан келтіретін материалдарды орналастыруға жол бермеудің алдын алу бойынша шаралар қабылданып, жеке қабылдаулар өткізіледі.

         Ұжымдағы моральдық-психологиялық климаттың жай-күйіне және қызметтік әдеп нормаларын сақталуына бақылау (мониторинг) жүргізу мақсатында тұрақты негізде аппарат қызметкерлері арасында  анонимдік сауалнама жүргізіледі. Жыл басына бұндай сауалнамалар 1 (2021ж. - 2) рет өткізілді.

          Сауалнамаға барлық қызметкерлер қатысып, нәтижесінде аппараттағы жағдайдың қалыпты деңгейде екендігі анықталды.

Сондай-ақ, аудан әкімі аппаратының сайтына аппарат қызметкерлерінің Әдеп нормаларын сақтау және жұмыс тиімділігінің денгейін анықтау мақсатында онлайн сауалнама орналастырылған. Үнемі талдама жұмыстары жүргізіледі.

         Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнай есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің базасынан аппарат қызметкерлерін әкімшілік құқық бұзушылықтар бар-жоқтығы бойынша 1 (2021ж. – 2) рет талдама жүргізілді. Жүргізілген талдама бойынша жол жүру ережесін бұзған аппарат қызметкерлерімен алдағы уақытта бұндай құқық бұзушылықтар жол бермеу және салынған айыппұлдарды уақытылы төлеу бойынша түсіндіру шаралары жүргізілді.

Әдеп жөніндегі уәкілге жүктелген міндеттер бойынша тұрақты негізде уәкілетті органдармен, өзара іс-қимыл және қызметін үйлестіру мақсатында Алматы қаласы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілімен тығыз байланыста  кеңестер алып, жұмыс жүргізіледі.

Салауатты өмір салтын ұстану мақсатында аппарат қызметкерлеріне апта сайын жұма сәрсенбі күндері кешкі уақытта футбол, болейбол ойындары ұйымдастырылды.  

 

 

Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілінің 2022 жылдың 3 айы бойынша атқарған жұмысы туралы есебі
Дата публикации
15 апреля 2022