Алмалы ауданының аумағында 29 жалпы білім беретін мектеп, 20 колледж және А. Жұбанов атындағы музыка мектебі, К. Ахметов атындағы спортта дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты орналасқан.
2022 жылдың 3 айында Алмалы ауданы бойынша кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия - 6 отырыс өткізді, оның ішінде жоспар бойынша - 2, келіп түскен іс құжаттар бойынша – 4.
Комиссияның қарауына ішкі істер органдарынан - 4, білім беру мекемелерінен - 6 іс құжаттар келіп түсті. Қаралған іс құжаттардың жалпы саны – 10, оның ішінде комиссияның шешімі бойынша:
- 1 іс құжат ата-анала өздерінің кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу жөніндегі ата-ана міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тарту үшін сотқа жіберу туралы қаралды, сот шешімімен - 4 ата-анаға айыппұл салынды;
- 5 іс құжат Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Кодексінің, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңының және басқа да нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын түсіндіру мақсатында жеке профилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін ата-аналарға және кәмелетке толмағандарға қатысты. Аудандық ювеналды полиция бөлімімен 7 ата-анамен жеке профилактикалық жұмыстар жүргізілді;
- 1 ата-анаға қатысты ата-ана құқықтарынан айыру бойынша қаралды және Алмалы ауданының аудандық қорғаншылық және қамқоршылық органы Алматы қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына ата-ана құқықтарынан айыру туралы талап арыз жолдады;
- 2 өмірлік қиын жағдайда қалған кәмелетке толмаған балаға қатысты «Алматы қаласының өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталығына» орналастыру туралы іс қаралды;
- 1 іс құжат оқумен уақтылы қамтылмаған кәмелетке толмаған баланы мектепке бірінші сыныпқа орналастыру туралы іс қаралды.