Білім беру
Ауданда жалпы орта білім беру жүйесінде 42 мекеме, оның ішінде 29 мемлекеттік және 13 жекеменшік мектеп.
2020-2021 оқу жылында оқушылардың жалпы контингенті – 36258 баланы құрады, оның ішінде: мемлекеттік мектептерде – 33169 бала, жеке мектептерде – 3089 бала оқиды.
Алмалы ауданының 152 оқушысы қалалық олимпиаданың, 8 оқушысы Республикалық олимпиаданың жүлдегерлері атанды. Олимпиада қорытындысы бойынша №№ 15, 95, 144, 90, 54, 24, 39 мектептер үздік мектептер деп танылды.
Оқушы орындарының тапшылығын төмендету мақсатында № 34 мектебіне жанама құрылыс салынуда.
Ағымдағы жылы № 144 мектебіне жанама құрылыс аяқталды, И.В. Панфилов атындағы № 54 мектеп ғимараты сейсмикалық нығайтумен қатар күрделі жөндеуден өтті, № 128 және № 95 мектептердегі спорт кешенінің құрылыс жұмыстарын жүргізу, сонымен қатар №34, 144, 90, 167 жалпы білім беретін мектептердің спорт алаңдарын жаңарту, № 15 мектеп ғимаратының сейсмикалық тұрақтылығын күшейту үшін ЖСҚ әзірленді.
Сондай-ақ, аудан аумағында жалпы контингенті 7200 бала болатын 27 мемлекеттік және 23 жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс істейді.
2021 жылға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында 12 ұйым жұмыс істейді.
Ағымдағы жылы № 16 балабақшаға күрделі жөндеу жүргізілді. Бүгінгі таңда № 7 бөбекжай-балабақша ғимаратына сейсмикалық күшейтумен күрделі жөндеу жүргізілуде.