2021 жылғы жұмыс қорытындысы

Денсаулық сақтау

Ауданның денсаулық сақтау жүйесінде барлығы 20 қызмет түрі көрсетіледі, оның ішінде 11 қалалық және республикалық медициналық ұйымдар. 

Сонымен қатар, ауданда 287 жеке меншік медициналық мекеме және 80 дәріхана жұмыс істейді.

БХТ деректері бойынша 428 306 адам 19 медициналық ұйымға (ПМСМ мемлекеттік тапсырысын орындайтын 6 мемлекеттік емхана және 13 жеке медициналық мекеме) тіркелген

Ауру деңгейінің динамикасы: жүрек –қан тамырлары аурулары – 10004 адам (2020 ж. – 14 230 адам), А гепатиті-0 адам (2020 ж. - 6 адам.), 6 ЖИТС (СПИД) жағдайы тіркелді (2020 ж. – 6 адам), ана өлімі жағдайы -6 (2020 ж. - 0), туберкулез-41 адам (2020 ж. – 38 адам), онкологиялық аурулармен 267 адам (2020 ж. - 329 адам).

 

2021 жылғы жұмыс қорытындысы
Дата публикации
04 апреля 2022